Ант бұзудың жазасы (каффараты)
Сұрақ: Белгілі бір нәрсені істемеймін деп ант еткеннен кейін сол нәрсені істеп қойса, антты бұзғаны үшін не істеуі керек? Мысалыға “темекі тартпаймын” деп ант ішкен адам темекі тартып қойса не болады?
Жауап: Ант ішкен соң оны бұзған кісі ант каффаратын (жазасын) төлеу керек болады.
Ант каффараты үшін зекет алуы жаиз болған он кедейге бүкіл денесін жабатын бір комплект киім беріледі. Немесе аш болған он кедейге бір күнде екі рет тамақ беріледі. Он кедейге бір рет бір фитра (бір пітір=1750гр) мөлшерінде бидай, ұн беруге болады. Немесе соның құнына тең бағада мата, сүлгі, орамал, шұлық, ет, күріш, аяқ киім, дәрі немесе дұрыс бір дін кітабын яки алтын беру де жаиз. Осылардың ешқайсысына әлі жетпеген кісі арасын үзбей 3 күн ораза тұтып береді.
Антты бұзып алған кезде оның жазасын (каффарат) өтеудің ең оңай жолы он кедейге дұрыс [әһли сүннет кітабы болуы шарт. Мысалыға біздің сайтта кеңес берілген кітаптардан он данасын алып он кісіге таратып берген дұрыс болады] діни кітап беру.
Антты бұзбай жатып каффарат жасалмайды. Жасалса да сахих-дұрыс болмайды. Антты бұзғаннан кейін қайта каффарат жасауы керек болады. Бірақ "харам нәрсе істеймін" деп ант берген адам ол харамды істемей оның орнына антты бұзудың каффаратын (жазасын) төлейді. Антын бұзған адам жазасын тезде төлеуге тырысуы керек. Кешіктіру күнә болады. Құран Кәрімде: "Аллаһу та’ала біле тұра істеген анттарыңнан өздеріңді жауапкер етіп, есепке тартады."делінген. [Мәида сүресі 89]
"Темекі тартпаймын" деп он рет қайта-қайта ант еткен адам темекі тартса, барлығы үшін бір рет каффарат жасайды. Бірақ әр анттың арасында темекі тартса әрбір антты бұзғаны үшін бөлек бөлек каффарат жасайды.
Каффарат жасап болғаннан кейін темекі тарту күнә болмайды. Бірақ бір тастаған екенсіз қайта бастамағаныңыз абзал болар.