Пломба және қаптама тiсi болғандар үшін
Ханафи мазһабында тiстiң арасына және тiс шұнқұрларына су тимесе ғұсыл дұрыс алынбаған болып есептеледі. Сондықтан тiсiнде коронкасы немесе пломбасы болғандардың ғұсылы өтпейді, яғни адам жүнiптiктен құтыла алмайды. Алтын, күмiс және нәжіс болмаған басқа заттардан жасалған қаптама және пломбалардың астына су кірмейінше Ханафи ғалымдарының барлығының үкімі бойынша ғұсыл жаиз болмайды.
Тахтавидiң «Мәрақил-фалаһ» кiтабының 96–шы бетiнде және де мұның аудармасы «Ниматул-Ислам» кiтабында былай деп жазылған: «Ханафи мазһабындағы адам өзiнiң мазһабы бойынша iстей алмаған бiр амалды iстеу үшiн Шафии мазһабын тақлид ете алады, яғни сол мазһабтың үкімдерінен пайдалана алады». «Бахр-ур-раиқ» және «Нахр-ул-фаиқ» кітаптарында да солай жазылған. Бiрақ, бұл амалды орындау кезінде сол мазһабтың шарттарын да орындауы керек. Осындай бір қиындық туындамай тұрып және шарттарын орындамай басқа мазһабқа елiктеуге рұқсат жоқ!
Өз мазһабындағы бiр парызды орындай алмаған адамның, тек қана осы парызды орындауы үшiн ыңғайлы басқа мазһабты тақлид етуі қажет. Бiрақ, бұл амалды орындау барысында тақлид еткен, яғни үкімдерін пайдаланып отырған мазһабының шарттарын да міндетті түрде ұстану қажет.
Тiсiн қаптатқан және пломбалаған ханафилердің ғұсылы дұрыс болмайды. Бұлардың пломбасын, не коронкасын алып тастауы машақат болғандықтан ғұсылда ауыз ішін жууды парыз санамайтын мазһабтар бойынша ғұсыл алуы керек болады. Ал хақ мазһабтар ішінде ауыз ішін жуу сүннет болғандары - Малики және Шафии мазһабтары. Демек, тісінде коронка, пломба болған ханафилер осы екі мазһабты тақлид ету үшiн ғұсылға, дәретке және намазға ниет етерде имам Маликке немесе имам Шафииге ұйыдым деп көңілінен өткізеді. Яғни ғұсыл алуды бастағанда, мысалыға Малики мазһабы бойынша ғұсыл алуға ниет еттімдеген сөзді жүрегiнен өткізген адамның ғұсылы сахих болады. Жүнiптiктен құтылады.
Осылайша Малики немесе Шафии мазһабын тақлид еткендердің ғұсылы, дәреті және намазы да сахих болады. Бұлар коронкасы, пломбасы жоқ адамдарға да имам бола алады.
Шафииді тақлид еткен кісі имамның артында тұрғанда фатиха сүресін оқуы; өзінің және басқалардың дәрет мүшесіне алақаны тигенде; некелесуі харам болған 18 әйелден басқа әйелдердің денесіне қолы тигенде дәрет алуы, дәретке ниет етуі фарз.
Құран Кәрімді қолға ұстайтын кезде де Шафии бойынша дәретті болу тиіс. Ханафилердің Шафииді тақлид етіп бесін мен екінті және шам мен құптан намаздарын өз арасында жәм қылып (қосып) оқи алуы үшін тағы да Шафии бойынша дәрет алуы керек.