Сұрақ: Аз сөйлеудің, үндемеудің пайдалары туралы және көп сөйлеудің зияндары туралы мәлімет бересіз бе?
Жауап: Пайғамбарымыз «Аз сөйлеу иманнан, көп сөз екі жүзділіктен» деп білдірген.
Тіл – үлкен ниғмет. Жақсылығы да, жамандығы да үлкен. Жәннатқа да, жаһаннамға да апарады. Көлемі кіші, зардабы үлкен. Адамның иманды немесе имансыз болуы ауыздан шығатын сөздеріне байланысты. Ауыздан шыққан сөз я шындық, я өтірік. Басқа мүшелердің өрісі, ауқымдылығы шектеулі. Құлақ тек естиді, көз тек қана көреді. Ал тілдің өрісі кең. Жақсылық немесе жамандық айту үшін өте кең мүмкіндіктерге ие.
Тіл туралы көптеген хикметті сөздер айтылған:
Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
Сұрақ: Хазреті Иса өлтірілді ме, әлде аспанға көтерілді ме?
Жауап: Иса алейһиссалам өлтірілмеді, аспанға көтерілді. Аллаһу та'ала Нұх алейһиссаламды топаннан, Ибраһим алейһиссаламды оттан құтқарғанындай, Иса алейһиссаламды да яһудилердің қолынан құтқарды. Хазреті Исаға опасыздық жасап, орналасқан жерін хабарлаған мұнафиқ яһудиді хазреті Исаға ұқсатып, оны өлтірген. Құран кәрімде былай делінген:
«Яһудилер Исаны өлтіру үшін тұзақ құрды, ал Аллаһ олардың тұзақтарын бұзды. Аллаһ тұзақ құрғандардың, айлақорлыққа қарсы жаза беретіндердің ең күштісі, ең жақсысы.» (Али Имран 54)
«Аллаһ былай деген: Ей Иса, сені дәргейіме көтеремін.» (Али Имран 55)
Иса (алейһиссалам) - хазіреті Мəриям деген қыздан туылған біз сияқты адам. Құран Кəрімде бұл мəселе айқын көрсетілген жəне қасиетті рух туралы айтылған. Бірақ, мұның мағынасы христиандардың ойлағанындай “Иса Аллаһтың ұлы” деген сөз емес. “Қасиетті рух” (рух-ул-қудс) ұғымы - Аллаһу Та’аланың Иса алейһиссаламға жоғары құтқарушы құдіретінен бергенінің белгісі. Иса алейһиссалам яһудилерге қате жолда екендіктерін, тура жолдың өзі көрсеткен жол екендігін білдірді. Алайда, яһудилер күткен құтқарушыларының өте қатты, айбатты, ұстағанын қирататын алып, яһудилерді басқа ұлттардың құлдығынан құтқаратын адам болуын күткен-ді. Иса алейһиссаламға сенбеді. Оны жалған пайғамбар деп санап, римдіктерге хабарлап, оған қарсы шықты. Өз сенімдері бойынша оны креске керді. Ислам діні креске керілген адамның Иса алейһиссалам емес екендігін, оны аз ақшаға римдіктерге сатқан Асхарют Яһуда (Judas) екендігін айтады. Қазіргі кезеңдегі христиан тарихшылары жасаған зерттеулер Иса алейһиссаламның кресте өлмегендігін көрсетуде. Джон Ребан деген адам осы туралы 1978 жылы өте көп сатылған бір кітап жариялаған еді. Бұл зерттеулер христиандардың “Иса кресте жан тапсырды. Əке Тəңірі жалғыз ұлын күнəһарлар үшін пидаетті” деген аңызының тамырына балта шабуда. Осылайша, христиан тарихшылары ширкеулерге үлкен соққы беруде.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Құран Кәрімді жаттан өте әсем, әсерлі етіп оқитыны соншалық, оны тыңдаған кәпірлер де таң қалатын. Оны тыңдайтын мұсылмандардың саны өте көп еді. Хазіреті Бәра бин Азиб айтады: «Бір құптан намазынан кейін пайғамбарымыз «Тин» сүресін оқып отырғанын тыңдадым, оның өте әсем оқығаны соншалық, өмірімде дауысы мен оқу мәнері Одан артық адамды көрген емеспін».
Сахабалардың ішінде дауысы керемет, Құран оқығанда өзі де жылап, басқаны да жылататын адамдар көп еді. Солардың бірі Усәйд бин Худайр (радиаллаһу анһ) болатын. Бір күні түнде атын қасына байлап қойып, «Бақара» сүресін оқи бастайды. Оқып отырғанда аты бірден үркиді. Хазіреті Усәйд оқудан тоқтайды, ат тынышталады. Қайтадан оқи бастағанда ат тағы да үркиді. Тоқтатса тағы да тынышталады. Қайтадан оқи бастағанда, ат тағы да үркеді. Усәйд бин Худайрдың (радиаллаһу анһ) баласы атқа жақын жерде жатқандықтан ат басып кетуінен қорқып, оқуды тоқтатады. Аспанға қарағанда ақ бұлттың көлеңкесіне ұқсайтын түтін ішінен шырақ сияқты жарқыраған нәрселерді көрді. Оқуды тоқтатқан кезде сол жарқыраған нәрселердің аспанға қарай биіктеп көтерілгенін көрді. Таң атқаннан кейін Пайғамбарымызға барып, болған жәйтті айтып береді.
Пайғамбарымыз сахабаларына дініміздің бұйрықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, үйретті. Иманның, Исламның шарттары, намаз, ораза, қажылық, зекетке қатысты барлық үкімдер, аяти кәримәлардың тәфсирлері, халал және харамдар, ант, нәзір, кәффараттар, сауда-сатыққа қатысты ілімдер, жеп-ішу, киіну, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, көршілік, туыстық және достық қатынастар, үйлену, напақа, мұрагерлік үкімдері, даулар, жазалар, келісім шарттар және серіктестіктер, денсаулық, дұшпанмен соғысу, соғыс құқығы сияқты барлық мәселелерді барлық адам түсінетіндей етіп түсіндіріп, маңызды мәселелерді үш рет қайталайтын. Әйелдерге қатысты мәселелерді әйелдері арқылы үйрететін.
Мұсылмандардың имамы, ұлы сахаба, шыншылдығымен танылған Омар бин Хаттаб (радиаллаһу анһ) былай дейді:
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) сахабаларды жетілдіру, кемелдендіру үшін Мәсжид-ун-Нәбиде керемет сұхбаттар өткізіп, Аллаһу та’аланың өзіне берген файз-берекелерді оларға жеткізді. Пайғамбарымыздың сұхбатына қатысу құрметіне ие болғандар алғашқы сұхбаттың өзінде-ақ жүректерінде үлкен өзгеріс сезініп, биік илаһи марифаттарға (ілімдерге) қол жеткізетін. Осы сұхбаттар арқылы сахабалар пайғамбарымыздан бастап барлық сахаба жолдастарын жақсы көретін халге жететін. Аллаһу та’ала оларды аяттармен мадақтаған. Олар расулуллаһтың алдында асқан әдіптілікпен, басына құс қонып ұшып кетпесін деген адамша қимылсыз, бар ынталарын салып, мұқият тыңдап отыратын. Осылайша, сахабалар (радиаллаһу анһум) пайғамбарлардан және ұлы періштелерден кейінгі ең үстем жаратылыс деңгейіне жетті.
Аллаһу та’ала Құран Кәрімде: «Сендер үмметтердің ең жақсысы, ең қайырлысы болдыңдар. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиясыңдар...» дейді. («Әл Имран» сүресі, 110)
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мен хазіреті Әбу Бәкір көшкен кездерінде балаларын Меккеге қалдырып кеткен болатын. Хазіреті Хадиша анамыз қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң хазіреті Айшамен Меккеде атастырылды. Имам Бұхаридің риуаят еткен хадис шәрифінде хазіреті Айша былай деген: «Пайғамбарымыз маған «Ей, Айша! Сен маған түсімде екі рет көрсетілдің. Мен жасыл жібек матадағы сенің суретіңді көрдім. Маған «Бұл сенің болашақ жарың» делінді» деді». Осыдан кейін пайғамбарымыз бен хазіреті Айша атастырылды. Бірақ, той ол кезде жасалған жоқ. Мұны хазіреті Айша былай түсіндіреді:
«Пайғамбарымыз Мәдинаға көшкен кезде бізді және қыздарын Меккеге қалдырып кеткен еді. Мәдинаға барғаннан кейін азат құлы Зәйд бин Хариса мен Әбу Рафиді екі түйе мен керек заттарды сатып алу үшін 500 дирхам ақшамен бізге жіберді.