Аллаһқа иман
Сұрақ: Иманның бірінші шарты не?
ЖАУАП: Иманның бірінші шарты, Аллаһқа иман. Әмәнту-дегі, “билләһи” деген ұғым, Аллаһу та’аланың бар және бір екендігіне сенуді, иман етуді білдіруде.
Барлық нәрселердің жаратушысы Аллаһу та’ала. Жерде және аспанда болған бүкіл болмыстарды, заттарды, бөлшектерді, оқиғаларды, қадір-қасиеттерді, күш-қуаттарды, заңдылықтарды, байланыстарды жаратқан тек қана ол. Одан басқа жаратушы жоқ. Құран кәрімде былай деп бұйырылған:
(Барлық нәрсені Аллаһ жаратқан) [Зумар 62]
(Сендерді де, істеп жатқан істеріңді де Аллаһ жаратқан) [Саффат 96]
(Барлық нәрсенің жаратушысы болған Раббыңыз Аллаһ.) [Мумин 62]
(Барлық нәрсенің жаратушысы бір Аллаһ.) [Рад 16]
(Барлық нәрсені ол жаратқан.) [Әнам 101]
(Жарату тек қана оған тән) [Араф 54]
Аллаһу та’ала бір, одан басқа илаһ жоқ. Құран кәрімде былай бұйырылған:
(Илаһыңыз тек қана бір илаһ(құдай). Одан басқа илаһ жоқ.) [Бақара 163]
(Аллаһтан басқа илаһ жоқ.) [Бақара 255, Али Имран 2, Ниса 87, Таха 8, Тәғабун 13]
(Одан басқа илаһ жоқ.) [Али Имран 6,18 Әнам 102, Тәубә 31, Худ 14, Рад 30, Муминун 116, Қасас 88, Фатыр 3, Зумар 6, Мумин 3,62,65 Музәммил 9]
(Тәңір үш деп айтпаңдар! Аллаһ жалғыз.) [Ниса 171]
(Ол тек қана бір илаһ.) [Әнам 19]
(Илаһыңыз тек бір ғана илаһ.) [Нахл 22]
(Илаһыңыз бір ғана.) [Саффат 4]
(Ол Аллаһ бір.) [Зумар 4]
(Ол Аллаһ жалғыз.) [Ихлас 1]
(Өздеріңе екі құдай тауып алмаңдар. Құдай біреу ғана. Ендеше тек менен ғана қорқыңдар.) [Нахл 51]
(Сендердің илаһтарың, әрине өзінен басқа серігі болмаған Аллаһ.) [Таха 98]
(Ей Расулым, сенен бұрынғы бүкіл пайғамбарларға, “Менен басқа илаһ жоқ. Тек Маған құлшылық етіңдер” деп уахи еттік.) [Әнбия 25]
Аллаһтан басқа илаһ жоқ
Сұрақ: “Тәңір, илаһ деген нәрсе жоқ. Лә иләһә иллаллаһ, деген сөз илаһ жоқ, Аллаһ бар, дегенді білдіреді” деп айтып жүр бұлай айту дұрыс па?
ЖАУАП: Дұрыс емес. Өйткені Аллаһу та’ала илаһ. Илаһ дегеніміз барлық нәрсені жоқтан бар етуші және әрдайым бар етіп тұрушы құдай деген сөз.
(Ш. Нүбүууә)
Лә иләһә иллаллаһ деген илаһ жоқ дегенді емес, Аллаһтан басқа илаһ жоқ дегенді білдіреді.
Лә иләһә=илаһ жоқ, иллаллаһ=тек Аллаһ бар, деп сөйлем бөлінсе, жоғарыдағыдай қате түсініктер шығады. Әрбір сөзді бөлек бөлек қарамай, жалпы сөйлемді қарастыру керек.
Илаһ [тәңір] бар. Құран кәрімде былай бұйырылған:
(Яһудилер Аллаһты тастап хахамларын, христиандар поптарын және Мәриям ұлы Исаны Құдай етіп алды. Алайда оларға тек бір илаһқа құлшылық етулері әмір болды. Одан басқа илаһ [тәңір] жоқ.) [Тәубә 31]
(Аллаһпен бірге бір илаһ қосып таныма.) [Исра 22]
(Былай айт: Маған, илаһыңыз тек қана Аллаһ болғаны уахи етілді.) [Әнбия 108]
Бұл аят кәрималарда да, Аллаһу та’аланың жалғыз илаһ болғаны білдірілуде.
Сонымен қатар әр намазда оқып жүрген Субханакә-ның соңында “уә лә илаһа ғайрук” деп айтылған. Мұндағы ғайрук, сенен басқа деген мағынада. “Лә илаһа ғайрук” болса “Сенен басқа илаһ жоқ” деген сөз. Яғни илаһ тек қана сенсің деген сөз. Ал илаһ жоқ, тәңір жоқ дегеніміз, жаратушы жоқ, Аллаһ жоқ дегенмен тең болады.
Сұрақ: Аллаһты кім жаратты деп сұрау дұрыс па?
ЖАУАП: Дұрыс емес. Өйткені Жаратушының, болмысының басы және соңы болмайтын, бар болу және бар болып тұру үшін ешкімге мұқтаж болмайтын деген сөз. Оны кім жаратты деп сұралса, мұның соңы келмейді, шексіздікке кетеді. Бұл да мүмкін емес. Астағфируллаһ Аллаһты біреу жаратты десе, Аллаһ жаратушы емес, махлұқ(жаратылыс) яғни жаратылған болады. Ал махлұқ, яғни жаратылған нәрсе, жаратушы болмайды. Сондықтан өздігінен бар болған және бар болуының бастауы болмаған жалғыз бір жаратушы болуы керек, ол да Аллаһу та’ала. Екі хадис шәрифте былай делінген:
(Шайтан адамға, “сені кім жаратты” деп уәсуәсә береді. “Аллаһ жаратты” десе, “Оны кім жаратты” деп уәсуәсә береді. Мұндай уәсуәсә келген адам “мен Аллаһ және Расулына иман келтірдім” десін.) [Бухари]
(Аллаһтың жаратқан нәрселерін тәфәккур (ғибраттана ойлану) етіңдер, бірақ тікелей өзінің қандай екені туралы (ойламаңдар) тәфәккүр етпеңдер.) [Әбушшәйh]