Аллаһу та’аланың дүниедегі барлық адамдарға деген мейірімі шексіз. Адамдарға қажетті ниғметтерін жаратып, барлығына жіберуде. Дүниеде және ахиретте бақытқа қауышулары үшін бұл ниғметтерді қалай қолдану, қалай пайдалану керектігін де көрсеткен. Исламды мүлдем естімеген кәпірлердің жаһанннамға кірмейтінін, есеп-қисаптан кейін жануарлар секілді жоқ болып кететінін хазреті Имам Раббани 259-шы хатында білдірген. Естігеннен кейін иман келтіргендерді жаннатқа кіргізеді. Құлдарына ойлану үшін бір ғұмырлық уақыт берген.
Сұрақ: Ықылас және рия деген не?
Жауап: Ықылас – денемен немесе мал-мүлкпен жасалатын парыз немесе нәпіл ғибадаттарды Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз. Мал-мүлік үшін, атақ үшін, құрметті және абыройлы болу үшін жасалған ғибадаттарда ықылас болмайды, рия болады. Мұндай ғибадатқа сауап берілмейді. Керісінше күнә болады, азапқа лайық болады. Харам істейтіндермен, бидғатшылармен және кәпірлермен дос, көрші болғандардың ықыластары қалмайды.
Расулуллаһтың алейһиссалам дүниеге келуінің алдында және туылған кезінде Оның келетінін сүйіншілейтін бірқатар оқиғалар орын алған. Сол кездің танымал тұлғалары пайғамбарымыз дүниеге келместен бұрын ғажайып түстер көрген. Түстерін көріпкелдер мен сол кездің атақты ғалымдарына жорытқан кезде, олар бұл түстерді Мұхаммед алейһиссаламның келетініне жориды.
Сұрақ: Хадис құдси деген не?
Жауап: Мағынасы да, сөздері де пайғамбарымыздан болған сөздер хадис деп аталады. Мағынасы Аллаһу та'ала тарапынан білдіріліп, пайғамбарымыздың өз сөздерімен жеткізген сөздері хадис құдси деп аталады. Сондықтан хадис құдси нақл етілгенде, яғни айтылғанда «Аллаһу та'ала хадис құдсида былай дейді...» деп айтылады. Сәадати әбәдийә және де басқа кітаптарда өткен хадис құдсилардың біразы төмендегідей:
Мұқтаж болмасада төмендегi он нәрсеге мән берiлу керек.
1. Екi қолы шолақ болған адам, үлкен дәрет ала алмайды. Бұл кісі шолақ қолын топыраққа, жүзін дуалға сүртіп тәйәммум алады. Жүзiнде де жарасы бар болса намазын дәретсiз оқиды, яғни қазаға қалдырмайды.
2. Ауру адамға жұбайы немесе күйеуi, балалары, бауырлары дәрет алдырады.
Сұрақ: Белгілі бір нәрсені істемеймін деп ант еткеннен кейін сол нәрсені істеп қойса, антты бұзғаны үшін не істеуі керек? Мысалыға “темекі тартпаймын” деп ант ішкен адам темекі тартып қойса не болады?
Жауап: Ант ішкен соң оны бұзған кісі ант каффаратын (жазасын) төлеу керек болады.
Ант каффараты үшін зекет алуы жаиз болған он кедейге бүкіл денесін жабатын бір комплект киім беріледі. Немесе аш болған он кедейге бір күнде екі рет тамақ беріледі. Он кедейге бір рет бір фитра (бір пітір=1750гр) мөлшерінде бидай, ұн беруге болады. Немесе соның құнына тең бағада мата, сүлгі, орамал, шұлық, ет, күріш, аяқ киім, дәрі немесе дұрыс бір дін кітабын яки алтын беру де жаиз. Осылардың ешқайсысына әлі жетпеген кісі арасын үзбей 3 күн ораза тұтып береді.
Сұрақ: Сүннет пен парыз немесе парыз бен сүннет намаздарының арасында сөйлеу, сәлем алып-беру, дұға ету, тәсбих тарту, Құран оқу бидғат па? Бамдат намазының сүннетін үйінде оқып келген адам, мешітте тәсбихын алып кәлимаи тәуһид немесе салауати шәрифә оқыса немесе сөйлесе не болады?
Жауап: "Мәрақил-фәлах" кітабының Тахтауи хашиясының аудармасы болып табылатын "Нимет-и Ислам" кітабының «Нәпіл намаздар» бөлімінде былай делінеді:
«Парыз бен сүннет немесе сүннет пен парыз арасында сөйлеу алдыңғы сүннетті жоқ қылмайды. Бірақ, сүннеттің сауабын азайтады. Ондай жағдайда ең дұрыс болған қаулы – сүннетті қайта оқу. Кез-келген дұға да бұл жерде сөйлеу сияқты болады.»
Дәл осы нәрсе "Дуррул-Мухтар" кітабында да өткен: «Дұрыс болған қаулы – сүннет қабыл болмайды, сүннетті қайта оқу керек.» Бұл сөз "Дуррул-Мухтар"дың арапша нұсқасының 457-бетінде, кейбір басылымдарында 711-бетінде жарық көрген.