Иман және дінде берік болудың дұғасы
Сұрақ: Күпірге түспеу үшін кеңес беретін дұғаңыз бар ма?
Жауап: Күпірге түспеу үшін таңертең және кешке оқылатын дұға:
«Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин ән-ушрикә бикә шәй-ән уә әнә ә’ләму уә әстағфирукә лимә лә ә’ләму иннәкә әнтә ъалламулғуйуб»
Дінде берік болу үшін және соңғы демде иманмен өлу үшін мына дұғаны әр уақытта оқып жүру керек:
«Аллаһүммә йа муқаллибәл қулуб, сәббит қалби ъала диник»
Мағынасы: (Ей ұлы Аллаһым! Көңілдерді жақсыдан жаманға, жаманнан жақсыға айналдыратын жалғыз сенсің. Көңілімді дініңе берік қыл, яғни дініңнен айырма!)
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Дүние және ақырет бақытын қалайтын адам “Аллаһүммә Раббәнә әтина фиддуня хасәнәтән уә фил ахирати хасәнәтән уә қина азабәннар. Бирахматикә йа әрхамаррахимин” дұғасын оқысын.»
Мына дұғаны әрқашан оқып жүру керек:
«Аллаһүммә инни әс-әлукәссыйххатә уәлафийәтә уәлләманәтә уә хуснәл-хулқи уәррыйдаә билқадари бирахмәтикә йа архамаррахимин»
(Ей мейірімділердің ең мейірімдісі Аллаһым, мейіріміңнің хаққы үшін денсаулық, амандық, аманатқа мұқият болуды, көркем мінезді болуды және тағдырыңа разы болуды нәсіп ет!)
Дұрыс сенімге ие болып харамдардан қашатын және ғибадаттарын жасайтын адам иманмен өледі. Намаз оқитын адамның мына дұғаны оқуы жақсы болады.
«“Йа хаййу, йа қаййум, йа зәлжәләли уәл икрам. Аллаһуммә инни әс-әлукә ән тухйийә қалби би нури марифәтикә әбәдән йа Аллаһ, йа Аллаһ, йа Аллаһ жәллә жәләлуһ” Бұл дұғаны таң намазының сүннетімен парызының арасында оқыған адам жанын иманмен тапсырады.» (Тирмизи)
Ханафи мазһабында сүннетпен парыздың арасында ешнәрсе оқылмайды. Бұл дұға намаздан кейін дұға еткенде оқылады. (Әйухәл уәләд илмихалы)
Өте маңызды ескерту
Еркек те, әйел де әрбір мұсылманның әр сөзінде, әр ісінде Аллаһу та’аланың әмірлеріне яғни парыздарына және тыйым салғандарына яғни харамдарға мән беруі керек. Парыздың орындалуына, харамнан қашуға мән бермейтін адамның иманы кетеді. Имансыз адам қабірде азап шегеді, ал ақыретте мәңгі жаһаннамда жанады. Кешірілу, жаһаннамнан шығу мүмкіндігі, ықтималдығы жоқ.
Күпірге түсу өте оңай. Әр сөзде, әр істе күпірге түсу мүмкін. Күпірден құтылу да өте оңай. Күпірдің себебін білмесе де күнде бір рет «Йа Рабби, біліп немесе білмей күпірге себеп болатын бір сөз айтқан болсам немесе күпірге себеп болатын бір іс істеген болсам оған өкіндім, тәубе еттім. Мені кешіре гөр.» деп тәубе етсе, Аллаһу та’алаға жалбарынса міндетті түрде кешіріледі. Жаһаннамға түсуден құтылады. Жаһаннамда шексіз жанбау үшін күнде міндетті түрде тәубе ету керек. Бұл тәубеден асқан маңызды міндет жоқ. Құл ақысы өткен күнәларға тәубе еткенде бұл ақыларды өтеу, қайтару керек және тәрк етілген намаздар үшін тәубе еткенде бұлардың қазасын оқу керек. (С. Әбәдийа)