Химиялық өзгерістер
Сұрақ: Біз Еуропада тұрамыз. Шошқа майынан жасалған сабындарды және шараптан жасалған сірке суын қолдану жаиз ба?
Жауап: Кәпір мұсылман болған кезде тап-таза болады, тіпті күнәлары сауапқа айналады, дәл осылай шарап та толығымен сірке суына айналған кезде, бір тамшысы харам бола тұра, тап-таза сірке суы болады. Сапалы жүзімнен жасалған шараптан пайда болған сірке суы да сапалы болады. Әл фиқһу аләл мәзаһиб-ил әрбәа кітабында білдірілген хадис шәрифте: «Ең жақсы сірке суы – шараптан жасалғаны» делінеді.(Бәйһақи)
Шарап сірке суы күйіне, шошқа майы сабынға айналғанда таза болады. Бүкіл химиялық өзгерістер де осындай. (Рәддул мухтар, Тахтауи, Дүрәр, С.Әбәдийа)
Нағыз кәпір мұсылман болғанда бүкіл күнәлары кешіріледі, тап-таза мұсылман болады. Тіпті күнәлары сауапқа айналады. (Фурқан 70)
Батылдығымен, ержүректілігімен танымал болған бір кәпір мұсылман болса, батыр мұсылман болады. Хазреті Омар жалғыз өзі Расулуллаһ алейһиссаламды өлтіруге бара жатқанда қорқуды білмейтін адам еді. Мұсылман болған кезінде Қағбаға келіп, жасырмай ашық түрде ғибадат етті. Бәрі жасырын көшіп жатқанда ол күндіз ашықтан-ашық кетті. Кетіп бара жатқанда хабар беріп кетті. «Анасын жылатқысы, әйелін жесір қалдырғысы келетін адам бар болса алдыма шақсын» деп батылдығын көрсетті. (Мират-и каинат)