Пайғамбарымыз Мәдина Мүнәууәрәда тығыз байланыстың орнауы үшін, көшіп келген мұхажирлер мен оларды үйлеріне қонақ еткен ансарларды бір-біріне бауыр етті. Хазіреті Әли ең соңында қалған кезде ұмытылдым деп ойлап, «Йа, Расулаллаһ! Мені ұмытып кеттіңіз бе?» дейді. Әлемдердің мырзасы – Пайғамбарымыз «Сен дүниеде және ахыретте менің бауырымсың» деді. Бұл бауырластық материалдық және рухани көмек беру негізіне сүйенетін. Осылайша, мұхажирлер елдерінен, отандарынан, туыстарынан ажыраудың қайғысынан біраз да болса арылатын еді. Онсыз да мәдиналық мұсылмандар (радиаллаһу анһум) Аллаһу та’аланың дінін ұстану және тарату үшін отандарын тастап келген мұхажир бауырларына құшақтарын ашып, үйлерінен жай беріп, оларға барлық жақтан көмектесіп жатқан еді. Бұл бауырластық арқылы меккелік және мәдиналық мұсылмандар бір-біріне одан да жақындай түсті. Пайғамбарымыз әрбір мұхажирді мінезіне сай келетін бір ансармен бауыр етті. Бұл бауырластықтың деңгейі әкелерінен қалған мал-мүлікті бөлісетіндей жағдайда еді.
Пайғамбарымызға пайғамбарлығы білдірілгеннен кейін 13 жылдан соң 12 рабиул-әууәлда, милади 622 жылы Мәдинаға көшуімен 10 жылға созылатын Мәдина дәуірі басталды.
Пайғамбарымыз Халид бин Зәйд Әбу Әйуб Әл-Әнсаридің үйіне келгеннен кейін астыңғы қабатта тұруды таңдап, сол жерге орналасады. Осылайша, әлемнің сұлтанын қонақ ету құрметі осы сахабаға бұйырды.
Хазіреті Халид былай дейді: «Расулуллаһ үйіме келген кезде төменгі қабатта тұруды таңдады. Біз үстіңгі қабатта тұрып, бұл жағдайдан қатты ыңғайсызданатынбыз. Бір күні «Барлық нәрсем жолыңа құрбан, йа Расулуллаһ! Сіздің төменгі қабатта тұрып, өзімнің жоғарыда тұратыныма еш көңілім тыншыр емес. Бұл маған ауыр тиеді. Сіз үстіңгі қабатта тұрыңыз, мен астыңғы қабатта тұрайын» дедім. Ол маған «Йа, Әбу Әйуб! Үйдің астыңғы қабатында тұру біз үшін ыңғайлырақ» деді.
Мүшриктер Мәдинаға қарай жолға шыққан Мұхаммед алейһиссаламды және хазіреті Әбу Бәкірді тоқтаусыз іздеді. Егер таппаса өздеріне үлкен қауіп төнетін еді. Өйткені, мұсылмандар Ислам мемлекетін құрып, өздерін құртатынына көздері жетті. Сол себептен мүшриктер барлық нәрселерін ортаға салды. Пайғамбарымыз бен Әбу Бәкірді (радиаллаһу анһ) өлтірген немесе ұстап әкелген адамға жүз түйемен қоса сансыз мал, ақша беруге уәде берді. Бұл хабар Сүрақа бин Маликтің тайпасы Мүдлиж ұлдарына да жетті. Сүрақа бин Малик жақсы із кесетін. Сондықтан бұл мәселеге мән беріп қарады.
Мүдлиж ұлдары бір сейсенбіде Сүрақа бин Малик тұратын аймақтағы Қудәйдке жиналады. Жиналысқа Сүрақа бин Малик те қатысады. Сол кезде құрайыш адамдарының бірі келіп, Сүрақаға «Ей, Сүрақа! Мен жаңа жағалауға қарай кетіп бара жатқан үш адамды көрдім.
Расулуллаһ алейһиссаламның пайғамбарлық міндетін атқарғанына 13 жыл болған еді. Меккелік мүшриктердің мұсылмандарға жасаған зұлымдығы шектен шығып, шыдау мүмкін емес жағдайға келген-ді. Мәдинада болса Әсад бин Зурарә мен Мусаб бин Умәйрдің (радиаллаһу анһума) қызметтерінің арқасында Әус және Хазрәж тайпалары мұсылмандарға құшақ жайып, оларды бауырына басып барлық көмекті көрсететіндей дәрежеде сүйіспеншілік пен ынтада еді. Пайғамбарымыздың да тезірек Мәдинаға көшуін сұрап, Ол үшін мал-жандарын құрбан ететіндіктеріне сөз беруде еді. Қажылық маусымы келген болатын. Мусаб бин Умәйрмен бірге мәдиналық 73 еркек және 2 әйел мұсылмандар Меккеге келді. Қажылықтан кейін барлығы тағы да Ақабәда пайғамбарымызбен кездесті. Әсад бин Зурарә мен оның 12 өкілі, тайпаларының атынан пайғамбарымыздың Мәдинаға көшуін ұсынды. Расулуллаһ оларға Құран кәрімнен біраз аяттар оқығаннан кейін өз жандарын, өз бала-шағаларын қалай қорғаса, Оны да солай қорғайтынына олардан уәде талап етті.
Сенен қадірлі және абыройлы ешкім болмайды...Пайғамбарымыз жыл сайын Қағбаны зиярат етуге келген тайпаларды дінге шақырып, олардың тозақ отынан құтылып, мәңгілік бақытқа қауышулары үшін күш салып, әр түрлі зұлымдықпен азаптарға мойымастан, пайғамбарлық міндетін атқаруды жалғастырып жүрді. Тайпалардың, керуендердің қонған жеріне барып, келгендерге: «Аллаһу та’аланың пайғамбарлық міндетін орындап болғанға дейін маған пана болып, дұшпандарымнан қорғап тұра алатын және көмек беретін кім бар?(Осылайша) оған жаннат берілсін» дейтін, бірақ пана болатын да, жәрдем беретін де ешкім табылмайтын.
Пайғамбарлығының он бірінші жылы болатын. Жәрмеңкеде Қағбаны зиярат етуге келген Мәдина халқының бір тобын кездестірді. Олардан «Сендер кімсіңдер?» деп сұрағанда олар өздерінің мәдиналық Хазрәж тайпасынан екендіктерін айтты.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) адамдардың ең таңдаулылары болған сахабаларына теңдессіз даналық насихаттарын айтып, олардың жүректерін нұрландыратын еді. Келген аяттарды түсіндіріп, ешнәрсені түсініксіз қалдырмайтын. Осы арада мүшриктердің де жиналған жерлеріне барып, олардың иман келтіруі үшін жалықпастан, мойымастан дағуат жасайтын. Бұған Әбу Жәһл мен Уәлид бин Мұғира қатты ашуланып: «Бұлай кете берсе Мұхаммед барлық адамды өз дініне тартып, пұтқа табынатын ешкімді қалдырмас» дейтін. Олар бір күні бұл істі бітірудің жалғыз шарасы – Расулуллаһты өлтіру, деген шешімге келді. Әбу Жәһл Уәлид бин Мұғираны және Маһзум ұлдарынан бірнеше жігітті ертіп, Бәйтуллаһқа барды. Ол кезде сүйікті пайғамбарымыз намаз оқып отырған болатын. Әбу Жәһл қолына тас алып, алға ұмтылды. Расулуллаһты ұрайын деп тасты көтерген кезде, қолдары сол күйінде ауада әрекетсіз қатып қалды. Ол ешнәрсе істей алмай сасқалақтады.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) үлкен ұлы Қасым он жеті айлық кезінде шетінеп кеткен еді. Бұл қайғылы оқиғадан біршама жыл өткеннен кейін тағы бір ұлы Абдуллаһ (радиаллаһу анһ) та қайтыс болды. Расулуллаһ алейһиссалам мүбәрәк көздерінен жас парлап тұрған күйде тауға қарап: «Ей, тау! Менің басыма түскен іс сенің басыңа келсе шыдай алмай қирар едің!» деп қайғысын білдірді. Хазіреті Хадиша анамыздың: «Йа Расулаллаһ! Олар қазір қайда?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Олар жұмақта» деп жауап берді. Әлемдердің сұлтаны – сүйікті пайғамбарымыздың екі ұлының да қайтыс болғанына мүшриктер қатты қуанды. Әбу Жәһл сияқты кәпірлер мұны оңтайлы сәт деп есептеп: «Енді Мұхаммед тексіз, оның ұрпағы кесілді. Тегін жалғастыратын ер баласы қалмады. Өзі өлген соң аты да, даңқы да өшеді» деп жар салды. Осы жағдайға орай Аллаһу та’ала «Кәусар» сүресін түсіріп, Расулын жұбатты: «Ақиқатында, біз саған Кәусарды бердік (Кәусар қауызын, көптеген жақсылықтарды жараттық). Олай болса, Раббың үшін намаз оқы. Құрбандық шал. Дұрысы саған (тегі кесілді) деп тіл тигізген адамның өзі қайырсыз және тексіз (Саған тексіз деген адамның өзі тексіз, намыссыз және оның аты өшеді. Саған келетін болсақ Хабибім, сенің пәк ұрпағың, атағың мен абыройың қиямет күніне дейін жалғасады. Ақыретте де саған ойға келмейтін ғажайып даңқтар беріледі)».