Ысрап та етпеу керек, сараңдық та
Сұрақ: Садақа беруде де ысрап бола ма?
Жауап: Садақа бергенде де ысрап болады. Сабит бин Қайс хазреттері бір күнде 500 құрма ағашының жемістерін жинап, барлығын садақаға беріп үйіне ешнәрсе қалдырмаған кезде «Бәрін де бермеңдер»аяти кәримасы келді. Муаз бин Жәбәл хазреттерінің бір құрма ағашы бар еді. Құрмаларын жинап, барлығын садақаға бергенінде «Бірақ, ысрап етпеңдер» аяти кәримасы келді.
Бір ер бала Расулуллаһ алейһиссаламға келіп қажет боп тұр деп біраз нәрселер сұрады. Расулуллаһ сұраған нәрсесінің ешқайсысының жоқ екенін айтқанда жігіт онда көйлегіңізді берсеңіз деді. Расулуллаһ мүбәрәк денесінен дереу көйлегін шешіп берді. Сөйтіп, көйлексіз қалды. Сол кезде«Ей Хабибім, өзіңе қалмайтындай етіп таратпа» аяти кәримасы келді.
Қарызынан көп мүлкі болмаған немесе бала-шағасы жоқшылыққа шыдай алмай жатқанда, бұлардың нәпақасынан артық мүлкі болмаған немесе қиыншылыққа шыдай алмайтын жағдайда, өзі мұқтаж болған адамның садақа және қарыз беруі ысрап болады. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Өзі немесе бала-шағасы мұқтаж кезде немесе қарызы бар кезде берілген садақа қабыл болмайды. Қарызды төлеу, садақа мен сыйлық беруден де маңызды.» (Бұхари)
Өзі немесе бала-шағасы шыдай алмайтынның садақа беруі мәкрух болады. Тіпті, кейбір ғұламалардың айтуы бойынша қабыл болмайды.(Тариқати Мухаммәдийә)