Сұрақ: Түнде оқылатын тәһәжжүд намазының сауабы өте көп деп естідім. Бұл намаз қай кезде оқылады? Мойнында қаза намаздары бар адам да оқи ала ма?
Жауап: Тәһәжжүд намазы – түннің үштен екі бөлігі өткеннен кейін және таң намазы кіргенге дейінгі аралықта оқылатын нәпіл намаз. Тәһәжжүд – ұйқыны тәрк ету (бұзу) дегенді білдіреді. Түнде оқылатын нәпіл намазы күндіз оқылатын нәпіл намаздарға қарағанда құнды саналады. Өйткені түнде ұйқыны бұзып, тұру нәпсіге ауыр тиеді. Хадис шәрифте де былай делінеді:«Ғибадаттың абзалы – машақатпен болғаны.» (М. Фәлаһ, Ибни Әсир-Нихайа)
Сұрақ: Истихара деген не? Истихара намазы қалай оқылады?
Жауап: Истихара дегеніміз бір істің қайырлы (дұрыс) болатынын немесе қайырлы болмайтынын түсіну үшін дәрет алып екі ракат намаз оқығаннан кейін дұғасын оқып осы іске байланысты түс көру үшін ұйқыға жату дегенді білдіреді.
Имам Ғазали хазреттері былай бұйырған:
Сұрақ: Қиыншылықтан құтылу үшін не істеу керек?
Жауап: Қиыншылықтан құтылу үшін себептерге жабысу керек.«Еңбек етпей дұға еткен адам, қарусыз соғысқа аттанған адаммен тең» деген хадис шәриф те себептерге жабысуды әмір етуде. Құран кәрімде «Әрбір қиыншылықтың бір жеңілдігі (оңайлығы) де бар» делінеді. Қиыншылықтан құтылудың да шарасы бар. Еш бос уақыт өткізбеу керек, өзіне пайдалы бір кәсіп табу керек. «Сабыр - құтылудың кілті» деген сөзге амал етіп, еңбек етіп сабыр етіп, қиындықтан шығудың жолын іздеу керек.
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Дүниенің, өмірдің қиял, түс екеніне еш күмән жоқ, өйткені пайғамбарымыз бір хадис шәрифінде: «Адамдар ұйқыда, өлген кездерінде оянады» деген. Адам түсінде өте бай болуы мүмкін, жоғары мансап, абырой иесі болуы да мүмкін, көп нәрсе істеуі мүмкін, бірақ оянған кезде бәрі бітеді. Оянған кезде «Менің соншама мүлкім бар еді, мансабым, абыройым бар еді» деуінің қандай мәні болады? Осы сияқты адамдар да өлген кезде мал-мүлкі, байлығы, бала-шағасы, әйелі, бәрі дүниеде қалады. Адамдар өліп оянған кезде «Біз қайда келдік, бұл қай жер? Біздің мал-мүлкіміз, мансабымыз бар еді, туыстарымыз, достарымыз бар еді, олардың бәрі қайда?» десе де ешқандай мәні болмайды.
Сұрақ: Бөтен әйелдерге қарау күнә ма?
Жауап: Махрем болмаған әйелдерге де, еркектерге де қажетсіз және шаһуетпен қарау күнә болады. Бір аят кариманың мағынасында былай делінген:
«Ей Расулым, мүминдерге айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан сақтасын! Иманды болған әйелдерге де айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан сақтасын!» (Нур 30)
Хадис шәрифтерде де былай делінген: «Еркектің әйелге, әйелдің де еркекке (шаһуетпен) қарауы харам.» (Табарани)
Сұрақ: Ризық жайында мәлімет бересіз бе?
Жауап: Аллаһу та'ала әр адамның, әр жануардың ризығын ежелден тағдырға жазған, ажыратқан. Адамдардың және жануарлардың ажалдары және тыныстарының саны белгілі болғанындай, әр адамның ризығы да белгілі. Ризық мүлдем өзгермейді. Азаймайды және көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жеп бітірместен өлмейді. Осы жөніндегі аяти карималардан бірнешеуінің мағынасы мынадай:
Дәрет алғаннан кейін оқылатын екі рәкат намаз «Сүбха намазы» деп аталады. Намаз оқылуы мәкрух болған уақыттардан тыс кез-келген уақыттарда оқуға болады. Дәрет алғаннан немесе ғұсыл алғаннан кейін артынша дереу сүбха намазын оқу өте сауапты болады. Қазасы бар адам, қаза намазына және сүбха намазына ниет етсе, әрі қазасын өтеген болады, әрі сүбха намазының сауабына қауышады. Уақыттың парызын немесе сүннетін оқитын кезде осы намазға да ниет ету өте жақсы болады.