Кредит алу және кредит картасын қолдану
Сұрақ: Банк кредитімен үй және көлік алуға болады ма?
Жауап: Зәрулік болмаса да, үй напақадан болғандықтан, үйі болмаған адамның кредитке үй алуы жаиз болады, бірақ зәруліксіз көлік немесе сауда үшін кредит алмау керек. «Қызметтер үшін» (за услуги) деп бір мөлшер ақша алынып, пайызсыз кредит беріліп жатқан болса, осылай берілген кредитті алу жаиз болады.
Сұрақ: Әр түрлі шығындарда, сауда-саттықта кредит картасын қолдану жаиз ба?
Жауап: Кредит картасын қолдану жаиз. Кредит картасымен бір затты бөліп төлеу шартымен қымбатырақ алу да жаиз. Зәруліксіз кредит картасынан қолма-қол ақша шешіп пайызын өтеу жаиз емес. Сонымен қатар, зәрулік болмағанша кредит картасының қарызын уақытылы өтемей, кешіктіру үшін айыппұлын өтеу жаиз болмайды. Осы сияқты электр, су есептеуіштерін де өтемей, айыппұл төлеу жаиз емес. Ақша таба алмаса немесе ұмытып кешіктірген болса, күнә болмайды.
Пайызға кредит алу
Сұрақ: Үй және азық-түлік сияқты напақадан саналатын нәрселерден басқа, зәруліксіз кредит алып, пайызын төлеу жаиз болмайды. Напақадан саналмайтын заттарды алудың жаиз болуы үшін бір жолы, шарасы жоқ па?
Жауап: Зәрулік болған жағдайда пайызға болса да кредит алу жаиз болады, өйткені «Зәрулік харамдарды мубах қылады» делінген. Сондай бір жағдай туындап, зәрулікке саналатындығы немесе саналмайтындығы белгісіз болса, мұндай жағдайларда пайызсыз ақша алудың бірнеше жолы мынадай:
1) Қазіргі таңда кредит картасымен сауда-саттық жасалып жүр. Бір затты бөліп төлеу шартымен кредит картасымен 50000 теңгеге алынған болса, бұл затты басқа біреуге 45000 теңгеге сатуымызға болады.
2) Кредит картасымен алтынды бөліп төлеу шартымен 50000 теңгеге алған болсақ, басқа зергерге алдын-ала 45000 теңгеге сата аламыз.
3) Жүзеге асатын пайыз үшін «қызметтердің шығыны, рәсімдердің құны, комиссия» сияқты себептер деп белгіленген болса, пайызсыз алынған болады. Себебі сауда-саттықта, сыйлық беруде, антта, некеде, нәзірде ниетке, мақсатқа емес, сөзге қаралады.
4) Көлік, жұмыс орны, станок сияқты бір нәрсе алатын кезде сол жердегі банк немесе басқа кезкелген банк, алынатын затты өзі сатып алып, мерзімді төлеу шартымен қымбатырақ сатса, мәселен 3000 долларлық затты 4000 долларға сатса пайыз болмайды, жаиз болады.
Яғни дінімізге мойынсұнғысы келген адамға бір шарасы табылады.
Напақа және пайыз
Сұрақ: Діни кітаптарда «Напақа – ішіп-жейтін азық, киім-кешек және тұрғылықты үй» деп білдірілген. Бұлардың біріне қол жеткізе алмаған бір адам, зәрулікке тап болып, пайызсыз алатын қарыз ақша таба аламаса, напақасын қамтамасыз ететін мөлшерде пайызға қарыз ақша алуы жаиз болады ма?
Жауап: Иә, зәрулік болған жағдайда, напақа үшін жаиз болады.(Әшбах шәрһі, Уйун-ул бәсаир)
Көлік сатып алу
Сұрақ: Қазіргі заманның шарттарында банктың кредитімен көлік сатып алу жаиз ба?
Жауап: Қазіргі заманның шарттарында, Алматы сияқты үлкен қалаларда, мұсылманның өзін және жанұясын күнәдан қорғауы үшін көлік алуы шарт болады, себебі харамнан құтылуға тырысу парыз болып табылады. Харам істеу қаупі болмаса, көлік алуы қажет емес. Зәрулік болған жағдайда банктен кредит алу да жаиз болады. Маңызды болғаны, көлік зәрулікке саналады ма, саналмайды ма, соны анықтау керек.
Кредит картасының бонустары
Сұрақ: Екі немесе одан да көп серіктесі болған компанияларда актив ретінде жұмыс істейтін немесе артқы планда болған серіктестер, компания белгілеген жобада айлық алады. Компанияның табысы мен шығынына ортақ болады. Серіктестердің бірі өз атына немесе компания атына орналасқан банктың немесе компанияның кредит картасын компанияға товар тауып келу үшін қолданады. Бұл карталармен жұмсалған ақша үшін бонус ретінде қолма-қол ақша немесе белгілі сауда-саттық үшін бонус ретінде ұшақ билеті немесе пәленше уақытқа, пәленше жерде демалыс деген сияқты әр түрлі сыйлар береді. Бұл берілген сыйлар компанияға тиесілі ме, әлде кредит картасының иесіне ме? Сонымен қатар, компанияның серіктестерінің біріне немесе қызметкерлердің біріне фирмалардан әр түрлі сыйлықтар келеді. Бұл сыйлықтар компанияға тиесілі ме, әлде сыйлық жіберілген адамға тиесілі ме?
Жауап: Кредит картасымен компанияға алынған заттардан жиналған балдар, пайдалар және компанияның атына берілген сыйлықтардаң бәрі компанияның ақысы болып табылады. Қызметкер немесе серіктестердің бірі «мен өз кредит картаммен алдым» немесе «сыйлық менің атыма келді» деп бұл сыйлықтарды өзі алса, компанияға қиянат еткен болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Аллаһу та’ала былай дейді: Серіктестердің бірі басқасына қиянат етпей жүрген уақыт бойы мен екі серіктестің үшіншісімін. Қиянат ететін болса, араларынан кетемін.» (Әбу Дауд)
Бір серіктестіктен Аллаһу та’ала шығатын болса, ол жерге шайтан кіреді және ол компанияда бақытсыздық басталады. Бұл сыйлықтар менің тырысуыммен келді, бұл бонустар менің кредит картама тиесілі деп иеленуге тырысудан барынша сақтану керек.
Кредит картасының сыйлықтары
Сұрақ: Кредит картасын қолданушыларға берілетін сыйлық бонустарын, телефон бірліктерін қолдану жаиз ба?
Жауап: Иә, ешқандай зияны жоқ.
Кредитке үй алу
Сұрақ: С.Әбәдийа кітабында «Ешбір мемлекетте, ешкімнен, банктен және кооперативтен, зәрулік болмағанша, ешбір себеппен қарызға ақша алып, пайызын өтеу жаиз емес» делінген. Ешбір мемлекетте дегеніне қарағанда, Франция, Германия сияқты мұсылман болмаған мемлекеттерде де кредитке үй алу жаиз болмайды ма?
Жауап: Ішіп-жейтін азық-түлік, киім-кешек және тұрғылықты жер (үй) напақаға жатады. Сондықтан, үйі жоқ адамның Франция, Германия сияқты мұсылман болмаған мемлекеттерде кредитке (пайызға) үй алуы жаиз болады. Өйткені сол С.Әбәдийа кітабында былай делінген:
Франция, Германия – дар-ул харб (кәпір мемлекеті) болып табылады.«Мүлтәқа»-да былай білдірілген: «Дар-ул харбта, мұсылман мен кәпір арасында пайыз болмайды» «Мәжмаул әнхур»-да былай делінген: «Хадис шәрифте: "Дар-ул харбта мұсылман мен кәпір арасында пайыз болмайды" делінген.»
Көрініп тұрғанындай, үйі болмаған адамның жалға үй алуға мүмкіндігі болса да, үй напақаға жатқандықтан, кредитке үй сатып алуы жаиз болады. «Жаиз болмайды» деп айту, осы құнды кітаптарды қабыл етпеу болады.
Білім беру кредиті
Сұрақ: Қажеттілігі болған бір студент, берілген білім беру кредитімен оқуына, білім алуына болады ма?
Жауап: Қажеттілігі бар болса, онда болады.