Өзім білемін деген адам
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Ықылас – барлық істі тек Аллаһ үшін жасау деген сөз. Бір істе егер ықылас жоқ болса, ол іс өз нәпсі үшін жасалған болады. Бүкіл бірліктің, ынтымақтың құлдырауының жалғыз себебі – ықылассыздық. Бір ұжымда барлық істер тек Аллаһ разылығы үшін жасалса, араларында таласатын заттық ештеңе болмайды. Таласатын ештеңе болмағандықтан, бақыт, сүйіспеншілік, бірлік пен ынтымақ болады. Өйткені «мен-мен» дей бермейтін, «маған қажет емес» дейтін адамға Хақ та’ала артығымен береді. Ал егер бір ұжымда керісінше, әркім «бұл менің мүлкім» дейтін болса, ол мүлік үшін бәрі бір-бірімен таласуға кіріседі. Өйткені әр адам мұнда өзінің үлесі бар екендігін ойлайды. Осыдан кейін бақытсыздық, дұшпандық, ұрыс-керіс пен ыдыраушылықтар басталады.
Әһли сүннетке сай дінді жаю үшін жасалатын қызметтерде жетістікке жетудің алғашқы шарты – ықыласты болу. Ал бұл нәрсе жасалған қызметтердің Аллаһ үшін болуы, мұның ғибадат екендігіне сенуі, бұл жолдың ұлыларын жақсы көруі және кітаптарын оқуы арқылы мүмкін бола алады.
Әулиелердің сөзін тындайтын, «құп болады» дей алатын адам әрдайым жетістікті болған. Бұл қызметтерде ең пайдасыз болған адам – өзін және өз ақылын ұнатқан кісі. Ондайлардан бұл қызметтерге пайда тимейді, тіпті ешкімді ұнатпағандықтан, өзі қиындықтарға тап болады, басқаларды да қиындыққа түсіреді.
Өте бай болған саудагер бір әулие кісіге «Барлық істерде үлкен жетістіктерге қолжеткіздің. Мұның себебі не?» деп сұрағанда, ол кісі күлімдеп: «Жұмысымды әрдайым білмейтіндермен істегенім үшін» деп жауап береді. Саудагердің таң қалғанын көрген кезде былай дейді:
Бұл менің марқұм ұстазымның кеңесі. Бір жұмысты бастарда кімдермен жұмыс істеу керектігімді сұрағанымда «Білмейтіндермен жұмыс істе! Саған құп болады дейтіндерді, ықыласты болғандарды таңдап, жұмысыңды солармен бірге баста! Қабілетті болған адам қабілетіне, ақылына сенеді, айналадағыларға қиындық береді. Бірақ қабілеті болмаған адам ықыласты болады, саған сенеді, айтқаныңды істейді. Уақыт өте осы ықыласының себебімен Аллаһу та’ала оған қабілетті те береді. Әрі ықыласқа, әрі қабілетке қолжеткізген болады» деген еді. Білгірдің білімі мен ақылына сенуі оны қиыншылықтарға жетелейді. Білгіш адам әрдайым ақыл айтып жүреді. Сөз тыңдамайды немесе қаламай тыңдайды. Жұмысын өз уақытында істемейді, кемшілікпен немесе өз білгенімен істейді. Өйткені «Бұл жұмысты тек осылай істеуге болады» деп ойлайды. Жалпы білмейтін адамның сөз тыңдауы және ықыласы көбірек болады. Білмегендіктен жұмысты сұрап істейді. Сұрағандықтан да жұмысын рахат істейді. Сұрап және көңілі рахат түрде істелген жұмыстар әрдайым дұрыс нәтиже береді.