Парақорлық

Cұрақ: Параның дініміздегі орны қандай?

Жауап: Дініміз тартып алынған мүлікті және зұлымдық, ұрлықпенен алынған, пара алу, пайыз, құмар арқылы табылған табыстарды және басқа да қиянат жолдарымен қол жеткізілген табыстардың желінуіне және өзгелерге жегізуге тыйым салған. Құран кәрімде былай делінеді:

«Бір-бірлеріңнің мүліктеріңді араларыңда (құмар, арамдық, ұрлық, тартып алу, пара алу сияқты) жаман себептермен жемеңдер!»(Бақара 188)

Кінәліні кінәсыз, бұрысты дұрыс, жаманды жақсы, лайықсызды лайықты етіп көрсету үшін алынған ақша, мал-мүлік пара болып табылады. Өйткені хадис шәрифте былай делінді:

Алатын емес, беретін құтылады

 Адам ашық қолды, береген болуға дағдылануы керек. Өйткені бір күні ең қымбат нәрсесі болған жанын, рухын береді. Егер адам жомарттықты әдетке айналдырса, жан тапсыруы оңай болады. Дініміз алуды емес, беруді әмір етуде. Адамдардан келетін зияндарға сабыр ету, олардың көрсететін қысымдарына төзу, оларға көмектесу, ауырларын жеңілдету және осы сияқтылардың барлығы өз рахаттын өзгелер үшін құрбан ету, яғни берегендік болып табылады. Хадис шәрифте былай делінді: «Мына үш нәрсе үшін ант етемін: Садақа берумен ешқандай дүние-мүлік кемімейді. Олай болса садақа беріңдер! Зұлымдық еткен адамды Аллаһ разылығы үшін кешірген адам дүниеде де, ахыреттеде үстем болады. Олай болса кешіріңдер! Сұрау (тіленушілік) есігін ашқан адамға Аллаһу та’ала кедейлік есігін ашады.»

Шайтан және оның зияндары

Сұрақ: Шайтанның түрлері бар ма, қандай зияндары бар?

Жауап: Аллаһу та’аладан ұзақтататын нәрселерге шайтан делінеді. Шайтанның үш түрі бар: Ібіліс, нәпіс және жаман дос.

1) Ібіліс және жәрдемшілері: Бұл шайтандар жын тайпасынан және Ібілістің ұрпағынан. Ібіліс үлкен ғалым еді. Адам алейһиссаламға қарай сәжде етуі әмір етілгенде тәкәппарланып сәжде етпеді. Одан бұрын періштелердің ұстазы болғанымен, кейіннен мәңгілікке лағнеттелді және шайтандардың басшысы болды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

Мал сойғанда мәкрух болатын нәрселер

1- Құрбандық малды соятын жерге сүйретіп апару, себепсіз жәбірлеу.

2- Пышақты малды жатқызғаннан кейін қайрау және біреуін екіншісінің көз алдында сою мәкрух болады.

3- Денесі суи бастамай тұрып, яғни тыпыршуы тоқтамай тұрып басын кесіп алу мәкрух болады.

4- Мал толығымен өліп тыпыршуы тоқтамай тұрып жұлынын кесіп басын алып тастау және терісін сыпыра бастау мәкрух болады.

Духа намазы

Сұрақ: Духа намазының маңыздылығы қандай, қай кезде оқылады?

Жауап: Дінімізде күннің астыңғы шетінің сыртқы (көрінетін) горизонт сызығынан бір найза бойы көтерілген және күннің тұнық (таза, ашық) аспанда тікелей көзбен қарай алмайтындай дәрежеде жарқыраған кезіДуха уақыты немесе Ишрақ (сәске) уақыты деп аталады. Духа уақтында күннің центрінің шынайы горизонттан биіктігі 5 градус. Бұл уақыт күн шығарда басталатын керахат уақытының соңы. Яғни күн шығуымен осы уақыт аралығында намаз оқу тахриман (харамға жақын) мәкрух болады.

Тәсбих намазы

Тәсбих намазы – сауабы өте көп болған нәпіл намаз. Пайғамбарымыздың алейһиссалам көкесі хазреті Аббасқа «Саған үйретпекші болған нәрсемді орындаған кезіңде ескі-жаңа, бұрынғы-кейінгі, жасырын-ашық, қателесіп немесе әдейі істеген барлық күнәларыңды Аллаһу та'ала кешіреді» деп, намаздың қалай оқылатынын білдірген. (Әбу Дауд)

Тәсбих намазын мәкрух болған уақыттардың тысында барлық уақытта оқуға болады. Егер күндіз оқылса, төрт рәкатта бір, түнде оқылса, екі рәкатта бір сәлем беру жақсырақ болады.

Достықты тәрк ету...

Хиджр – достықты тәрк ету, араздау, ренжісу деген сөз. Мұсылманның дін бауырына ренжіп, ашуланып үш күннен көп араздауы харам болып табылады. Мұсылмандар исламға мойынсұнбаса оларға араздау, мұсылмандық міндетіне шақыру парыз. Хадис шәрифте:«Мұсылманның мұсылманға үш күннен артық хиджр етуі, араздауы халал болмайды. Үш түннен кейін оған барып сәлем беруі уәжіп болады. Сәлеміне жауап берсе ортақ сауапқа ие болады. Жауап бермесе күнәсі оған болады» делінген.