Аударма оқу неліктен зиянды?
Сұрақ: Не себептен Құран кәрімнің аудармасын оқуға болмайды? Аударманың ешқандай пайдасы жоқ па? Ана тілі арабша болған адам, онсыз да, біз аудармадан түсінгенімізді түсінеді. Арабша білмейтіндердің аударма оқып, арабша білетін арабтардың дәрежесінде Құранды түсінуінде қандай зиян бар? Егер аударма оқу дұрыс емес болса, онда Ресей Ислам дініне зиянды болған нәрсеге не себептен тыйым салған? Заманға сай аударма жазылу керек емес пе?
Жауап: Құран кәрімнің аудармасын оқудың зияны пайдасынан әлдеқайда көбірек. Тіпті зиянымен салыстырғанда пайдасы жоқтай. Қожа Насреддин «Бір тамшы бал үшін таяқ жесең өлмейсің» деген. Бал жеймін деп таяқ жеген өлмейді, алайда аударма оқып, қате үкім шығарған адам иманын жоғалтып алуы мүмкін. Егер тәубе етпейтін болса, мәңгілікке тозақта қалады. Мәңгіліктің жанында миллиондардың, миллиардтардың құны да жоқ.
Құран кәрімді түсіну – Аллаһтың сөзінен Оның не айтпақшыболғанын түсіну деген сөз. Қазіргі таңдағы аударма дегеніміз – аудармашының аяти каримадан өз түсінгенін білдіруі деген сөз. Яғни аударма оқығанымызда біз Аллаһу та'аланың не айтпақшы болғанын түсінген болмаймыз, керісінше сол аударманы жазған адамның жеке пікірлерін жұқтырған боламыз. Құран кәрімнің аудармасын жазған адам қате жазған болса, жазған адам да, оқып мұны қабыл еткен адам да күпірге түседі (иманын жоғалтады). Құран кәрімді қате түсіну немесе күмән келтіру иманнан айырады. Мәктубати Раббани кітапбындағы хадис шәрифте: «Құранды өз көзқарасы бойынша тәпсірлеген адам кәпір болады» делінген. (Дәйләми)
Міне осы себептен хазреті Әбу Бәкір Сыддық, пайғамбарлардан кейін адамдардың ең үстем болуына қарамастан, «Құран кәрімді өз көзқарасым бойынша тәпсірлесем, мені қай жер көтереді, маған қай аспан көлеңке береді?» деген. (Ширъа)
Мұхаммед Хадими хазреттері былай деді: «Құран кәрімге өз көзқарасымен берілген мағына дұрыс болып шықса да, дұрыс жолмен шығарылмағандықтан қате болады. Ал шығарылған мағына қате болса, ол адам кәпір болады.» (Бәриқа)
Егер әркім Құран кәрімді дұрыс түсіне алғанда, 72 адасқан ағым пайда болмай, әркім дұрыс сенім - Әһли сүннет сенімінде болатын еді. Әркім әр түрлі түсінгендіктен және әр түрлі қылып аударғандықтан, 72 адасқан ағым пайда болды. «Құран кәрім дұрыс болғандықтан, аудармасы да дұрыс» деп айту мүлдем дұрыс емес, үлкен қателік болып табылады.
72 адасқан жолдың басшылары ғалым болса да, қате түсініп адасқаннан кейін, атеизмнен кеше шыққан біздердің қандай жағдайға тап болатынымызды болжау қиын болмайды.
Егер дұрыс аударма жазу дінге қызмет ету болып саналғанда, 13 ғасырлық Ислам мемелекеттері, халифалар дәуірінде көптеген аударма жаздырар еді. Алайда тарихтағы ең өркендеген бірде бір Ислам мемлекетінде ондай қателікке жол берілмей керісінше фиқһ кітаптары көбірек жазылып таратылған. Аударма жазғызбаған Аббаси, Омаяд, Тимурұлдары, Бабурилер және Осман империясы секілді күшті ислам елдері Ислам дінінің дұшпаны болған ба? Аудармаға қарсы болуды Құранға қарсы болу деп көрсеткісі келген адамдар осы жайтты ойланбаған ба? Ата-бабаларымыз ғалым кісілер болған еді. Ғалым болса да олар дінге қызмет етуді білмейді-де, аударма жазғандар білген бе сонда?
Арапша білетін адам да Құран кәрімнің мағынасын түсіне алмайды. Араптар, әсіресе Саудиялықтар қате түсінгендігінен, «Аллаһ аспанда Аршта отыр. Аллаһтың қолы бар, көзі бар» деп махлұқтарға (жаратылыстарына) ұқсатты. Хазреті Адам, хазреті Шит, хазреті Идрис сияқты пайғамбарларды жоққа шығарды, Әһли сүннет болған мұсылмандарға мүшрик деді. Осылайша өздері күпірге түсті. Осы сенімдегі адамдарға Уаххаби делінеді. Уаххабилердің кәпір екендігі Нимет-и Ислам, Хуласат-ул кәлам фи баяни умәраил бәләдил харам, Фиррадди аләл-уаххабийа, Әд-Дүрәр-ус-сәнийа, Шәуаһид-ул хақ, Мират-ул Харамәйн, Тарих-и Уаххабийан және Ислам Ахлақы сияқты көптеген құнды кітаптарда жазылған.
Бір мұсылманға қажет болған аяттардың мағыналары, тәпсірлері илмихал кітаптарында бар. Яғни бір мұсылман илмихал оқу арқылы түсіндірмесімен бірге Құран кәрімге қатысты жеткілікті мөлшерде білімге ие бола алады. Аллаһу та'аланың бізге нені бұйырғанын, неге тыйым салғанын үйренеді.
Илмихал оқымастан фиқһ үкімдерін аудармадан өзіміз табуға тырысатын болсақ, 72 адасқан ағымның ғалымдары сияқты, біз де осы мұхитқа батып кетеміз. Имам Шарани хазреттері былай деді:
«Намаздардың қанша рәкат екенін, руку мен сәждеде оқылатын тәсбихтерді, айт пен жаназа намаздарының қалай оқылатынын, зекеттің нисабын, ораза мен қажылықтың парыздарын, құқық білімдерін Құран кәрімнен тікелей түсінуіміз мүмкін емес.» (Мизан-ул Кубра)
Бір мысал келтірейік: Дәреттің парыздары Ханафиде 4, Шафииде 6, Малики мен Ханбалиде одан да көп. Аудармадан осыларды да үйренуіміз мүмкін болмаса, итиқад (сенім) мәселелерін үйренуіміз қалайша мүмкін болады? Олай болса, аудармадан ештеңе үйрене алмайтын болсақ, онда не үшін оқимыз?
Оның үстіне дүкендерден дұрыс аударма табу да мүмкін емес. 1986 жылы Стамбұлда ұйымдастырылған Құран аудармаларының семпозиумында 1500-ден астам аударма зерттелді және бір-біріне сай келмейтін үкімдердің бар екені байқалды. Әркім өз түсінгені бойынша аударма жазғандықтан, алдымызда қорқынышты жағдай туындады. Ал енді біз қай аударманы оқимыз? Әр аударманың жазушылары «Ең дұрысы – біз жазған аударма» дейді. Бір аяттың бірнеше мағынасы бола алады. Бұлардың тек бірі ғана алынса, нұқсан болып қалады. Яғни ең дұрыс жазылғанында да нұқсандық болады.
«Аударма оқу дұрыс емес болса, неліктен Ресей аудармаларға тыйым салды?» деген сұрақтар туындайды. Тыйым салынған нәрсенің міндетті түрде құнды болуы керек пе? Қате болса да, олар Ислам дінінің жайылуын қаламайды. Әрі ресейліктер Ислам дінінің дұрысын, яғни дұрыс болғанының Әһли сүннет екенін қалай біле алады? Білетін болса, онсыз да мұсылман болар еді. Ресейде Шиилік те, Уаххабилік те жайыла бастаса, олар мұның алдын алуға тырысады. Әлде «Мына ағым адасқан, осы жайыла берсін» деуі керек пе? Мысалы Қазақстанда Христиан дінінің ағымдарынан Католик пен Протестант ағымдары жайыла бастаса, «Бұлар онсыз да адасқан, жайыла берсін» дейді ме? Немесе біз осы ағымдардың жайылуының алдын алуға тырыссақ, «Қара, мұсылмандар біздің жолымызды құртуға тырысып жатыр, олай болса біздің жолымыз дұрыс» десе, бұл сөздері қате болмайды ма? Ресейдегі аудармаларға салынған тыйымға осы тұрғыдан қарау керек.
Ресейдің аудармаларға тыйым салуға тырысуы аударма жазудың дұрыс екенін мүлдем көрсетпейді. Бәлкім Ресейде аударма жазғандар – Уаххабилер. Өйткені Уаххабилер әлемнің барлық жағына, тіпті Қазақстанға да тегін аудармалар жібереді. Әр мемлекеттен қажылыққа келгендерге де беріп жатыр. Уаххабилер неліктен Әһли сүннет ғалымы жазған илмихал кітабын емес, Құраннан өз түсінгендерін жаюға тырысып жатыр? Әрине мұны мұсылмандарды Әһли сүннеттен айыру үшін істеп жатыр. Өздерінен сұрағанда «Сендерді ширктен құтқаруға тырысып жатырмыз» деп жауап береді. Аудармаларды жайып, Уаххабилерге жәрдемші болудың жауапкершілігін ойлау керек.
Соңғы ғасырдың тәпсірі немесе Заманауи тәпсір деген атаулармен жаңа кітаптардың жазылуы одан да қауіпті. Құран кәрімнің әмірлері барлық замандағы адамдар үшін бірдей. Алдыңғы ғасырдағыларға басқа, кейінгі ғасырлардағыларға басқа мағыналары жоқ. Әр заманға, әр ғасырға сай әр түрлі аударма немесе тәпсір жазу дегеніміз – дінді әр ғасырда бұзу деген сөз. «Заманауи аударма» немесе «Заманауи тәпсір» деген атаулармен шыққан кітаптар осы тұрғыдан өте қауіпті.