Бидғат – дінді өзгерту, бұзу деген сөз
Сүннет сөзінің дінімізде үш түрлі мағынасы бар. Кітап және сүннет бірге айтылғанда кітап - Құран кәрім, ал сүннет - хадис шәрифтер дегенді білдіреді. Парыз және сүннет делінгенде парыз - Аллаһу та’аланың әмірлері, сүннет болса - расулуллаһ алейһиссаламның әмірлері дегенді білдіреді. Сүннет сөзі жалғыз аталғанда Ислам дегенді білдіреді. Фиқһ кітаптарында сүннет сөзінің мағыналары осылай білдірілген. Исламға мойынсұну үшін әмірлерді орындап, тыйымдарынан және бидғаттардан сақтану керек.
Бидғат кейіннен жасалған нәрсе деген сөз. Пайғамбарымыздың және оның төрт халифасының заманында болмай, олардан кейін дінге енгізіліп, ғибадат ретінде жасала бастаған нәрселер. Мәселен намаздардан кейін артынша аят-әлкүрси оқудың орнына «салатән тунжинаны» және басқа да дұғаларды оқу бидғат болып табылады. Бұларды аят-әлкүрсиден және тәсбихтерден кейін оқу керек. Намаздан, дұғадан кейін сәжде етіп барып орнынан тұру бидғат. Дінге енгізілген әрбір өзгеріс және реформа бидғат болып табылады. Әдет ретінде жасалатын нәрселер мәселен: қасық, вилка қолдану, шай, кофе ішу секілді нәрселер бидғат емес. Өйткені бұлар ғибадат емес, әдет және мубах болып табылады.
“Хадиқатун-нәдийа”да былай делінген:
«Бидғат - діннен болмаса, ғибадат емес, әдет болған нәрселерде болса, дініміз бұған тиым салмайды. Тамақ, сусын, киім, көліктерде, ғимараттарда, жұмыстарда ғибадат жасауға ниет етпей, тек дүниелік істер көзделсе, бұлар ғибадат жасауға кедергі болмайынша немесе харам істеуге себеп болмайынша бидғат болмайды. Дініміз бұларға қарсы емес, тиым салмайды.»
Бидғаттар үш түрлі болады:
1- Исламда кәпірліктің белгісі деп білдірілген нәрселерді зәру, мәжбүр жағдай болмайынша қолдану, ең жаман бидғат болып табылады.
2- Әһли сүннет ғалымдарының білдіргендеріне сәйкес келмейтін сенімдер де жаман бидғатқа жатады.
3- Ғибадат ретінде жасалған жаңа нәрселер, реформалар амалда бидғат болады және үлкен күнә болып табылады.
Ислам ғалымдары амалдағы, ғибадаттағы кейбір жаңалықтарды хасана (жақсы) және сәйиа (жаман) деп екіге бөлген. Хазреті Имам Раббани ғалымдардың “хасана” деп атаған жаңалықтарын “сүннәти хасана” (жақсы сүннет) деп білдірген. Бұлар мектеп, кітап сияқты кейіннен жасалған нәрселер. “Сәйиа” деген амалдарды “бидғат” деп атап, бұларды жамандаған. Пайғамбарымыз «Бидғат жолында болғандарға құрмет етіп, тірілерін және өлілерін мақтаған, оларды үстем деп білген адам ислам дінін құлатуға, жоюға көмектескен болады.» деп бұйырған.
Әрбір мұсылманның өз иманын қорғауға, ұрлатпауға тырысуымен қатар Аллаһу та’алаға және Оның пайғамбарына сенбегендерді жаман көруі де керек. Хазреті Мазхары Жаны Жанан былай дейді:
«Кәпірлерді және бидғатшыларды, ашықша күнә істеуді әдет қылған фасықтарды жақсы көрмеуіміз, ұнатпауымыз әмір болды. Олармен сөйлеспеу керек, үйлеріне, жиындарына бармау керек, сәлем бермеу керек, олармен достық құрмау керек. Зәру жағдайларда қажеттілік мөлшеріндей ғана бұл тиымдарға рұқсат берілген. Бұл кезде де көңілдің бұларды жақсы көрмеуі, ұнатпауы керек.»
Мұсылмандардан дұрыс жолдан тайғандарға әһли бидғат (бидғат иесі) делінеді. Дұрыс жол Мұхаммед алейһиссаламның және оның төрт халифасының жолы. Хазреті Абдулқадир Гейлани “Гунийа” атты кітабында былай деген:
«Мұсылмандар арасындағы жетпіс екі бидғат жолының негізі тоғыз сектадан тараған. Бұлар: хариджиттер, шииттер, мутазила, муржийа, мушаббиха, жәхмийа, диррарийа, нәжжарийа және қилабийа. Пайғамбарымыздың және Оның төрт халифасының заманында бұлардың ешбірі жоқ еді. Бұлардың пайда болуы қаншама жылдардан кейін болды.»
Нәтижеде Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден шығарылған мағыналармен жолдардың ішіндегі ең құндысы және ең дұрысы тек қана Әһли сүннет ғалымдарының түсінгендері және білдіргендері. Әһли сүннет ғалымдары бұл ілімдерді сахабалардан, ал олар Расулуллаһ алейһиссаламнан үйренді. Пайғамбарымыздың айтқанындай: «Менен кейін Мұсылмандар арасында көп бөліну болады. Ол замандарда өмір сүргендер менің жолыма және Хуләфа-и рашидиннің (төрт халифаның) жолына жабыссын! Кейіннен пайда болған, әдетке айналған нәрселерден қашсын! Өйткені дінде жаңалық, реформа жасау дұрыс жолдан шығу деген сөз. Менен кейін дінде жасалатын өзгерістердің бәрі дінсіздік болып табылады.»