Ислам ілімдері
Ислам ілімдері “Улуми нақлийа” (нақыл ілімдері, дін ілімдері) және “Улуми ақлийа” (ақли ілімдер, пән (жаратылыстану) ілімдері) болып екіге бөлінеді. Улуми нақлийа яғни дін ілімдері де екіге бөлінеді, “Улуми алийа” (жоғары ілімдер) және “Улуми ибтидаийа” құрал (көмекші) ілімдер. Жоғары ілімдер сегіз:
1) “Тәфсир” ілімі.
2) “Усули кәлам” ілімі. Кәлам ілімінің аяти кәрималардан және хадис шәрифтерден қалай шығарылатынын үйрететін ілім. Бұл ілім “Хадиқа” кітабында кеңінен түсіндірілген.
3) “Кәлам” ілімі. Шәһадат кәлимасы және бұған байланысты болған иманның алты негізін үйрететін ілім.
4) “Усули хадис” ілімі. Хадис шәрифтердің түрлерін үйрететін ілім.
5) “Хадис” ілімі. Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” әф’ал, ақуал және ахуалын үйретеді.
6) “Усули фиқһ” ілімі. Фиқһ ілімдерінің аяти кәрималардан және хадис шәрифтерден қалай шығарылатынын үйретеді. “Мәнар” атты усул кітабы мәшһүр.
7) “Фиқһ” ілімі. Мүкәлләф мұсылмандардың міндеттерін үйретеді. Яғни денемен жасалуы және сақтануы керекті әмірлермен тыйымдарды және мубахтарды үйретеді. Фиқһ ілімі төртке бөлінеді: ғибадат, мунәкәхат, муамелат және уқубат.
8) “Тасаууф” ілімі. Көңілмен (жүрекпен) жасалуы және сақтануы керек болған нәрселерді және көңілдің, рухтың тазаруының жолдарын үйретеді. Бұған “Ахлақ ілімі” немесе “Ихлас ілімі” деп те айтылады.
Бұл сегіз ілімнен кәлам, фиқһ және ахлақ ілімдерін қажетті мөлшерде үйрену және бала-шағаға үйрету әрбір мұсылманға парыз айн болып табылады. Бұл үш ілімді артығымен және қалған бес жоғары ілімді және пән ілімдерін үйрену парыз кифая. “Бәззазийа” кітабында былай делінеді: «Құран кәрімнен біршама сүре жаттағаннан кейін фиқһ үйрену керек. Өйткені Құран кәрімнің барлығын жаттау парыз кифая. Ал қажетті фиқһ ілімдерін үйрену парыз айн.» Мухаммед бин Хасен Шәйбани “рахметуллаһи та’ала алейһ” былай деген: «Әрбір мұсылманның харамдарды, халалдарды білдіретін екі жүз мың фиқһ мәселесін үйренуі керек. Парыздан кейін ғибадаттардың ең құндысы ілім және фиқһ үйрену.»
“Хадиқа” кітабында исламның тыйым салған зиянды ілімдерді түсіндіріп жатып былай делінеді: “кәлам” ілімін әһли сүннет уәлжамағат ғалымдарының білдірген ақиданы үйренетіндей және бұларды ақыл және нақылмен дәлелдей алатындай және азғындарға, дінсіздерге айта алатындай мөлшерде оқу парыз айн болып, бұдан артығын үйрену тек дін ғұламаларына керек. Басқаларға жаиз емес. Дінге көмектесу үшін артығымен үйрену парыз кифая болғанымен мұны тек Аллаһ разылығы үшін үйренетін, ақылы зерек дін адамының үйренуі жаиз. Өзге адамдар үйренетін болса адасады, бұрыс (қате) жолдарға түседі. (зындық, яғни қып-қызыл дін дұшпанына айналады.) Имам Шафии “рахметуллаһи алейһ” былай деген: «Кәлам ілімімен шұғылданып адасудың жанында, үлкен күнә істеу жеңіл болып қалады.» Имам Шафиидің заманындағы Кәлам іліміне осылай делінген болса, қазіргі дін жаһилдерінің қысқа көзқарастары және қиялдарымен жазған дін кітаптарын оқудың қаншалықты қауіпті екенін және зияндылығын ойлап көру керек. Имам Шафии тағы бірде былай дейді: «Әһли сүннет ақидасын жақсы үйренбей тұрып, кәлам ілімімен шұғылданудың зияндылығы білінгенде, адамдар кәлам ілімімен айналысудан арыстаннан қашқандай қашар еді.» Қазір өз ақылымен, өз ой-пікірімен кәлам (ақида, сенім) ілімі кітабын жазатындар көбейіп кетті. Бұлардың кітаптары ширк және адасушылықпен толы. Имам Әбу Юсуф «Кәлам ілімімен шұғылданатындардың имам болуы жаиз емес.» деп бұйырған. “Бәззазийа” фәтуасында «Кәлам ілімімен шұғылданатындардың көбі зындық болады» деп бұйырылған. Ал фиқһ ілімімен шұғылдану, яғни парыздармен харамдарды үйрену барлық мұсылманға парыз айн. Артығымен үйрену де парыз кифая болып, өте сауапты іс. Ешқандай зияны жоқ. Хадиқадан аударма тамам болды. Өзінің нұқсан ілімдерімен және адасқан ой-пікірлерімен дін кітабын жазу мода халіне келді. Бұл кітаптарына “Құранның аудармасы” және “Құранның ақиқаты” секілді есімдер тағылып жастардың алдына берілуде. Тек қана осы кітаптарды оқыңдар деп әһли сүннет ғалымдарының білдірген дұрыс дін ілімдерінің үйренілуіне тосқауыл болуда. Бұларға зындық делінеді. Зындықтар мұсылмандарды адасушылыққа, пәлекетке жетелеуде. Шынайы мұсылман болу үшін салих мұсылмандардың жазған “Илмихал” кітаптарын оқу керек.
Осы сегіз жоғары ілімдерді үйрене алу үшін керекті “Құрал ілімдері” он екі. Бұлар: Сарф, иштиқақ, нахв, китабат, иштиқақи кәбир, луғат, мәтни луғат, бәйан, мә’ани, бәди, бәлағат, инша ілімдері. Дін ілімдері осылайша жиырма болуда.
(Садәти Әбәдийа 413-414 беттер)