Не толық істеу, не мүлдем істемеу пікірі

Сұрақ: Мен намаз оқитын, ораза ұстайтын және харамдардан сақтануға тырысатын әйелмін. Бірақ оранбағанмын. Екі топ адамдар маған тиіседі. Бір бөлігі былай дейді: Басың ашық болғандықтан ешбір ғибадатың өтпейді, босқа әуре болма, бекерге ғибадат жасама. Ислам діні бір бүтін, оны толығымен ұстану керек.

Бір бөлігіне де ғайбат айтпаңдар, арақ-шарап ішпеңдер, өтірік айтпаңдар деген сияқты сөздер айтқан кезімде, сен де басыңды ашып жүрсің ғой, дейді. Бұлардың мені осылай сынағандары дұрыс па?

Жауап: Әрине дұрыс емес. Өкінішке орай күнімізде «Не толық істе, не мүлдем істеме» дегендей көзқарас бар. Мәселен «Намаз оқымасаң ораза тұтпа», «Намаз оқымасаң күнә істей бер» дегендей пікірлер белең алған. Дінімізде иман «Не бар болады, не жоқ болады». Яғни иманның азы, көбі болмайды. Иман не бар болады, не жоқ болады.

Билет ақшасы

Анам және әкеммен циркке билет алу үшін кезекте тұрған едік. Сәлден соң кезегіміз жылжып билет кассасымен арамызда бір ғана жанұя қалған еді. Бұлардың 12 жасқа жетпеген 8 балалары бар еді. Баршылық ішінде өмір сүрмейтіні жағдайларынан белгілі еді. Үстеріндегі киімдері бағалы еместі, бірақ тап-таза еді. Балалар әкесінің артынан екі-екіден қол ұстасып, тәрбиелі түрде қатармен тұрды. Жүздерінен қуаныш, қобалжу сезімдері білініп тұрды. Пілдерді көретінін, қызықты, ерекше нәрселер болатынын бір-біріне айтып жатты. Бұрын соңды циркке бармағандары сөздерінен білініп тұр. Аналарымен әкесі мақтанышпен қол ұстасып ең алда тұрды. Кассир әкеге қанша билет керектігін сұрады. Әке: «Екі ересек билеті және сегіз балалар билетін беріңіз» деді.

Жұма күні бесін намазы (Зухри ахир)

Сұрақ: Асығыс кезде жұма намазының парызын оқып бірден шығып кетсек бола ма?

Жауап: Жұма намазының біршама ада және ужуб шарттары бар. Бұлардың бірі немесе бірнешеуі орындалмауы мүмкін. Сондықтан жұма намазы сахих болмайды. Ол үшін, «Уақытында орындай алмаған соңғы бесін намазын оқуға» деп ниет етіп Зухри ахир деп аталатын төрт рәкаттық намаз оқылуы керек. (Ибн Хумам және Ибн Абидин)

Балаларға ойыншық, қуыршақ сатып алу

Сұрақ: Балаларға ойыншық қуыршақ, ойыншық аю сатып алуға бола ма?

Жауап: Иә, болады.

Сұрақ: Ойыншық қуыршақ бар бөлмеге рахмет періштелері кіре ме? Ол бөлмеде намаз оқу мәкрух бола ма?

Жауап: Қыбла тарапында болмаса, мәкрух болмайды. Рахмет періштелері кіреді.

Жүзік тағу

Сұрақ: Жүзік тағу тұрғысында дініміздің үкімі қандай?

Жауап: Еркектердің алтын жүзік тағуы төрт мазһабта да жаиз емес. Алтын мен күмісті әшекей ретінде тағу тек әйелдерге ғана халал. Бірақ бұларды махрем (жақын туыс) болмаған еркектерге көрсетуі харам болып табылады.

Алтын мен күмісті әшекей ретінде тағу еркектерге харам. Тас, қола, жез, платина, мыс және басқа да заттардан әшекей ретінде жүзік тағу әйелдерге де харам. Алтын жалатылған күміс жүзік және күміспен қапталған алтын жүзік тағу жаиз. Жүзік тақпау жақсырақ. Айт күндері жүзік тағу мүстаһаб. Елге көрсету үшін, мақтану ниетімен тағу харам болып табылады. (Рәддул мухтар)

Әйелдерді ұру

Сұрақ: Неліктен Аллаһ Құранда «Әйелдерді ұрыңдар» дейді?

Жауап: Бір құмырсқа, тіпті бір бидай дәнін жарата алмайтын адам баласы әлемді жаратқан ұлы Раббымыздың әмірін қай хақысымен сұраққа тарта алады? Аяттың бір бөлігін ғана емес, толығын алу керек. Бұл аяти кариманың мағынасы мынадай:

Кісіге артынан дұға ету өте құнды

Сұрақ: Досымның хабары болмастан, оның артынан еткен дұғамның қабыл болатындығы рас па?

Жауап: Иә, бір мүминнің басқа дін бауырына, оған білдірмей, яғни артынан жасаған тілек-дұғасын Аллаһу та’ала қабыл етеді. Бұған ғиябта (өзіне білдірмей, оның хабарынсыз) дұға ету делінеді. Бетпе-бет етілген дұғаға рия (көз бояушылық) араласуы мүмкін, бірақ артынан етілгенде тек Аллаһ разылығы үшін дұға етілген болады. Аллаһ разылығы үшін жасалған тілек-дұғаларды Аллаһу та’ала қабыл етеді. Дін бауырына оның хабарынсыз дұға еткен кезде Аллаһу та’ала бауырымыз үшін сұраған нәрсені алдымен бізге береді. Хадис шәрифтерде былай делінген: