Тарауих намазы

Тарауих намазы еркектерге де әйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының әр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптанның соңғы сүннетімен уiтiр намазының арасы. Мәселен тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге уiтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса тарауих намазы емес нәпiл намазы болады. Тарауих намазы жиырма рәкаттан тұрады.

Ораза және аштық

Ораза – тек аштық пен шөлдеу деген сөз емес. Бір жануарды немесе сенбейтін адамды бір бөлмеге қамап, аш-сусыз қалдырумен оған ораза ұстатқызған болмаймыз. Оразаның сабыр, шүкір, нәпіс тәрбиесі сияқты басқа ғибадаттармен байланысы бар. Осы себептен хадис шәрифте «Әр нәрсенің есігі бар. Ал ғибадаттардың есігі – ораза» делінген. (Ибн Мүбәрәк)

Жүйке жүйесінің денедегі орны өте маңызды. Тіл жүйкелері сал болған адам сөйлей алмайды. Аяқтағы жүйкелер сал болса, адам жүре алмайды. Жүйкеміздің бұзылу шамасында өмірімізге аз немесе көп қауіп төнеді. Жүйкесі бұзылған адам мазасыз болады, сабыр ете алмайды. Қоғамдағы ұрыс-керістердің, қылмыстардың көбі жүйкесі жұқа болудан, сабырсыздықтан туындауда. «Ораза сабырдың, ал сабыр иманның жартысы» деген хадис шәриф ораза ұстаған адамның сабырлы екенін білдіруде. (Әбу Нуайм)

Күнә істеп жүрген адамның оразасы

Сұрақ: Кейбір адамдар «Намаз оқымайтын, ішкілік ішетін, орамалсыз ашық-шашық жүретін немесе басқа күнәларды істеп жүрген адам босқа ораза ұстамау керек» деп жатады. Бұл сөз дұрыс па?

Жауап: Жоқ, дінге қайшы. Бірнеше күнә істеген адамның басқа күнәларды да істеуі қажет емес. Әрі ораза тұтып, әрі күнә істейтін адам, ораза ұстау арқылы берілетін үлкен сауапқа жете алмайды, бірақ ахиретте неге ораза ұстамадың деп есепке тартылмайды. Ораза парызын өтеген болады, тіпті оразаның берекетімен басқа күнәлардан да сақтану мүмкіндігі болады.

Сапарда ораза ұстау

Сұрақ: Сапарда жүрген адамға Рамазан оразасы парыз ба?

Жауап: Иә, бірақ қазаға қалдыруы жаиз болады.

Сұрақ: Сапарда ораза ұстау міндетті емес болғанына қарағанда, Рамазан оразасын ұстаған адам нәпіл сауабын алады ма?

Жауап: Сафари (жолаушы) болған адам Рамазан оразасын ұстаса парыз сауабын алады.

Ораза тұтқан адамға мәкрух болған нәрселер

Мәкрух болатындар мыналар:

1) Тістерді тіс пастасымен тазалау, пастасыз болса мәкрух болмайды.

2) Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух. Егер ауыздағы жара намаз оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды, өйткені үзір бар.

3) Жүніп болу ықтималы бар кезде әйелін сүю.

4) Рамазан күні инемен дәрі (укол) қабылдау немесе өз қалауымен ауыз толтырып құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің етеккірі (хайзы) тоқтаса кешке дейін ораза ұстаған адамдай ешнәрсе жемей жүрулері керек, ішіп-жеулері мәкрух болады.

Ахиреттің бақытына қауышу үшін бұл ай мүмкіндік

Бақыт айы, мейірім айы, кешірім айы болған қасиетті Рамазан айы басталды...

Бәрімізді қасиетті Рамазан айының шапағаты мен берекесіне қауышқан, Рамазан айында кешірілген және тозақтан азат етілген пенделерінен етуін Хақ та’аладан тілейміз.

Дін бауырларымызға қайырлы өмір, жақсы мінез-құлық, сәлим ақыл, зор денсаулық, берік иман, тура жол және рушду хидаят ихсан етуін Раббымыздан тілейміз.

Бәрат – құтылудың құжаты

Бәрат немесе Бәраат сөзінің сөздіктегі мағынасы – ақталу, кінәдан, жазадан құтылу, бір адамның тағылған кінәдан ұзақ екенінің немесе айтылған айыптардың шын мәнінде айып емес екенінің анықталуы дегенді білдіреді. Сонымен қатар, Бәрат – құтылудың құжаты деген мағынаға да келеді.

Аллаһу та'ала төрт адамды төрт нәрсе арқылы айыптан, жаладан бәрат еттірген. Юсуф алейһиссаламды куәгер арқылы, Мұса алейһиссаламды киімін арқалап жүретін тас арқылы, хазіреті Мәриямды баласын сөйлету арқылы, хазіреті Айшаны Нұр сүресінің жиырма алтыншы аяты арқылы бәрат еттірген.Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ахиретте көптеген адам жәннатқа есепке тартылмай кіреді. Оларға мизан, таразы құрылмайды. Оларға берілген парақ беттерінде: “Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ. Бұл – пәленше ұлы түгеншенің жәннатқа кіруінің және жаһаннамнан құтылуының бәраты (құжаты)” деп жазылады.» деген.