Ықылас және дұға
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Ертеңге дейін жетуіміз белгісіз, алайда бүгін мүмкіндік қолымызда. Ахиретте пайдасы тиетін іс жасау үшін бүгінгі күннің қадірін білуіміз керек. Ең жақсы дос – адамға ахиретті еске түсіретін кісі. Ал ең жаманы – дін бауырын дүниелікке байлайтын, оған ахиретті ұмыттыратын адам.
Жақсы және рахат өмір сүруді қалайтын адам дүниенің фәни (өткінші) екенін білу керек, ешбір нәрсеге сараң, ашкөзді болмау, басқаның қолындағына көз тікпеу, қомағайланбау керек. Кәпір болған адамнан қомағайланылған болса, онсыз да кәпірде қомағайланатындай, қызығатындай ештеңесі жоқ. Ал егер мұсылман болса, ол да дін бауыры, «Аллаһу та’ала оған одан да жақсырағын, одан да көбірегін берсін» деу керек.
Мүминді қорғайтын екі нәрсе бар: біріншісі ықылас, екіншісі алған дұғалары. Бір ғибадатқа берілетін сауап ғибадатты орындаған адамның ниеті мен ықыласына байланысты. Сүйікті пайғамбарымыз «Аллаһу та’ала сендердің сыртқы көріністеріңе, мал-мүліктеріңе (мансаптарыңа, жақсы амалдарыңа) қарамайды, бұларды қандай ниетпен істегендеріңе қарайды» деген. Әр мүминнің ниеті Раббымыздың разылығы болу керек. Дін бауырымызды өзімізден үстем деп білуіміз керек. Өзін дін бауырынан үстем санаған адамның ықыласы жоқ деген сөз. Ықылас – Аллаһ үшін жасалған нәрселер. Ал ықыластың мәні – өз пайдасын ойламай, дін бауырына пайдалы болу деген сөз. Жеке басының пайдасын дін бауырының пайдасынан жоғары санағандар үлкен қауіпте.
Пайғамбарымыз “салаллаһу алейһи уәсәлләм” «Әр пайғамбар өзіне тән ерекшелігі себебімен пайғамбар ретінде таңдалған» деген кезде, Асхаби кирам «Йа Расулаллаһ, сіз қай амалыңызбен таңдалдыңыз?» деп сұрады. Сүйікті пайғамбарымыз «Исар» деп жауаптады. Исар – өзі мұқтаж болған нәрсені басқа мұқтаж болған бауырына беру деген сөз. Мұны істеу өте қиын болса да, ең болмағанда өмірде бір рет исар жасау керек. Өйткені Аллаһу та’ала «Өмірінде бір рет исар еткен адамнан және исаршы мінезімен маған қауышқан адамнан есеп сұрауға ұяламын» деген.
Бәһлул Дана, халифа Харун Рашидтың өз ақшасымен мешіт соқтырғанын естіген кезде «Бәрекелді, машаллаһ, үлкен жақсылық істеді» дейді де, құрылыс орнына барып, бүкіл кірпіштердің үстіне «Бәһлул» деп жазады. Бұл жағдайдан хабардар болған халифа «Неліктен кірпіштердің үстіне өз есіміңді жаздың?» деп сұрайды. «Несі бар екен, жазсам не болыпты?» деп жауап береді. Халифа «Мен ол мешітті өз ақшама Аллаһ разылығы үшін соқтырып жатырмын» дейді. Сол кезде Бәһлул Дана хазреттері «Егер Аллаһ разылығы үшін соққан болсаң, Бәһлул деп жазылса да, Харун деп жазылса да, бәрібір емес па? Аллаһу та’ала мешітті кімнің соқтырғанын білмейді ме?» деп жауап береді.