Хатым сауабы

Сұрақ: Фиқһ кітаптарына қарсы шығып, мешіт қабырғаларын ластап жүрген атақты біреу «Дінде Құранды хатым ету дегендей амал жоқ. Хатым – бітіру деген сөз. Бітіру деген ғибадат болмайды. Құранды оқы, қай бетінен оқығың келсе, сол бетінен бастап оқи бер» дейді. Сонда Құранды хатым ету ғибадат емес пе?

Жауап: Хатым – сөздікте бітіру, аяқтау деген мағынаны берсе де, фиқһтағы мағынасы бір кісінің Құран кәрімді бастан аяқ оқып шығуы деген сөз. Хатымның маңызы жайында көптеген хадис шәриф бар. Бірнешесі төменде:

Жолдағы кедергі

Баяғы заманда бір патша сарайға кіретін жолдың үстіне үлкен тас қойдырып, өзі терезеден бақылап отырыпты. “Көрейік не болады екен?...”

Елінің ең бай саудагерлері, ең күшті керуеншілері, сарай қызметшілері жолда келе жатып тасты айналып өтіп ешнәрсе істемей кіріп кетеді. Кейбіреулері тасты көріп дауыстап тұрып патшаны сөге бастайды. “Халықтан қаншама салық жинайды бірақ жолдарын таза ұстай алмайды...” т.б.  

Елжірететін сұлулық

Сүйікті пайғамбарымыз «Пайғамбарды еске алу ғибадат. Салихтарды еске алу күнәларға каффарат (өтеу). Өлімді ойлау садақа. Қабірді ойлау жәннатқа жақындатады» деген. Үлкен әулиелердің есімдері аталған жерге рухтары келеді және бұл жерге рахмет (мейірімділік) жауады. «Салихтар еске алынған жерге рахмет жауады» хадис шәрифі осыны көрсетеді. Бұл үмметтің әулиелерінің рухы келетін болса, Расулуллаһ алейһиссаламның есімі аталғанда рухы әлбетте келеді. Намазда «Әссәләму алейка йа әййуһәннәбийу» деп Расулуллаһқа сәлем береміз. Сол сәтте Расулуллаһ келеді, «Маған сәлем берген кім?» деп қарайды, сол кісіні көреді және ендігәрі оны ұмытпайды.

Кинотеатрға бару

Сұрақ: Кинотеатрға бару күнә ма?

Жауап: Радио, кинотеатр, теледидар барлығы ақпарат тарататын құралдарға жатады. Кітап, газет, журналдар сияқты. Бұлар тапаншадай бір құрал, бір аспап. Тапаншаны жазықсыз, күнәсыз, зиянсыз адамға қарсы қолдану күнә болады. Ал соғыста, дұшпанға қарсы қолдану үлкен сауап. Көрініп тұрғанындай, тапанша ұстағанның бәрі күнәхар немесе әрдайым сауап істеген адам болып қалмайды.

Хадис шәрифтердің саны

Сұрақ: Кейбір жаман ниетті адамдар «Пайғамбар 23 жылда осыншама хадис айта алмайды» деп, хадис шәрифтердің ойдан шығарылуы мүмкін екендігін айтып жатады. 23 жылда орталама қанша хадис шәриф айтуға болады?

Жауап: 23 жыл шамамен 198 мың сағатты құрайды. Бұдан ұйқыға күніне 8 сағатты ажыратайық. Қалғаны шамамен 134 мың сағат болады. Орташа есеппен әр сағатта (60 минутта) бір хадис шәриф айтса, 134 мың хадис шәриф болады. 

Тадили әрканға мән беру

Сұрақ: Тадили әркан деген не? Тадили әрканға мән бермесе не болады?

Жауап: Тадили әркан – намазда бес жерде, яғни руку, екі сәжде, қаумә және жәлсәда барлық мүшелердің бір мезет әрекетсіз, қимылсыз болып тұруы деген сөз. Ең аз мөлшері бір рет «Субханаллаһ» деп айтатындай уақыт қимылсыз тұру. Мәселен рукуға иіле салып дереу тұрып кетуге болмайды, рукудан тұрғанда да бір мезет күту, белін тік ұстау керек. Екі сәжде арасында «субханаллаһ» деп айтатындай уақыт қимылсыз отыру керек. 

Намаз – діннің тірегі

Сұрақ: Намаздың дініміздегі орны қандай?

Жауап: Намаз – өте маңызды, өте құнды ғибадат. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Намаздың діндегі орны – бастың денедегі орны секілді.»(Табарани)

«Қияметте құлдан ең бірінші сұралатын ғибадат – намаз. Намазы дұрыс болса, қалған амалдары да қабыл болады. Намазы дұрыс болмаса, ешбір амалы қабыл болмайды.» (Табарани)