Кедей және құрбандық
Сұрақ: Құрбан айттың үшінші күні кедей болатынын білетін бай құрбандық шалса, үшінші күні кедей болса, уәжіп сауабын алады ма?
Жауап: Иә, бай кезінде шалғандықтан уәжіп сауабын алады. Бірінші күні құрбандығын шалып, сапарға шықса да уәжіп сауабын алады. Өйткені құрбандық шалған кезінде әрі бай, әрі мұқим (жергілікті) еді.
Сұрақ: Үшінші күні бай болатынын білетін кедей бірінші күні құрбандық шалса, үшінші күні бай болса, қайтадан шалуы керек болады ма? Бірінші күні шалғаны уәжіп болады ма?
Жауап: Иә, бірінші күні сойғаны уәжіп болады, қайтадан союы қажет емес. Үшінші күні бай болмаса, сойғаны нәпіл болады.
Сұрақ: Бір кедей адам аяттың бірінші күні бір құрбандық шалса, айттың үшінші күні бай болса, тағы бір құрбандық шалуы керек пе?
Жауап: Иә, тағы шалуы керек. Себебі, бай болатынын білмейді. Білгенде тағы союы қажет болмайтын еді. Алайда кейіннен келген ғалымдар "Кедей айттың бірінші күні құрбандық шалса, үшінші күні бай болса, қайтадан құрбандық шалуы қажет емес" деген. (Ибн Абидин)
Сұрақ: Бір кедей адамның айтта құрбандық шалуы дұрыс па?
Жауап: Қарызы болмаған кедей құрбандық шалатын болса, үлкен сауап болады. Қарыз бар болса, алдымен қарызын беруі керек. Өйткені қарызды өтеу парыз болып табылады. Осы тұрғыдан кедейдің қарыз алып құрбандық шалуы дұрыс емес.
Сұрақ: Құрбандық нисабына ие болмаған кедей малды құрбандық ниетімен алып соя алады ма?
Жауап: Иә. Құрбандық шалу ниетімен алып союының зияны жоқ. Шалғаны нәпіл болады.