Аңшылықтың дініміздегі орны

Сұрақ: Дінімізде аңшылықтың орны қандай?

Жауап: Аллаһу та'ала адамдар үшін әр түрлі жануарлар жаратқан. Бөдене, қоян, балық сияқты жануарлардың етін, сусар, борсық, түлкі сияқты аңдардың терісін,  киіктердің терісін медицина және парфюмерия саласында қолдану, бөкендердің жұпар иісін, су асты жәндіктерінің інжу-маржанын, пілдің тісін пайдалану үшін аулау, қасқыр, доңыз, жылан, тышқан сияқты аңдардың зиянынан құтылу үшін қинамай (мысалы отқа жақпай, суға батырмай) өлтіру жаиз болып табылады.

Яһудилік

Қасиетті кітаптар, тарихи деректер мен қазірге дейін жеткен еңбектер зерттелетін болса, бір Аллаһқа иман келтіруді бұйыратын дін болған исламның Адам пайғамбардың кезінен бері бар екендігі аңғарылады. Адам (алейһиссалам)пайғамбардан Ибрахим алейһиссаламға дейінгі уақыт ішінде көптеген пайғамбар келген. Аллаһу та’ала  оларға сухуфтар (кітапшалар) жіберген. Атақты жүз сухуфтың оны Ибрахим алейһиссаламға жіберілген. Тарихшылардың айтуынша, Ибрахим пайғамбар б.д.д. 2122 жыл бұрын Фырат (Евфрат) пен Дижле (Тигр) өзендері арасындағы бір елді мекенде туылып, 175 жыл өмір сүріп, Құдыс маңындағы Халилуррахман деген жерде дүние салған. Ибрахим алейһиссаламның өгей әкесі - Азар. Өз әкесі Тарух Ибрахим кішкентай кезде қайтыс болып кеткен. Азар пұт жасайтын шебер болған.

Шынымен де бұл маңызды ма?

Жұмыс орнындағы, көшедегі, үйдегі ұрыс-керістерді алып қарасақ көбінің негізгі себебі түкке тұрғысыз, болмашы нәрселер екенін көреміз. «Неге жүзімнің дәні бар, неге жаңғақтың қабығы бар...» деп әр болмашы нәрсеге тұтылып, барлық нәрседен кемшілік іздеп, ешнәрсені ұнатпау ара-қатынастың бұзылуына жол ашады.

Көп адам, жоғары қабілеттілігі, ой-өрісімен түсінігі кең болуына қарамастан маңызсыз, мәнсіз нәрселерге кідіріп өздерінің сәттілікке апаратын жолдарын өздері жабады. Маңызсыз нәрселерді аттап негізгі мақсатына өте алмайды. Әсіресе бұл жағдай бүгінгі басшыларда көп кездеседі. Бір жақта миллионның есебімен әуре болып жатқанда, басқа жағынан миллиардтар өтіп кеткенінен хабары да болмайды.

Ислам дінінде философия

Сұрақ: Кейбір адамдар имам Ғазалиға "Ислам философы" дейді. Ғалымға философ деуге болады ма?

Жауап: Имам Ғазали хазреттері өзінің заманындағы фиқһ ғалымдарының ең үстемі еді. Шафии фиқһ кітаптарының бәрі оның кітаптарынан дәлелдер беруде.

Осы ұлы Ислам ғалымына және ол сияқтыларға «Ислам философы», ал жазған еңбектеріне және барлық «илми кәлам», яғни «ақаид» (сенім) кітаптарына «Ислам философиясы» дейтіндер бар. Алайда, Ислам дінінде философия жоқ. Ислам ғалымдары философ емес. Философия деп – дін, рух және социал ілімдерге қызыққандардың осы ілімдерден өздерінің қысқа ақылдары және заманауи ғылым жаңалықтары бойынша түсінгендеріне, яғни қате ой-пікірлеріне айтылады.

Кiтаптарға сену

Үшiншi шарт

Кiтаптарына сену 

Уә Кутубиһи: Аллаһу та’аланың түсiрген кiтаптарына сендiм деу. Аллаһу та’ала бұл кiтаптарды кейбiр Пайғамбарға Жәбрәйіл атты перiште арқылы уахи етiп, яғни оқытып жiберiп отырған. Ал кейбiреулерiне “Лауха” үстіне жазулы күйiнде, кейбiреулерiне перiштесiз естiртiп түсiрдi. Барлығы Аллаһу та’аланың сөзi. Әзәли және әбәди болған бұл сөздер махлұқ емес, яғни жаратылмаған, ойдан шығарылмаған. Осы самауи кiтаптардан бiзге бiлдiрiлгенi жүз төрт дана. Олардан 10 суһуф Адам алейһиссаламға, 50 суһуф Шит алейһиссаламға, 30 суһуф Идрис алейһиссаламға, 10 суһуфИбраһим алейһиссаламға, Таурат Мұса алейһиссаламға Зәбур Дәуiд алейһиссаламға, Iнжiл Иса алейһиссаламға, Құран Кәрiм Мұхаммед алейһиссаламға түскен.

Жәннатқа кімдер кіреді?

Сұрақ: Жалпылама айтқанда, кімдер жәннаттық, кімдер тозақтық болады?

Жауап: Аллаһу та’алаға сенген, Оның әмірлері мен тыйымдарына мойынсұнған, барлығын қабылдаған адам, яғни мұсылман болып жан тапсырған адам жәннатқа кіреді. Ал мұның терісі болған адам тозаққа кіреді. Жалпы айтқанда, жақсы мінезділер жәннатқа, жаман мінезділер тозаққа кіреді. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

Ақиқа малы

Сұрақ: Ақиқа малы деген не?

Жауап: Ақиқа – перзент ниғметі үшін Аллаһу та’алаға шүкір ету мақсатымен мал сою деген сөз. Ақиқа малы құрбандық малы секілді болу керек.

Ақиқаны перзент көрумен сою шарт емес. Кейіннен де союға болады. Кезкелген уақытта союға болады. Құрбан айтта да союға болады. Расулуллаһ алейһиссаламның пайғамбарлығы білдірілгеннен кейін өзі үшін ақиқа сойғандығы «Шира»-да жазылған.