Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уасаллам” «Адамның денесінде бір ет бөлшегі бар. Ол жақсы болса, бүкіл мүшелер жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл мүшелер бұзық болады. Ол – көңіл.» деп бұйырған. Яғни біздің жүрек деп атайтын бір бөлшек етте болатын қуатқа ишарат етілген. Көңілдің жақсы болуы – жаман мінезден тазарып, жақсы мінезбен безенуі дегенді білдіреді.
Мінезді өзгертуге болады. Жаман мінездерден арылып, жақсы мінездермен безену арқылы өз-өзін тәбиелеу мүмкін нәрсе. Хадис шәрифте «Мінездеріңді жақсартыңдар!» делінген. Ислам мүмкін болмаған нәрселерді әмір етпейді.
Әлемдегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келген рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Әр үммет үшін өз пайғамбарының туылған күні мереке болып есептеледі. Бүгін де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады. Мәуліт - туылған сәт дегенді білдіреді.
Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, алпарысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында алпарысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.
Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен - үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше - неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп сұрады атасынан.
Нәпіс (нәфс) – адаммен жында жамандықтың көзі ретінде жаратылған. Адамдар арасында жамандықтың негізі ретінде жаратылған нәпіс үшін: «Аллаһу та’ала нәпісті жаратпағанда адамдар оның алдауынан құтылар еді. Ешкім жамандық жасай алмас еді, бәрі жаннатқа барар еді» деп айтылып жатады.
Бұл жайлы ислам ғалымдарының ұлыларынан хазреті Имам Раббани былай деген: «Бұл дүниедегі барлық нәрседе Аллаһу та’аланың әрі рахмет сипаты, әрі қаһар (ашу) сипаты көрінуде. Су адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің өмір сүруі, тазалығы, тамағы және дәрі-дәрмегі үшін керек болғаны секілді теңізде мыңдаған адам тұншығып өлуде, су тасқындарының салдарынан қаншама үйлер қирауда. Суық су ішкен адам ауруға шалдығуда.
Сұрақ: Құрбан айттың үшінші күні кедей болатынын білетін бай құрбандық шалса, үшінші күні кедей болса, уәжіп сауабын алады ма?
Жауап: Иә, бай кезінде шалғандықтан уәжіп сауабын алады. Бірінші күні құрбандығын шалып, сапарға шықса да уәжіп сауабын алады. Өйткені құрбандық шалған кезінде әрі бай, әрі мұқим (жергілікті) еді.
Сұрақ: Біз Еуропада тұрамыз. Шошқа майынан жасалған сабындарды және шараптан жасалған сірке суын қолдану жаиз ба?
Жауап: Кәпір мұсылман болған кезде тап-таза болады, тіпті күнәлары сауапқа айналады, дәл осылай шарап та толығымен сірке суына айналған кезде, бір тамшысы харам бола тұра, тап-таза сірке суы болады. Сапалы жүзімнен жасалған шараптан пайда болған сірке суы да сапалы болады. Әл фиқһу аләл мәзаһиб-ил әрбәа кітабында білдірілген хадис шәрифте: «Ең жақсы сірке суы – шараптан жасалғаны» делінеді.(Бәйһақи)
Сұрақ: Дүниеден өткен, қайтыс болған ата-ананың ақысы қалай өтеледі?
Жауап: Төмендегілерді орындауға тырысу керек:
Намаздардан кейін дұға етіп, сауаптарын ата-ананың рухына бағыштау керек. Хадис шәрифте былай делінген:
«Ата-анасына қарсы келген адам, олар қайтыс болғаннан кейін, оларға дұға етсін, Аллаһу та'ала оны ата-анасына мойынсұнғандар қатарынан жазады.» (Ибни Әбиддуниа)