Қас жұлу
Сұрақ: Еркектердің ұзын болған қастарын қысқартуларына рұқсат етіледі екен. Еркекке жаиз болған нәрсе әйелге де жаиз бола ма?
Жауап: Еркекке жаиз болып, әйелге харам болған және әйелге жаиз болып, еркекке харам болған нәрселер көп. Бірнеше мысал келтірейік:
Еркекке жаиз болып әйелге жаиз болмаған нәрселер:
1- Әйелдерге қастарын жұқарту харам болады, ал еркектердің қастарын түзеуі жаиз. (Хиндийа)
Аллаһу та’аланың жаратылысын өзгерту харам болып табылады. Егер әйелде сақал өссе оны алуы харам болмайды. Әйелдің күйеуіне немесе басқаларға әдемі көрінуі үшін жаратылысындағы бір нәрсесін көбейтуі, жалғауы немесе азайтуы жаиз емес. Екі қастың арасындағы қылдарды алуына болады. (Бәриқа)
Бір хадис шәрифте былай делінеді:
«Қастарын іскекпен (пинцетпен) немесе басқа бір құралмен жұлғандар, жүздеріне әдемілік беру үшін беттерін сызып Аллаһтың берген түрін өзгерткендер лағынеттелген.» (Бұхари)
Бір әйел «Ей Расулуллаһ тұрмыстағы қызымның ауру себебімен шаштары төгілді. Орнына шаш тағуым дұрыс бола ма?» деп сұрағанда Расулуллаһ алейһиссалам «Хақ та’ала жасанды шаш таққан және тақтырған адамды лағынеттеген.» деп бұйырды. (Муслим)
Әйелдің адам шашын өз шашының арасына қосып өріп жалғамастан өз шашына жіппен немесе лентамен байлауының және жануар қылдарын жалғаудың харам еместігі Ибни Абидинде, Хадиқада және Фәтауа-и күбрада жазулы. Адам және жануар қылынан және синтетикалық қылдардан жасалған парик деп аталатын кимелі шаштарды қолданудың жаиз екендігі түсінілсе де зарурет (зәру, мәжбүр) жағдайымен сәндік бұйымдарды бір-бірімен шатастырмау керек. Зарурет (қажеттілік) жағдайда жаиз болған нәрсені сән үшін қолдану жаиз болмайды. Әйел еркектер арасында шашын ашуға мәжбүр болған жағдайда басын және өз шаштарын парикпен жабуы жаиз және қажет болады. Зәру жағдайда әурет жерлерді мүмкін болған кез-келген нәрсемен жабу керек. Күнәсы шашын бергенге және оған қараған адамға болады. Зәру жағдай болмай көшеге парик киіп шығу жаиз емес, өйткені парик сәндік бұйымға жатады, әйелдердің бөтен еркектерге сәнденулері харам болады. (С. Әбәдийа)
2- Ішікті (меховой), көз тартатын киім киіп, сәндік бұйымдарын көрсетіп көшеге шығу әйелге жаиз емес, бірақ еркекке жаиз. (С. Әбәдийа)
3- Қандай ниетпен болса да әйелдердің көшеге иіссу сеуіп шығуы жаиз емес, бірақ еркектердің сүннетке мойынсұну ниетімен иіссу себуі жаиз болады. (Хиндийа)
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Әйел көшеге шығарда иіссу себінбесін.» (Мүслим)
Әйелге жаиз болып еркекке жаиз болмаған нәрселер:
1- Жібекпен алтын бөтен еркектерге көрсетпеу шартымен әйелдерге жаиз, ал еркектерге ешкімге көрсетпесе де жібек және алтын харам болып табылады. (Табарани)
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Алтын және жібек әйелге халал, ал еркекке харам.» (Табарани)
2- Сырға, білезік, алқа секілді бұйымдар да бөтен еркектерге көрсетпеу шартымен әйелге жаиз, ал еркектің бұларды тағып әйелдерге ұқсауы харам болады. (Рәддул мухтар)
Денедегі қылдар
Сұрақ: Денедегі қандай қылдарды алу (қырыну) керек, қайсыларын алуға болмайды?
Жауап: Қолтық және шаптың (қопал әует жердің) қылдарын әр аптада қырып тұру сүннет. 15 күнде бір қыру жаиз. 40 күннен асыру күнә болады. Еркектің еркекке, әйелдің әйелге кіндікпен тізе аралығына қарауы харам болғаны үшін шаптың қылдарын өз жынысынан болса да басқаға мәселен лазермен немесе т.б. тәсілдермен алдырулары харам болады.
Еркектердің қас алдырулары, жамал ниетімен, яғни дені дұрыс көріну ниетімен жаиз, ал сән үшін болса жаиз болмайды.
Әйелдердің қастарын жұлдырулары, жұқартулары жаиз емес. Маңдай, бет, иекке шыққан қылдарды және мұрт болып шыққан қылдарды және екі қас арасындағы артық қылдарды жұлулары, қырулары жаиз болады. Аяқтардағы және дененің басқа бөліктеріндегі қылдарды қажеттіліксіз эпиляция немесе басқа да жолдармен алулары тәнзихан мәкрух болады.
Еркектердің де аяқтарындағы, кеуделеріндегі немесе арқаларындағы қылдарын бір қажеттілік болмай тұрып қырулары жаиз боламайды.
Құлақтағы қылдар
Сұрақ: Шаштараздар құлақтың іш жағына біткен қылдарды спирт алауымен өртеп жатады. Бұлай қылдарды жою жаиз ба?
Жауап: Жаиз.
Ғұсылдан кейін
Сұрақ: Жүніптіктен ғұсыл алып жатқанда немесе ғұсылдан алдын әурет жерлерді қырынуға бола ма?
Жауап: Ғұсыл алудан бұрын немесе ғұсыл алып жатқанда әурет жерді қырыну жүніп адам үшін мәкрух болады. Хаизды әйел үшін мәкрух емес.