Үйленуі

Хазіреті Хадишаның Уәрақа бин Нәуфәл берген сүйінші хабардан кейін пайғамбарымыздың жақсы қасиеттерін көріп, оның әйелі болуға, оған қызмет етуге құштарлығы артты. Нәфисә бинти Мунийә бұл жағдайды сезіп, араға түсті. Осы ниетпен пайғамбарымызға барып: «Йа, Мұхаммед! Үйленуіңізге не кедергі болып жүр?» деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Үйлену үшін қолымда жеткілікті ақша жоқ» деді. Бибі Нәфисә: «Йа, Мұхаммед! Егер арлы, абыройлы, танымал, сұлу әйелге үйленгіңіз келсе қызметіңізге әзірмін» деді. Пайғамбарымыз: «Ол әйел кім?» деп сұрағанда «Хадиша бинти Хууәйлид (радиаллаһу анһа)» деді. Расулуллаһ: «Бұл істе араға кім түседі?» дегенде «Бұл істі мен атқарамын» деді де, хазіреті Хадишаға барып сүйінші хабарды жеткізді. Хазіреті Хадиша туысы Амр бин Әсад пен Уәрақа бин Нәуфәлді шақырып, жағдайды айтты. Сөйтіп, пайғамбарымызға адам жіберіп, келуін сұрайды. Әбу Тәліп пен бауырлары да дайындықтарын жасап, пайғамбарымызбен бірге барады.

Сүт анаға берілуі

Әмина анамыз нұрлы сәбиін қолына алғанда күйеуі Хазіреті Абдуллаһтың өлім қайғысын ұмытқандай болатын. Тоғыз күн емізгеннен кейін Әбу Ләхәбтің күңі болған Суәйбә ханым бірнеше күн сүт анасы қызметін атқарды. Суәйбә ханым бұрын хазіреті Хамзаны, одан кейін Әбу Сәләмәні емізген болатын. Хафиз ибни Жәзри айтады: «Әбу Ләхәб түсіме кіріп, одан халін сұрағанда «қабір азабын шегудемін. Бірақ, жыл сайын рабиуләууәл айының он екісіне азабым жеңілдейді. Екі саусағымның арасынан шыққан салқын суды сорып, рахат табамын. Бұл түні Расулуллаһ дүниеге келгенде Суәйбә деген күңім осыны айтып сүйіншілеген еді. Мен қуанғанымнан оны азат етіп, оған сүт ана бол деп бұйырған едім. Сол үшін де осы түні азабым жеңілдейді» деді».

Нұрының таза маңдайлардан өтуі

Адам алейһиссалам жаратылғаннан кейін маңдайына пайғамбарымыз Мұхаммедтің (алейһиссалам) нұры қонды. Ол нұр оның маңдайында жарқырай бастады. Құран Кәрімде көрсетілгеніндей Адам алейһиссаламнан бастап таза аталар мен аналардан өтіп, Пайғамбарымызға дейін келіп жетті. Мұны Аллаһу та’ала аятта былай көрсеткен: «Сен, яғни сенің нұрың әрдайым сәжде жасайтындардан өтіп, саған жеткен». (Шу’ара, 219). Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала адамдарды жаратты. Мені адамдардың ең жақсы бөлігінен пайда етті. Сосын осы бөліктердің ең жақсысын (Арабстанда) таңдады. Мені осылардан ішіне қойды. Сосын үйлерден, жанұялардан ең жақсысын таңдап, мені солардан келтіріп шығарды. Олай болса, менің рухым мен тәнім жаратылғандардың ішіндегі ең жақсысы. Менің ата-бабаларым ең жақсы адамдар» делінген.

Адамның ілімі артқан сайын қорқуы артады

Адамның қадірі (абыройы) – ілімі және әдептілігімен өлшенеді. Дүние-мүлкі, мансабы немесе тегімен емес. Пайғамбарымыз "алейһиссалам": «Адамдардың ең қадірлісі – мұсылмандардың ғұламалары» деп айтқан.

         Өзін Аллаһу та'аланың әр мезетте көріп тұрғанын білетін адам күнә жасаудан ұялады, Оның азабы мен жазасынан қатты қорқады. Істеген барлық нәрсесінен Аллаһу та'аланың есеп алатынын білгендігінен ешбір демінің өзін босқа жібермейді. Хазреті Мәулана Жәлаладдин Румидің әйелі былай баяндайды:

Кешіре гөр Йа Раббым.

Зинадан жүкті болғанның некесі

Сұрақ: Жаңа Зеландиядан жазып жатырмын. Бір досым өзі зина жасаған әйелмен үйленгісі келеді, бірақ әйел жүкті екен. Бұл жақтағы молдалар «Жүкті болған әйелмен некелесу жаиз емес» деп жатыр. Зинадан жүкті болған әйелмен некелесу жаиз емес пе?

Жауап: Зинадан жүкті болған әйелмен некелесудің, яғни оған үйленудің жаиз екендігі БәдаиБахр-ур раиқИбн АбидинХиндийасияқты сенімді кітаптарда білдірілген.

Жақсы адаммен үйлену керек

Сұрақ: Дінімізде нәсілге бөліну деген нәрсе бар ма? Негрге, неміске, жапонға, сығанға, суннитке, шиитке, христианға, буддистке, атеистке үйленудің қауіп-қатері бар ма?

Жауап: Еркек пен әйел үшін үкімдер әр түрлі болады. Дінімізде мұсылман еркектің кітапты кәпір (христиан немесе яһуди) әйелмен үйленуі тахримән мәкрух болса да жаиз болады. Бірақ мұсылман әйелдің кітапты кәпір еркекпен үйленуі жаиз емес. Үйленуге ниет еткеннен бастап мұсылмандықтан шығады. Мұсылман еркек те, мұсылман әйел де буддистпен, атеистпен үйлене алмайды. Үйленген адам мұсылмандықтан шыққан болады.

Әр ауруда бір пайда бар

Сұрақ: Ислам ғалымдары «Әр ауруда бір шипа бар. Дене қаншалықты қиыншылық көрсе, рух соншалықты рахаттанады. Денеге мазасыздық беретін әр нәрсе адамның әлсіздігін түсінуіне, Хақ та’алаға қайтуына себеп болады. Осы себептен жүрек (көңіл) үшін шипа» деген. Бірақ мен ауырған кезде рухым өте қатты қиналады, зорлық-зомбылық шегіп жатқандай мазасызданамын. Түсінгенімше, ауруда шипаның болуы бәрі үшін бірдей емес. Солай емес пе?

Жауап: Сіз рух пен нәпісті шатастырғандықтан осылай айтып жатырсыз. Адамның бір жері ауырған кезде, жеңіл немесе ауыр ауруға шалдыққанда мазасызданатын, рахаты бұзылып, қалауларына жете алмағаны үшін қиналатын нәпіс. Біз мазасызданған кезде оның да мазасыздығы артады. Құлақ түстің әсемдігін сезіне алмағанындай, көз де дыбыстардан ләззат ала алмайды. Әр нәрсенің өз рахаты болады.