Кімдердің дұғасы қабыл болады?
Сұрақ: Қандай адамдардың дұғасы қабыл болады?
Жауап: Қажылардың, мужаһидтердің, дертті адамдардың, науқастардың, ғаріптердің, мазлұмдардың (зұлымдық көргендердің), жолаушылардың, ата-ананың, пәлекет келуден бұрын дұға еткен адамның, көп зікір ететін адамның, мұсылмандықта шаштары ағарған адамның, ораза ұстағанның, салих ғалымның және әділ басқарушының дұғалары қабыл болады.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Мына төрт дұға кері қайтарылмайды: Дін бауырына өзі жоқта, оның хабарынсыз артынан жасалған дұға. Жазылғанға дейін науқастың, кері қайтқанға дейін қажылыққа және жиһадқа кеткен адамның дұғасы.» (Дәйләми)
«Дертті адамның дұғасын ғанимет деп біліңдер!» (Әбушшәйһ)
«Ораза ұстаған адамның дұғасы қайтарылмайды.» (Тирмизи)
«Мына үш адамның ақысын тек мұнафиқ болған адам ғана елемейді: Ислам жолында шашын ағартқан кісі, ілімді адам және әділ басқарушы.» (Хатиб)
«Мына үш адамның дұғасы қайтарылмайды: Көп зікір ететін адам, мазлұм және әділ басқарушы.» (Бәйһақи)
«Мына үш адамның дұғасы қабыл болады: Ата-ана, жолаушы және мазлұм.» (Ибн Мажа, Әбу Дауд, Тирмизи)
«Қиналған кезінде дұғасының қабыл болуын қалаған адам сау-саламат кезінде көп дұға етсін!» (Тирмизи)
«Дұғаның қабыл болуы үшін екі нәрсе қажет: Дұғаны ықыласпен жасау керек. Ішкен-жегені мен кигені халалдан болуы керек. Бөлмесінде харамнан бір жіп болса да бар болған адамның сол бөлмеде жасаған дұғасы қабыл болмайды.» (Тәрғибус-салат)
«Дұға еткен адамның не күнәлары кешіріледі, не бірден қайырлы қайтарымын көреді немесе ахиретте марапатын алады.»(Дәйләми)