Харамдардан кімдер тыйылады?
Сұрақ: Харамдардан кімдер, калай сақтанады?
Жауап: Парыздарды барлық адамдар жасай алады, алайда харамдардан барлық адамдар қаша алмайды. Тек Аллаһу та’аланың салих құлдары ғана қашады. Дінімізде күнә істемеу ғибадат жасаудан да құнды. Бір хадис шәрифте: «Зередей (кішкентай, өте аз) бір күнәдан қашу – бүкіл жын және адамдардың (нәпіл) ғибадаттарының қосындысынан да артық» делінген. Күнәлардың барлығы Аллаһу та’алаға қарсы шығушылық болғандықтан бәрі де үлкен болып саналады. Бірақ кейбіреуі кейбіреуіне қарағанда кішi болып көрінеді. Бір кішкентай күнәні жасамаудың сауабы – бүкіл жaһанның нәпіл ғибадаттарынын сауабынан да көп. Өйткені нәпіл ғибадат жасау парыз емес. Ал күнәлардан қашу, күнә істемеу болса, парыз болып табылады. (Рияд-ун-Насихин)
Бидғат істеу болса – үлкен күнәлардан да қауіпті. Осы тұрғыдан дінге қызмет ету ниетімен бидғат істеуді мубаһ деп білмеу керек.
Бір харамнан қашу миллиондаған нәпіл намаз оқудан да абзал. Харам істеу арқылы парыз, мәкруһ істеу арқылы сүннет орындалмайды. Күнәдан қашу ғибадат жасаудан бұрын келеді. (У. Бәсайр)
Бір әмірді жасау бір харамды істеуге себепші болса, харам істемеу үшін сол әмір тәрк етіледі, жасалынбайды. Мысалыға: Бір әйелдің қажылыққа баруы парыз, яғни әмір етілген. Бірақ қасында махремі (еркек туысы) болмаса, қажылыққа баруы харам болады. Әурет жерін көрсетпей, нәжістен тазалану мүмкін болмаса, намазын сол күйінше оқиды. Өйткені нәжісті тазалау әмір болғанымен, әурет жерді көрсету күнә, тыйым салынған.
“Әййухәл уәләд илмихалы” кітабында: «Харамнан қашудың сауабы – парыздарды жасаудың сауабынан да артық. Ал парыздарды жасамаудың күнәсі – харам істеудің күнәсынан да ауыр болады» делінген.
Бұл жерде ғибадат жасау – харамнан қашудан бұрын келетін сияқты көрінуі мүмкін. Алайда олай емес. Харамнан қашу – ғибадат жасаудан бұрын келеді.
Хазреті Мұхаммед Масум Фаруқи былай дейді:
«Екі қарама-қайшы нәрсенің бірінен алыстамағанша екіншісіне жақындасу мүмкін болмайды. Яғни Аллаһу та’аланың дұшпандарынан ұзақтамайынша, достарына жақындық болмайды. Парыздарды әркім жасай алады, бірақ харамдардан әркім сақтана алмайды. Тек салих адамдар ғана сақтанады. Жақсы адам да, жаман адам да жақсылық жасауы мүмкін. Алайда жамандық жасамау, тек қана Аллаһ адамдарының ерекше қасиеттері. Сыддықтар (садық, адал кісілер) күнә істемейді.»
Парыздарды жасамаудың күнәсі – харам істеудің күнәсынан да ауыр болады деген мәселеге тоқталатын болсақ, харамдарды тәрк етуде тек қана тасдиқ (қабылдау) яғни бұларды харам деп сеніп, одан қашу бар, бірақ амал жоқ. Ал парыздарда болса, тасдиқпен бірге амалды орындау да бар. Амал тәрк етілгені үшін күнәсы да ауыр болады. Басқаша айтқанда, парыздарды жасамаған адам амалды тәрк еткені үшін харамдарды істегеннен де үлкен күнәға батады. Харам іс жасамайтын мысалға спирттік ішімдік ішпейтін адам намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру сияқты амалмен орындалуы қажетті істерді жасамайды делік. Спирттік ішімдік ішкен адам тек бір харам жасаған болады. Ал намаз оқымаған адам болса, көптеген амалды тәрк еткен болады.
Бір намазда 12 парыз бар. Ал бес уақыт намазда 60 парыз бар. Намаз оқымайтын адам күніне 60 рет үлкен күнә істеуде. Енді бұл адамның жағдайын ойлап көріңіз! Ол қаншалықты жақсылық жасаса да, қаншалықты ғибадат етсе де, барлығының сауабы азайып жоқ болады. Борыштарынан құтылса да, сауап ретінде қолында ештеңе қалмайды. Олай болса, кім қаншама күнә істесе де, намазын тәрк етпеуі керек.
Имам Раббани хазреттері былай деген:
«Харамдардан толығымен сақтана алу үшін, мубахтардың артығынан сақтану керек! Мубахтарды керек мөлшерде ғана қолдану керек! Адам мубах нәрселерден әр қалағанын істеп, мубахтарда асып-тасатын болса, шүбһәлі (күмәнді) нәрселерді істей бастайды. Шүбһәлілер болса харамдарға жақын болады. Адамның нәпсі жануар сияқты, тек өзін ойлайды. Құздың бойында көп жүрген адам, бір күні құзға құлауы мүмкін. Тақуалықты жақсы ұстана алу үшін, мубахтарды қажетті мөлшерде қолдану керек, зарурат мөлшерінен аспау керек. Мұның өзін құлдық міндеттерін атқару үшін қолдануға ниет ету керек. Мубахтардың артығынан тыйыла алу үлкен ниғмет. Ең болмағанда харамдардан қашу керек, мубахтардың артығынан да қолдан келгенше тыйылуға тырысу керек! Мубахтар қажетінен артық қолданылғанында өкініп тәубе ету керек! Бұл істерге харам істеудің бастамасы деп қарау керек. Аллаһу та’алаға сиынып жалбарыну керек! Бұл өкіну, тәубе және жалбарыну бәлкім мубахтардың артығынан сақтанудың орын басып, жаман істерден қорғайды. Өйткені “Күнәһардың өкініштен мойнын бүгуі, ғибадат етушінің кеудесін керуінен де жақсы” делінген.» (м. 76)