Тауып алынған нәрселер
Сұрақ: Жерден тауып алынған нәрсе тапқан адамдікі бола ма?
Жауап: Тауып алынған нәрселердің, тасқынмен, өзенмен ағып келген нәрселердің және далаға тасталған нәрселердің үкімі әр түрлі болады. Тауып алынған нәрселер дегеніміз жалпы құнды нәрселер. Иесі оны лақтырып тастамаған, жоғалтқан болады. Тауып алынған, бірақ иесі белгісіз болған мал-мүлікті “луқата” деп атайды. Иесіне қайтарып беретініне сенімді болған адамның оны қорғауы үшін алуы сүннет. Сол жерде қалуы қауіпті немесе жоғалып кететін болса, алуы парыз болады. Қасында екі куәгер бар болса: “Іздеген адам болса маған жіберіңдер!” дейді. Көпшілікті ортада адамдардан сұрастырып, анықтама беру арқылы иесін іздейді.
Иесі табылғанға дейін немесе тұрумен бұзылғанға дейін сақтаған кезде бұзылып кететін болса қайтарып берілмейді. Иесінің табылмайтындығына немесе тауып алған затының бұзылатындығына көзі жетсе иесі ізделмейді. Тапқан адам бай болса, кедей бір адамға садақа ретінде береді. Немесе кедей болған әке-шешесіне, баласына немесе әйеліне садақа ретінде береді. Егер де олар алған нәрселерін өзіне сыйға тартатын болса, өзі де қолдана алады. Табылған заттың иесі кейіннен шықса, бұларды өзі төлейді немесе алған кедейге төлетеді.
Тасқынмен келген жеміс, ағаш және бұтақтардың үкімі бұдан өзгеше. Өзенмен, селмен ағып келген тақтай бөлшектерін, талдарды, бұтақтарды, жемістерді бай болса да кез келген адамның алуы, жинауы жаиз болады.
Сұрақ: Тауып алған ақша бай адамға харам болады да, кедейге не үшін халал болады? Харам – байға да, кедейге де харам емес пе?
Жауап: Дініміздің үкімі солай. “Не үшін мұндай үкім қойылған” деп айтылмайды. Зекет – кедейдің ақысы. Бай адам зекетін басқа бір байға беретін болса, берген зекеті қабыл болмайды. Байдың немесе бір күндік азығы бар кедейдің тіленуі, қайыр сұрауы харам болады. Зекет – кедейдің ақысы болғаны сияқты, тауып алынған ақшаның иесі белгісіз болса, ол да кедейдің ақысы болады. Ішінде харам араласқан халал ақшаны сыйлық ретінде кез келген адамға беру жаиз. Барлығы харам болған ақшаны ешкімнің алуы жаиз емес. Бір адам харам ақшаны кедейге беретін болса, кедей де бұл ақшаның харам екендігінен бейхабар болса, күнәсі кедейге жазылмайды.
Кедей болса кие алады
Сұрақ: Ұрланған аяқ киімнің орнына кейде ескі аяқ киім қойып кетеді. Аяқ киімін ұрлатып алған адам кедей болса, сол жерден тапқан аяқ киімді кие ала ма?
Жауап: Кедей болса кие алады.
Тасталған мүлік
Сұрақ: Далаға немесе қоқысқа тасталған аз немесе көп құнды болған бір мүлік тауып алынған мүлік үкімінде ме? Кез келген адам қолдана ала ма?
Жауап: Тауып алынған мүлік үкімінде емес. Өйткені, ол далаға тасталған мүлік. Сондықтан далаға тасталған мүлікті кедей болсын, бай болсын кез келген адам алып, қолдана алады. Ал тауып алған мүлікті кедейге беру керек.
Селмен келген мүлік
Сұрақ: Селмен келген мүлікті кез келген адамның алуы жаиз ба? Кейбіреулерінің қай фирмаға қатысты екендігі үстерінде жазылып тұрады. Фирма иелері келіп, заттарын сұрағанда беруіміз керек па?
Жауап: Селмен келген тақтай бөлшектерін, ағаштарды, талдарды, жемістерді бай болса да кез келген адамның алуы жаиз болады. Бірақ фирма иелерінің аттары жазылған заттар жоғалған мүлік үкімінде болып саналады. Иелері келгенде өздеріне қайтарып берілуі тиіс. Егер алмай өздері тастайтын болса, далаға тасталған мүлік есебінде болып, кез келген адам ала алады.
Сұрақ: Егер магазинде сатып алушы бір затын ұмытып кетсе. Ол заттың иесін қанша уақыт күту керек, егер ол зат бүлініп кететін тағам болса, қанша уакыт өткеннен соң пайдалануға болады.
Жауап: Егер қалған заттар арасында бұзылатын, ашитын заттар бар болса, өзіңіз де зекет беретіндей бай болмасаңыз, оларды пайдалануға болады. Бірақ иесі табылғанда сол нәрсенің құнын төлеу керек немесе ұқсасын алып беру керек болады.
Ал егер де бұзылатын нәрселер болмаса, сатып алушыларыңыз да сол кварталдың адамдары болса, бір хабарландыру жазып дүкеніңізге іліп қоясыз. Дүкеніңіз жол бойында орналасқан болса және клиенттері күнделікті кісілер болмаса, онда қалдырып кеткен заттарды қалалық "Бюро находок"қа өткізіп жібересіз.