Пайғамбарымыз қырық жасында бір рамазан айында тағы да Хира тауына барып, оңаша отырып, тәфәккурге шомған еді. Рамазанның 17-сі дүйсенбі түні, түн ауа атын шақырған бір дауыс естіді. Басын көтеріп, айналасына қараған кезінде сол дауысты тағы естіп, кенеттен айналасын бір нұрдың қаптағанын көрді. Содан кейін Жәбрейіл алейһиссалам келді де: «Оқы!» деді. Пайғамбарымыз оған: «Мен оқымағанмын» деді. Сол кезде періште оны құшағына алып, қатты қысып: «Оқы!» деді. Ол тағы да: «Мен оқу білмеймін» деп жауап берді. Жәбрейіл алейһиссалам тағы да қысып: «Оқы!» деді. Тағы да: «Оқыған емеспін» деп жауап берді. Ол тағы да қысып босатты да:«Жаратушы Аллаһтың атымен оқы! Ол адамды ұйығанқаннан жаратты. Оқы, Аллаһ өте қайырымды. Ол қаламменүйретеді, білмегендеріңді үйретеді» деген мағынадағы Алақсүресінің алғашқы бес аятын әкелді. Мұхаммед алейһиссалам да онымен бірге оқыды. Алғашқы уаһи осылай келді және бүкіл әлемді жарқыратқан Исламның күні осылайша туды.

Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” қатты толқып, Хира тауындағы үңгірден шығып, төмен түсе бастады. Таудың ортасына келген кезінде бір дауыс естіді. Жәбрейіл алейһиссалам: «Йа, Мұхаммед! Сен Аллаһу та’аланыңрасулысың, мен Жәбрейілмін» деп, өкшесімен жерді тепті. Тепкен жерінен су шығып, сол сумен дәрет ала бастады. Пайғамбарымыз оған мұқият қарап тұрды. Жәбрейіл алейһиссалам дәрет алып болғаннан кейін Пайғамбарымызға көргеніндей етіп дәрет алуды сұрады. Пайғамбарымыз дәрет алып болғаннан кейін Жәбрейіл алейһиссалам имам болып екеуі екі рәкат намаз оқыды. Содан соң Жәбрейіл алейһиссалам: «Йа, Мұхаммед! Раббың саған сәлем айтты» деп артынан Аллаһтың: «Сен менің жындар мен адамдарға жіберген Расулымсың. Олай болса оларды тәухидке шақыр» деп бұйырғанын айтып көкке көтерілді. Сүйікті пайғамбарымыз осылайша Жәбрейіл алейһиссаламды көзімен көріп, сөйлесті.

Пайғамбарымыз үйіне жеткенше жолдағы тастар мен ағаштардың «Әссәләму алайкә йа Расулуллаһ» деп тұрғанын естіді.Үйіне барып: «Менің үстімді жабыңдар! Менің үстімді жабыңдар!» деп үрейі басылғанша оранып демалып жатты. Сосын көргендерін Хадиша анамызға айтып берді. «Жәбрейіл алейһиссалам көзімнен ғайып болды. Бірақ оның айбаты мен қорқынышы әлі мені тәрк етпеді. Халықтың мені жындыға шығарып тіл тигізіп мазақтауларынан қорқтым»деді. Осы жағдайды және осы күнді көптен күткен хазіреті Хадиша: «Аллаһу та’ала сақтасын! Хақ та’ала сізге жақсылықбереді және қайырдан басқа ешнәрсе тілемейді. Құдай үшін осыүмметтің пайғамбары болатыныңызға сенемін. Өйткені, сіз қонақты жақсы көресіз. Шындықты айтасыз, сенімдерді ақтағансыз.Әрқашан әлсіздерге көмектесіп, жетімдерді қорғайсыз. Мінезіңіз жақсы, бұл қасиеттердің иесінде қорқыныш болмайды» деді.

Сөйтіп бұл жағдай туралы сұрау үшін Уәрақа бин Нәуфәлге барды. Уәрақа Расулуллаһтың айтқандарын тыңдағаннан кейін: «Сүйінші, ей Мұхаммед алейһиссалам Аллаһу та’алаға ант етемін, сен хазіреті Иса хабар берген соңғы пайғамбарсың! Саған көрінген періште сенен бұрын Мұса алейһиссаламға келген Жәбрейіл алейһиссалам, әттең жас болсам ғой. Қауымың Сені Меккеденқысып шығарған кезеңге дейін жетсем, саған көмек берсем ғой.Қысқа уақыт ішінде саған уағыздау және жихад жасау бұйрығы келеді» деп, пайғамбарымыздың қолын сүйді. Көп уақыт өтпей Уәрақа бин Нәуфәл қайтыс болды.

 

Уағыз жүргізу бұйрығының келуі

Пайғамбарымызға пайғамбарлығы білдірілген алғашқы уаһи осылай келген болатын. Уаһи осыдан кейін тоқтап, үш жылға дейін келмеді. Осы арада Исрафил алейһиссалам деген періште келіп, біраз нәрселер үйретті. Бұлар уаһи емес болатын. Осы кезеңішінде кей кездері пайғамбарымызды мазасыздық басатын. Пайғамбарымыз ренжіген кезде Жәбрейіл алейһиссалам көрініп: «Ей, Хабибуллаһ! Сен Аллаһу та’аланың пайғамбарысың» деп жұбататын. Пайғамбарымыз былай дейді: «Уаһи тоқтаған кез болатын. Хира тауынан түсіп келе жатқанда кенеттен көктен бір дауыс естідім. Көкке қарадым. Жәбрейіл алейһиссаламды көрдім. Ол жер мен көктің арасындағы бір орында отыр екен. Мен қорықтым. Үйге барып, мені бір нәрсемен жабыңдар дедім. Хақ та’ала уаһи жіберді «Ей бүркенген пайғамбар! Тұр да (қауымыңды Аллаһу та’аланыңазабымен) қорқыт. (Иман келтірмесе азапқа ұшырайтындықтарын хабарла). Раббыңды тәкбір ет. Киіміңді таза ұста» (деген мағынадағы) Мүддессир сүресінің алғашқы аяттарын жеткізді. Бұдан кейін аяттар үзілмеді.»

Пайғамбарымыз адамдарды Исламға шақырып, Аллаһу та’аланың бұйрықтары мен тыйымдарын уағыздай бастады. Жәбрейіл алейһиссалам уаһи әкелгенде кейде адам кейпіне еніп, сахабалардан Дыхие Кәлбидің түрінде келетін. Кейде пайғамбарымыздың жүрегіне білдіретін. Пайғамбарымыз оны көрмейтін. Кейде түсінде, кейде қорқынышты гуіл болып келетін. Уаһидің ең ауыры осы болатын. Бұл сәттерде суық күннің өзінде пайғамбарымыздың маңдайынан тер сорғалайтын. Түйенің үстінде болса уаһидің ауырлығынан түйе жерге жата кететін. Жанындағы сахабалар да уаһидің ауыр болып келгенін сезінетін. Жәбрейіл алейһиссалам бірнеше рет өзінің кейпінде келді.

Аллаһу та’ала періштесіз және пердесіз, яғни ешқандай аралық құралсыз пайғамбарымызға уаһи айтқан. Бұл Миғраж оқиғасында орын алды.

Алғашқы уаһидің келуімен пайғамбарлық қызметін бастаған Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Исламды уағыздауды жиырма үш жыл жалғастырды. Оның он үш жылы Меккеде, он жылы Мәдинада өтті.

Құран Кәрім 22 жыл 2 ай 22 күн  мерзімде уаһи болып түсіп біткен.

Мұхаммед алейһиссалам «Үмми» болатын. Яғни, кітап оқымаған, жаза алмаған, ешкімнен сабақ алмаған. Меккеде туылып, белгілі адамдардың арасында өскен. Солай бола тұра ол Тәурат пен Інжілде грек және римдіктер кезеңінде жазылған кітаптардағы мәліметтерден хабар берген. Исламды тарату үшін хижреттің алтыншы жылында Кіші Азия, Иран және Хабаш (Эфиопия) билеушілеріне және басқа да араб патшаларына хаттар жіберді. Оған алпыстан астам шетел елшісі келген. Бұл жағдайҚұран Кәрімде: «Сен бұл Құран Кәрім келместен бұрын бір кітап оқыған жоқсың. Жазу жазбадың. Оқып-жаза алатын болсаң басқалардан үйрендің деулері мүмкін еді» (Анкәбут сүресі, 48) деп білдірілген. Хадис шәрифте де: «Мен үмми пайғамбар Мұхаммедпін. Менен кейін пайғамбар келмейді»деген. Сондай-ақ, Құран Кәрімде былай делінген: «Ол (Мұхаммед алейһиссалам) өздігінен айтпайды. Оның сөздері Оған уаһимен білдіріледі, үйретіледі». («Нәжм» сүресі, 3,4)