Миқаттан бұрын:
1- Тырнақтарды алу керек.
2- Қолтықтың астының және ұят жерінің қылдарын қыру керек.
3- Ғұсыл алу керек, болмаса дәрет алады.
Иман: Бір ғана Аллаһ бар. Ол өздігінен бар. Туылмаған, тумайды. Барлық нәрсені көреді және біледі. Кешіру немесе жазалау тек соның құдіретінде.
Ахлақ: Негізі он қасиетті бұйрықтан (ауамири-и ашара) тұрады. Адам осы он бұйрыққа бағынуы керек. Адамның рухы мен тәні бөлек-бөлек, рух қияметке дейін өлмейді. Ақырет өміріне сенуге тиіс.
Дін негіздері: Яһуди емес ұлттар пұтқа табынушылар деп саналады. Олардан мүмкіндігінше аулақ болу керек. Олармен байланысты үзу керек. Қанды немесе қансыз құрбан шалынуға тиіс. (Яһудилер барлық жануарды, тіпті көгершінді, көбінесе қой, ешкі, сиырды құрбандыққа шалатын.
Хазреті Шахи Нақшибәндтің бір шәкірті ұстазынан нәпсінің жамандықтарын естіп, бір күні таудың шетіне бір таса жерге келіп, «сенің жамандықтарың үшін» деп басын әр жерге соққылап, өзін ұра бастайды. Ол жерге бір салих кісі келіп «Не істеп жатсың балам?» дегенінде, өз нәпсін жазалау мақсатымен өзін қинап жатқанын айтады. Сонда ол кісі «Балам нәпсің саған емес, Аллаһқа дұшпан, пайғамбарға дұшпан, дінге дұшпан! Сен егер нәпсіңе дұшпандық етпек болсаң, оның жолы бар. Нәпсің сені қай жағынан алдап жатса, сен оны сол жағынан ұр. Сен алдымен дұшпаның қай жерден шабуылдайтынын біл, кейін оның алдын алып шарасын қамдан! Оның дұшпандығынан сақтану үшін дініңді үйрен! Сен өзіңді ұру арқылы оны одан сайын күлдіріп, қуантып жатсың.» дейді. Кейін «Менің мына айтқандарымды Аллаһ разылығы үшін істейтін болсаң сонда нәпсің тәрбиеге келеді.
Сұрақ: «Аллаһ сендерге қиындық жүктемеген» деген аяти карима бойынша, жеңілдік бар болғандықтан, әйелдердің шалбар киюінің жаиз (рұқсат) екендігі аңғарылады ма?
Жауап: Сіз және біз сияқтылар үшін бір аяти каримаға мағына беру жаиз емес. Әйелдің шалбар киюінің қиындықпен қандай қатысы бар? Ұқсау ниеті болмаса да, еркектің мойнына алқа, қолына білезік және құлағына сырға тағуы әйелдерге ұқсау болып саналады және жаиз болмайды. Әйелдің де, еркекке ұқсау ниеті болмаса да, шалбар киюі жаиз болмайды.
Сұрақ: “Валентин күні” деп аталатын ғашықтар күнін тойлаудың және сыйлық берудің діни тұрғыдан зияны бар ма?
Жауап: Бұл күн “Әйелдер күні”, “Балалар күні” секілді әдетке қатысты күн. Алайда “ғашықтар” деген кезде дінге қайшы (некесіз) болған қатынастар негізге алынуда. Ал бұл болса мүлдем жаиз емес, харам нәрсені тойлауға болмайды. Халықтың әдеті (салты) болған нәрсені жасау жаиз, алайда дінге қайшы болған әдетті құттықтау жаиз емес. Яғни дінімізде некесіз қатынастарға тыйым салынған. Төмендегі христиандардың әңгімесі дұрыс болса, ғашықтар күнін тойлауымыз – шіркеу попының жастарды қосқандығын тойлауға және поптың өлімін еске алуға ұқсап кетеді. Тіпті мейрам ретінде жарияланғанына қарағанда христиандардың діни мейрамын тойлау одан бетер қауіпті.
Аллаһу та’ала өлімнен басқа барлық аурулардың дауасын, шипасын жаратқан. Барлық қиыншылықтардың, барлық қасіреттердің шарасы бар. Барлық нәрсе бір себеппен жаратылған. Бір нәрсеге қауышқысы келетін адам ол нәрсенің себебіне жабысады. Кез келген нәрсенің себебіне жабысқан адам ол нәрсенің нәтижесіне қауышады.
Барлық дерттің, аурудың, қиыншылықтың дәрісі, шешімі бар болғаны секілді, жамандықтардан құтылудың да жолы, шешімі бар. Дұрыс оқылған намаз барлық жамандықтан құтылудың жолы болып табылады. Өйткені Анкебут сүресінің 45-ші аятында «Дұрыс оқылған намаз адамды үлкен күнәлардан және Аллаһу та’аланың разы болмаған нәрселерінен қалайда алыстатады.»делінеді.
Сұрақ: Қандай адамдардың дұғасы қабыл болады?
Жауап: Қажылардың, мужаһидтердің, дертті адамдардың, науқастардың, ғаріптердің, мазлұмдардың (зұлымдық көргендердің), жолаушылардың, ата-ананың, пәлекет келуден бұрын дұға еткен адамның, көп зікір ететін адамның, мұсылмандықта шаштары ағарған адамның, ораза ұстағанның, салих ғалымның және әділ басқарушының дұғалары қабыл болады.