Ата-анам намаз оқуға қарсы
Сұрақ: Ата-анам намаз оқуыма қарсы. Не істеуіме болады? Олардың рұқсатынсыз намаз оқуға болады ма?
Жауап: Дінімізде ата-анаға құрмет ету, айтқандарына, бұйрықтарына мойынсұну әмір етілген. Бірақ дінге қайшы болған, күнә болған бұйрықтары орындалмайды. Орану үшін ата-ананың рұқсатына қарап отырылмайды. Балиғат жасына толған (қызбала 9, ұлбала 11 жастан) әрбір мұсылманға намаз оқу, орану – парыз. Ата-анаға қарсы шықпай, ренжітпейтін, ашуландырмайтындай жолын тауып шығу керек. Сіздің жағдайда ата-анаңызға білдірмей намаз оқуыңыз керек. Мәселен сабақ оқу секілді себептермен бөлмеңізге кіріп ең болмағанда парыздарды ғана оқып алуға тырысуыңыз керек. Парызды оқу үшін көп болса 4-5 минут уақыт кетеді. Кейін бірте-бірте сүннеттерін де қосып оқу жолын табарсыз.
Сұрақ: Кедейді ренжітпеу, жұрттың көзінше оны ыңғайсыз жағдайға түсірмеу үшін садақаны басқалардан жасырып берген жақсы ма, әлде өзгелер де берсін, көмектессін деген оймен елге көрсетіп ашық берілгені жақсы ма?
Жауап: Садақаны, көмектерді кейде ашық беру керек болса да, жалпы көбінесе жасырын беру жақсырақ болады. Құран Кәримде былай делінген:
«Садақаны ашық берсеңдер жақсы болады, жасырын берсеңдер өздерің үшін хайырлырақ болады.» (Бақара 271)
Сұрақ: Банк кредитімен үй және көлік алуға болады ма?
Жауап: Зәрулік болмаса да, үй напақадан болғандықтан, үйі болмаған адамның кредитке үй алуы жаиз болады, бірақ зәруліксіз көлік немесе сауда үшін кредит алмау керек. «Қызметтер үшін» (за услуги) деп бір мөлшер ақша алынып, пайызсыз кредит беріліп жатқан болса, осылай берілген кредитті алу жаиз болады.
Сұрақ: Тауықтың жемдеріне қан араластырылатыны айтылып жатады. Мұндай жем жеген тауықты жеу жаиз ба?
Жауап: Көрмей тұрып, кесіп айту, үкім беру дінімізде жаиз емес. Бір нәрсенің нәтижесі өз көзімен көріп немесе салих, әділ мұсылманның айтуымен белгілі болады. Бірақ, сұрастырып-іздестірудің қажеті жоқ. Нарықтағы тауықтардың бір бөлігіне ондай қулық жасалып жатқандығы байқалса да, қалған бөлігіне де сондай қулық жасалып жатқандығы нақты айтыла алмайды. Бір тауықтың нәжіс жегені нақты білінген кезде, ол тауықты үш күн бөлек жерде ұстап, таза (нәжіс емес) жеммен бағылады. Осы үш күнде тауықтың ішіндегі нәжіс химиялық өзгеріске ұшырайды. Үш күннен кейін бұл тауықты жеу халал болады.
Сұрақ: Сапарда намаз қалай оқылады?
Жауап: Сафари дегеніміз – жолаушы болу деген сөз. Үш күндік жерге бару ниетімен жолға шыққан адам орналасқан жерінен үш күндік жолға ниет етіп кетсе, кеткен жолының екі тарапындағы үйлер аяқталғаннан кейін сафари (жолаушы) болады. Үлкен қалаларда шеткі үйлер қалмаған. Осы тұрғыдан үлкен қалаларда, тұратын жерімізге жақын болған мазар, фабрика, мектеп және казармадан өткен кезде сафарилық басталады.
Сұрақ: Адамның көңіліне шайтаннан келетін "Дәретім бар ма екен? Жоқ болса, мен бар екенін есіме түсірсем" секілді уәсуәсалар келгенде не істеу керек?
Жауап: Әрі «Шайтаннан келетін» дейсіз, әрі не істеу керек деп сұрап жатырсыз. Әрине бұл уәсуәсаларға мән бермеу керек. Дәрет алғаныңызды есіңізге түсіре алсаңыз мәселе жоқ. Дәрет бар деп қабылданады.
Сұрақ: Маған өте көп уәсуәса (шайтаннан келетін күмәндар) келеді, дәретте, ғұсылда, намазда ниет еткенімді ұмытамын, бұларды ниетсіз орындасам сахих (дұрыс) болады ма? Құрғақ жер қалды деп ойлап, сол жерді қайта-қайта жуамын. Аздаған жер құрғақ қалса дәретім мен ғұсылым сахих болады ма? «Дәретім бұзылды ма екен» деп көп уәсуәса етемін, дәретсіз намаз сахих болады ма? Киіміме нәжіс тиді деп санаймын. Нәжіс тиген киіммен намаз оқылса сахих болады ма? Имамның жағдайын білмеймін, имам атеист болса, оқыған намазым сахих болады ма? «Ішіп-жеген азықтарымда спирт немесе шошқа майы бар, мал Бисмиллаһсыз сойылған» деп уәсуәса етемін. Осы секілді жағдайларда не істеуім керек?