Жыл сайын Арабстанның әртүрлі аймақтарынан адамдар белгілі бір күндерде Қағбаны зиярат ету үшін Меккеге келетін. Бұл күндерде Меккеде бірқатар жәрмеңкелер ұйымдастырылатын. Пайғамбарымыз келгендерді күтіп алып, оларға Исламды түсіндіріп, Аллаһу та’аланың бір, өзінің хақ пайғамбар екенін және құтылу жолының Исламда екенін айтып түсіндіретін. Бір күні Уәлид бин Муғира мүшриктерді жинап, «Ей, Құрайш қауымы! Тағы да Қағбаны зиярат ету маусымы келді. Мұхаммедтің дауысы әлемге жайылды. Араб тайпалары жанына барып, оның тәтті сөздеріне еріп, дініне кіреді. Бұған бір шара ойластыру керек. Бәріміз әуелі келісіп алайық, ол туралы әрқайсысымыз әр түрлі нәрсе айтып, сөзіміз келіспей, өтірігіміз жария болып жүрмесін» деді. Құрайштықтар: «Ей, Абдишәмстің әкесі! Ішіміздегі көрегеніміз сенсің. Сен не айтайық десең біз соны айтамыз» деді. Уәлид: «Жоқ, сендер айтыңдар. Мен тыңдайын» дегенде олар: «Оны көріпкел дейік» деді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Меккеде күндіз-түні адамдарға ашық түрде дағуат жасап, насихат айтып, оларды Ислам дініне шақырып жүрген еді. Меккелік мүшриктер Пайғамбарымыздың бұл әрекеттерін текке шығаруға күш салатын. Оның айтқандарын қабылдап, иман келтіргендерге әр түрлі жалалар жауып, азаптар мен қорлықтар көрсететін еді. Пайғамбарымызбен кездескен, сөйлескен адамды көрсе дереу ол адамның қасына барып, Расулуллаһты тыңдамауы үшін, Оның айтқандарына сенбеуі үшін әр түрлі өтіріктер айтып, айла-амалдар қолданатын. Сырттан Меккеге келгендерді Пайғамбарымызбен кездестірмеу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасайтын.
Хазіреті Аммардың әкесі Ясәр, анасы Сумәййә, бауыры Абдуллаһ бүкіл жанұя болып мұсылмандықты қабылдаған еді. Мүшриктер хазіреті Аммардың анасына, әкесіне және бауырына Аммардың өзіне көрсеткеннен де көп азап көрсететін. Азаптау кезінде оларға күпірлік сөздерді айтқызғылары келетін, бірақ олар: «Терімізді сыпырсаңдар да, етімізді тілім-тілім етіп кессеңдер де сендерді тыңдамаймыз» деп жауап беріп: «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммәдән Расулуллаһ» дейтін. Сондай күндердің бірінде Батха деген жерде Ясәрдің жанұясына мүшриктер тарапынан қорлық көрсетіліп жатқанда Расулуллаһ алейһиссалам сол маңнан өтіп бара жатады. Сахабаларының бұл жағдайын көріп, қатты ренжиді. Хазіреті Ясәр: «Йа, Расулаллаһ! Уақытымыз тек осындай азаптармен өте ме?» деп сұрағанда пайғамбарымыз: «Сабыр етіңдер, ей Ясәр жанұясы! Қуаныңдар ей Аммардың жанұясы! Күмәнсіз, сендердің сый алатын орындарың жұмақ» деді.
Мүшриктер мұсылмандарды азаптап-қинағанда әйел немесе еркек деп бөліп қарамайтын. Алғашқы мұсылмандардың бірі және ешкімі жоқ Зиннирә ханым (радиаллаһу анһа) да бір күң болатын. Оның мұсылман болғанын білген мүшриктер оған да азап көрсетуден тайынбады. Зиннирә ханымды «Лат» пен «Узза» пұттарына табындыру үшін қинап, тұншыққанша буындырып, есінен танып қалғанша қинайтын еді. Соған қарамастан ол дінінен шықпады, олардың айтқандарын істемеді. Әсіресе, оны Әбу Жәһл қатты азаптайтын. Осыдан соң Зиннирәнің (радиаллаһу анһа) көздері көрмей қалды. Бір жолы Әбу Жәһл оған: «Көрдің бе? Лат пен Узза сенің көзіңді көр етті» дегенде Зиннирә ханым имандылығын көрсетіп: «Ей, Әбу Жәһл! Уаллаһи, бұл сенің айтқаныңдай емес. Лат пен Узза деп отырған пұттарың ешқандай іске жарамайды, өздеріне табынғандарды да, табынбағандарды да білмейді. Менің Раббымның көзімнің нұрын беруге және мені бұрынғы қалпыма келтіруге әрине құдыреті жетеді» деді. Әбу Жәһл хазіреті Зиннирәнің берік иманына қайран қалды. Аллаһу та’ала Зиннирәнің (радиаллаһу анһа) дұғасын қабыл етіп, көзі бұрынғысынан да жақсы көретін болды.
Мүшриктер тек пайғамбарымызға ғана емес, оның қадірлі сахабаларына да жәбір көрсетіп, зорлық-зомбылық жасайтын. Әсіресе, кедей, ешкімі жоқ сахабаларға ойларына келген нәрселерді тартынбай істеп, ақылға сыймайтын қиянаттар мен азаптар көрсететін. Сондай жәбірленушілердің бірі Біләл Хабәши (радиаллаһу анһ) болатын. Умәййә бин Халәф деген бір мүшриктің құлы болып жүрген хазіреті Біләл Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) арқылы мұсылмандықты қабылдаған еді. Умәййә он екі құлының ішінен Біләлді қатты жақсы көргендіктен, оны пұтхананың күзетшісі етіп қойған болатын. Хазіреті Біләл мұсылман болғаннан кейін пұтханадағы барлық пұттарды сәжде еткізіп жатқызып қойды. Бұл хабар Умәййәге жеткенде ол жынданып кете жаздады. Хазреті Біләлді алдына шақырып: «Сен мұсылман болыпсың.
Ертеңіне мүшриктер тағы да сол жерге жиналды. Өз араларында пайғамбарымызды жамандап әр нәрсе айта бастады. Сол кезде ол жерге пайғамбарымыз келді. Ызасы келіп отырған мүшриктер Аллаһтың Сүйіктісін көре сала ортаға алып, бассалды. Іштеріндегі ең бедбахт болғаны Уқбә бин Муайт пайғамбарымыздың мүбәрәк жағасынан алып, мойнынан тұншыққанша буындырды. Сол заматта сол жерге келген хазіреті Әбу Бәкір: «Менің құдайым Аллаһ деген адамды өлтіресіңдер ме? Ол сендерге әлемдердің Раббысынан аят әкелді...» деп айқайлап, Расулуллаһты қорғау үшін араларына түсті. Мүшриктер пайғамбарымызды қойып, хазреті Әбу Бәкір Сыддыққа жабылып кетті. Оның мүбәрәк басынан жұдырықтап ұрып, тепкіге ала бастады. Утбә бин Рәбиа деген бедбахт хазіреті Әбу Бәкірдің мүбәрәк бетін аяқ киімімен ұрып, қан жоса етті. Оны адам танымайтындай халге жеткізді. Тәйм ұлдары келіп араша түспегенде өлгенше ұратын еді. Қауымдастары әлсіреп аяққа тұра алмайтындай жағдайға жеткен хазреті Әбу Бәкірді матаға салып үйіне алып барды. Хазреті Әбу Бәкірді үйіне тастап дереу Қағбаға оралып, мүшриктерге: «Егер Әбу Бәкір өлетін болса, ант етеміз, біз де Утбәні өлтіреміз» деп, хазіреті Әбу Бәкірдің үйіне қайтып кетті.
Пайғамбарымыз «Мүддәссир» сүресінің түсуімен адамдарды Ислам дініне дағуат ете (шақыра) бастаған еді. Бұл шақыру ісін жасырын түрде жүргізді. Біраз уақыттан соң «Жақын туыстарыңды Аллаһу та’аланың азабымен қорқытып, оларды хақ дінге шақыр» («Шуара»сүресі, 214) деген мағынадағы аят түсті. Сондықтан Мұхаммед алейһиссалам туыстарын дінге шақыру мақсатымен хазіреті Әли арқылы хабар салып, барлығын Әбу Тәліптің үйіне шақырды. Алдарына бір адамға жететіндей тамак және сүт қойды. Алдымен өзі “бисмилләһ” деп бастап, келген туыстарына ұсынды. Келгендердің саны қырық адам болатын. Алайда, қойылған тамақ бәріне жетті және азаймады. Келгендер бұл мұғжизаға таңырқап, қайран қалды. Тамақтан кейін пайғамбарымыз туыстарын Исламға шақыру үшін сөзін бастағалы тұрғанда көкесі Әбу Ләхәб дұшпандық етіп: «Біз сиқырдың мұндай түрін көрмеген едік. Ей Құрайш тайпасы, мына туыстарың бәріміздің аузымызды ашып сиқыр көрсетіп жатыр.