Уақыт – өте құнды және шектеулі. Адамға бір рет қана берілуде, қайта айналып келмеуде. Сондықтан уақытты ең құнды амалдармен өткізу керек. Өйткені пайғамбарымыз (салаллаһу алейһи уә сәлләм) «Ертең істеймін деген адам құрыды, зиян етті» деген.
Ибн Қайз хазрет өзімен көріскісі келген кісілерге: “Алдымен уақытты тоқтатыңдар, біз де сендермен әңгімелесейік. Алайда уақыт зымырап өтуде және қайта айналып келмеуде. Уақытты жоғалту, ең қиын нәрсе, оның орнын толтыру мүмкін емес” деген.
Меккеліктер бұрыннан саудамен айналысып, күнкөріс напақаларын сонымен табатын. Пайғамбарымыздың көкесі Әбу Тәліп те саудамен шұғылданатын. Пайғамбарымыз жиырма бес жас шамаларында Меккеде күн көру қиындығы артқан еді. Сол себептен меккеліктер Шам қаласына баратын үлкен керуен дайындауға кірісіп кетті. Осы кездерде Әбу Тәліп пайғамбарымызға келіп: «Қымбатты інім! Кедейлік өршіп барады. Жұтпен күресуде өткізген соңғы жылдарымызда қолымызда ешнәрсе қалмады. Құрайш керуені сан-алуан тауарларын артып Шам қаласына қарай шыққалы тұр. Хадиша ханым да керуенмен зат жіберіп жатыр. Ол міндетті түрде осы керуенді аманат етіп тапсыратын бір сенімді адам іздейді. Сен сияқты адал, таза, турашыл адамды қалайтыны ақиқат. Барып сөйлесіп, сенің өкіл ретінде керуеннің басында баруыңды ұсынсақ, сені таңдайтыны күмәнсіз. Негізінде мен сенің Шамға барғаныңды қаламаймын. Өйткені, ол жердегі яһудилер саған бір зиян келтіре ме деп қорқамын. Бірақ, мына жұттан құтылу үшін басқа амал да жоқ» дейді. Пайғамбарымыз оған: «Сіз қалай қаласаңыз солай болсын» дейді.
Сұрақ: Дәретті жақсылап алу деген не?
Жауап: Әуелі жақсылап дәрет алудың құндылығын білдірейік. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Дәрет алып жүр және дәретті жақсылап ал, өмірің ұзарсын.»(Хараити)
«Жақсылап дәрет алып мешітке кірген адам Аллаһтың қонағы болады. Ал Аллаһу та'ала қонағына міндетті түрде сый-сияпат көрсетеді.» (Бәйһақи)
Мұхаммед алейһиссалам - Аллаһу та’аланың сүйікті құлы, жаратылған барлық адамдар мен басқа жаратылыстардың барлық тұрғыдан ең үстемі, ең көркемі және ең қадірлісі. Аллаһу та’ала мадақтаған, бүкіл адамзат баласы мен жындарға пайғамбар ретінде таңдап жіберген соңғы және ең үстем пайғамбары болып табылады. Ол әлемдерге рақымдылық ретінде жіберілген, барлық нәрсе соның құрметіне жаратылған. «Қайта-қайта мадақталған», «өте көп мақталған» деген мағынаны беретін Мұхаммед алейһиссаламның Ахмед, Махмуд, Мұстафа сияқты есімдері де бар. Әкесінің аты Абдуллаһ. Өзі хижреттен 53 жыл бұрын рабиул-әууәл айының 12-жұлдызында дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Мекке-и Мукаррамада дүниеге келді. Тарихшылар бұл күннің милади жыл санағы бойынша 571 жылдың сәуір айының 20-сына дәл келетінін айтады.
Сұрақ: Ислам әріптерімен жазылған, қағба немесе мешіттің суреті бар жайнамазда намаз оқуға болады ма?
Жауап: Үстінде Ислам әріптерімен жазылған жазу, тіпті бір әріп бар болған жайнамазды жерге төсеу тахримән мәкрух болады. Бұларды қай мақсатта болса да жерге төсеу – оны қорлау, оған құрметсіздік жасау болады. Тікелей қорлау мақсатында жерге төсейтін болса, күпір болады. Бетінде қағба, мешіт немесе Ислам әріптерімен жазуы бар болған жайнамаздарды намаз оқу үшін жерге төсеу де жаиз (рұқсат) емес. (Хадиқа 2 том, 633 бет)
Сұрақ: «Ислам Ахлақы» кітабында 54 парыздың алғашқы бөлімінде «Аллаһты бір біліп, мүлдем ұмытпау парыз болып табылады» делінген. Біз таңнан кешке дейін көп ұмытамыз. Бұл парызды тәрк еткен болсақ, үнемі харам істеп жүрген боламыз ба?
Жауап: Бес уақыт намазын оқып, харамдардан сақтанып жүрген мұсылман Аллаһты ұмытқан болып саналмайды. Бір уақыт намазды оқып, келесі намазды күтумен үнемі ғибадат еткен, Аллаһты ұмытпаған боламыз. Таң намазына тұру ниетімен түнде жатсақ, таңға дейінгі ұйқыда ғибадат жасаған, Аллаһты ұмытпаған боламыз. Алайда ұйқы – нағыз ғафлет. Бұған қарамастан, таза ниетіміз үшін ұйқымыз да ғибадатқа айналуда.
Бір күні сүйікті пайғамбарымыз алейһиссалам сахабаларымен бірге отырған еді. Кенеттен ортаға бір ақ тас түсті. Іші ақ балға толы еді. Оның үстінде бір ақ қыл бар еді. Бәрі таң қалды. Сонда Расулуллаһ алейһиссалам былай деді:
«Келіңдер, әрбіріміз бұл үш нәрсеге бір мысал келтірмегенше қол тигізбейік.»
Хазреті Әбу Бәкір былай деді:
«Расулуллаһ хазреттері мына тастан нұрлырақ. Расулуллаһпен сөйлесу мына балдан тәттірек. Расулуллаһтың сүннетін орындау мына қылдан нәзігірек.»