Кібір (тәкаппарлық)

Сұрақ: Кібір дегеніміз не?

Жауап: Тәкәппарк деп өзін басқалардан жоғары санауды, үстем көруді айтады. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Кібір – Хақ та’алаға разы болмау және адамдарды менсінбеу деген сөз.» (Мүслим)

Хазреті Фудаил бин Йяд “Қарапайымдылық – наданнан естісе де, кішкентай баладан естісе де хақты (шындықты) еш кідірместен қабыл ету, мойындау деген сөз” деген. Ал қабыл етпеу, мойындамау тәкаппарлық деген сөз. Тәкаппар адам өзін басқадан үстем көру арқылы рахаттанады. Өзін және ғибадаттарын ұнатады.

Жаспын, әдемімін, бірақ...

Туыстарымызбен бірге қайтыс болған нағашы әпкемнің жүзін соңғы рет көру үшін мазарға барған кезімізде имам бұл тілегімізді қабылдамады. Табытты ашты, бірақ кебіннің басындағы бауларды ғана шешті. Мәйіт қабірге түсірілгеннен кейін қатар-қатар тақтайлар қойыла бастады. Енді оның дүниемен байланысы қалған жоқ. Тек істеген істерімен бірге қалды. Әрбір тақтайды қойып жатқанда менің дүниеге деген сүйіспеншілігім жойылып жатқан еді. Топырақ тасталып жатқанда бұл дүниенің жалған екенін түсіндім. Мазардың беті топырақпен үйілген кезде ол әйелдің өмір сүріп-сүрмегендігі белгісіз болып қалған еді.

Біраздан кейін біз ол жерден кеттік. Ол жалғыздан-жалғыз қалды. Міне, сол кезде өз жағдайыма қарап, іштей қынжыла бастадым.

Бала асырап алу

Сұрақ: Мен дүниеге перзент әкелмеген әйелмін. Бала асырап алғым келеді. Қалай істесем болады?

Жауап: Асырап алынған бала өскен кезде ұл бала болса сізге, қыз бала болса күйеуіңізге бөтен болады. Ал бөтен адаммен бірге қалу жаиз емес. Осы тұрғыдан бала асырап алатын кезде бауырларыңыздан бірінің баласын немесе күйеуіңіздің бауырларынан бірінің қызын алатын болсаңыз, ешқандай мәселе қалмайды.

Немесе асырап алынған ұл сәби әпке-сіңіллеріңіздің бірін немесе бауырларыңыздан бірінің әйелін еметін болса, сіздің жиеніңіз болатындықтан, сізге бөтен болмайды.

Құран Кәрімге қатысты мәліметтер

Құран Кәрім бұрыннан бар. Бұған “қадим” делінеді. Кейіннен жаратылған емес. Мұны тура жолдағы Әһли сүннет ғұламалары сөзбірлігімен айтқан. Кәлами нафси – Аллаһтың сөзі, яғни Аллаһу Та’аланың Кәлам сипаты дегенді білдіреді. Кәлами лафзи де Аллаһтың сөзі, бірақ бұл Аллаһтың сипатынан емес, жаратуынан пайда болған деген мағынаны білдіреді.

Орануға қатысты сұрақ жауаптар

Сұрақ: Хиджаб кигеннен кейінгі әйел баласының жасауына болмайтын нәрселері жайында толығырақ жазып жіберсеңіздер?

Жауап: Мұсылман әйелге хиджаб кисе де кимесе де жасауға болмайтын нәрселері бірдей. Хиджаб киген әйелге харам болатын нәрселер хиджаб кимеген әйелдерге де харам болады. Бірақ сонда да хиджаб кигеннен кейін әйелдің бүкіл жүріс-тұрысына, қимылдарына бұрынғыға қарағанда өте мұқият болуы талап етіледі. Себебі хиджаб киген әйелдің істейтін әрбір қопал қылығы және айтатын әрбір сөзі «мұсылмандардың барлығы осындай екен» деген оймен қарсы алынады. Сол себепті хиджаб киген бір қыздың жұмыс орындарында, қоғамдық жерлерде басқа кісілермен келіспеушіліктерге, жанжалдарға араласуы бүкіл хиджаб кигендердің барлығының атына кір келтіреді. Сондықтан хиджапты әйел әркезде артықша әрекеттерден, сөздерден тиылып, халық арасында мұсылман әйел деген атқа лайықты, үлгі боларлықтай өмір сүруі керек.

Руку мен сәждеге қатысты сұрақтар

Сұрақ: Аллаһтан басқаға сәжде ету күпір емес пе? Күпір болса, неліктен Аллаһ періштелерге хазреті Адамға сәжде етуді әмір етті? Неліктен мұсылмандар Қағбаға сәжде етеді?

Жауап: Ғибадат ету ниетімен Аллаһтан басқаға сәжде ету әрине күпір болады. Тек құрмет көрсету үшін орындалса күпір емес, харам болады. Өйткені Адам алейһиссаламнан Ибрахим алейһиссаламға дейін сәлемдесу, бір-біріне сәжде ету арқылы орындалатын еді. Кейіннен бұның орнына құшақтап амандасу әдет болды. Мұхаммед алейһиссаламның заманында қолмен мүсафаха ету (қол алысу) сүннет болды.

Әр жамандықтың бір ғана шарасы

Сұрақ: Бір досым намаз оқитын болса да ішкілік және басқа да жамандықтарын тастай алмай жүр. Бұл қалай болады екен?

Жауап: Дұрыс оқылған намаз әртүрлі жамандықтан сақтайды.(Анкебут 45)

Жамандықтан сақтай алмаған намаз дұрыс оқылып жатқан жоқ деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір адамның намазы оны әртүрлі жамандықтардан сақтамайтын болса, оның Аллаһтан ұзақ болуы артады.» (Табарани)