Бал тәпсірі
Бір күні сүйікті пайғамбарымыз алейһиссалам сахабаларымен бірге отырған еді. Кенеттен ортаға бір ақ тас түсті. Іші ақ балға толы еді. Оның үстінде бір ақ қыл бар еді. Бәрі таң қалды. Сонда Расулуллаһ алейһиссалам былай деді:
«Келіңдер, әрбіріміз бұл үш нәрсеге бір мысал келтірмегенше қол тигізбейік.»
Хазреті Әбу Бәкір былай деді:
«Расулуллаһ хазреттері мына тастан нұрлырақ. Расулуллаһпен сөйлесу мына балдан тәттірек. Расулуллаһтың сүннетін орындау мына қылдан нәзігірек.»
Хазреті Омар былай деді:
«Иман мына тастан нұрлырақ. Иман келтіру мына балдан тәттірек. Иманмен кету мына қылдан нәзігірек.»
Одан кейін хазреті Осман былай деді:
«Құран кәрім мына тастан нұрлырақ. Құран кәрім оқу мына балдан тәттірек. Құран кәрімнің бұйрығын ұстану мына қылдан нәзігірек.»
Кейін хазреті Әли былай деді:
«Қонақтың жүзі мына тастан нұрлырақ. Қонақпен бірге отырып тамақ жеу мына балдан тәттірек. Қонақтың құрметтеу мына қылдан нәзігірек.»
Содан соң хазреті Айша анамыз былай деді:
«Халал (күйеуінің) жүз мына тастан нұрлырақ. Халалыңмен сөйлесу мына балдан тәттірек. Халалыңа қызмет ету мына қылдан нәзігірек.»
Содан кейін хазреті Фатима-туз-Зәхра былай деді:
«Қыз перзентінің жүзі мына тастан нұрлырақ. Ата-анасын жақсы көруі мына балдан тәттірек. Қыз перзентінің айыпсыз үйленуі мына қылдан нәзігірек.»
Содан соң сүйікті пайғамбарымыз былай деді:
«Үмбетімнің жүзі мына тастан нұрлырақ. Үмбетіме шапаған ету мына балдан тәттірек. Шапағаттың қабыл болуы мына қылдан нәзігірек.» (Мәнакиб-и чихар йары Гузин, 42-ші бөлім)