Ақылға деген мұқтаждық
Сұрақ: Дінді түсіне алу үшін басқалардың (пайғамбардың, сахабалардың және ғалымдардың) ақылы мен көзқарасына жүгінбестен, өз ақылымызбен амал етуге тырысуымыз керек. Аллаһ құлдарына жақсы мен жаманды ажырату қабілетін (фурқан, ақыл) берген. Осындай қабілетімізді қолданбастан, пайғамбар, сахаба, ғалымдардың ақылдарын өлшем қылуымыз, оларға мойынсұнуымыз дұрыс емес. Аллаһ ақылдарын қолданбағандарды жамандаған емес пе?
Жауап: Бұл өте қате түсінік. Расулуллаһтың, ғалымдардың ақылдарын, үкімдерін өлшем қылмау, елемеу Құран кәрімді мойындамғандық болады. Өйткені Құран кәрімде: «Түсінбеген істің үкімін Аллаһқа (Құранға) және расулына (сүннетке) ұсыныңдар!» делінген. Сонда ғалымдардың сүннетке қарауы, мойынсұнуы айыпты нәрсе болды ма? Бұл Аллаһу та’аланың әмірі емес пе?
«Мұның үкімін пайғамбардан немесе улул-әмірден (ғалымнан) сұрағанда, олардан оның мән-жайын білер еді.» (Ниса 83) Улул-әмірдің ғалымдар екендігі тәфсир кітаптарында жазылған. Расулуллаһ алейһиссалам да: «Улул әмір – фиқһ ғалымдары»,- деп бұйырған. (Дарими)
«Бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсінеді.» (Анкәбут 43) Демек ғалымдардан басқа ешбір адам Құран кәрімді түсіне алмайды. Олай болса ғалымдардың үкімдеріне еруге кім, не себепті қарсы шығады?
«Білмесеңдер ғалымдардан сұраңдар!» (Нахл 43) Білмейтіндердің ғалымдардан сұрауы - Аллаһу та’аланың әмірі.
«Аллаһтан ең көп қорқатындар тек ғалымдар.» (Фатыр 28) Өйткені ғалымдар Аллаһу та’аланы ең жақсы танығандар, сондықтан қатты қорқады. Аллаһтан қорқу – үлкен мәртебе. Расулуллаһ алейһиссалам: «Аллаһтан ең қатты қорқатын менмін»,- деп бұйырған. (Бұхари) Бұл аяти кәримамен хадис шәрифте ғалымдардың дәрежесінің қаншалықты биік екендігі көрсетілген.
«Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» (Зүмәр 9) Демек барлық адамдардың ақылы өлшем бола алмайды, өйткені адамдар арасында білетіндер де, білмейтіндер де бар. Пайғамбарымыздың және ғалымдардың қасында біздің ақылымыздың не маңызы бар? Әркім өз бетінше, өз ақылымен жүрген жағдайда қанша ақыл болса, соншама дін шығар еді. Онсыз да Құран кәрімге өз ақылдарымен мағынана беруге тырысқандар сансыз көп ағымдармен секталардың шығуына себепші болған. Ғалымдардың айтқанына мойынсұнып, білетіндерден сұраған адам өз ақылын қолданған болып саналады. Мәселен жүзуды білмейтін адам: «жүзіп жатқандардың барлығы мен сияқты адам ғой» деп дарияның ортасына секірсе не болады? Әрине, суға батып өледі. Әркім өзінің шамасына қарау керек.
Ненің дұрыс, ненің бұрыс, ненің жақсы, ненің жаман екендігі тек діннің білдіргендеріне қарап аңғарылады. Еш нәрсе адамдардың айтқанымен жақсы немесе жаман бола алмайды. Өйткені, біреуге ұнаған нәрсе, басқаға ұнамауы мүмкін. Мысалыға үйленудегі неке қию рәсімі мұсылмандар үшін қажетті әрі жақсы амал болса, кейбір атеисттер үшін ақымақтық болып көрінеді! Бұл тұрғыдан қарағанда ақылдылар кімдер сонда? Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Ақылды адам – Аллаһқа және расулына сеніп, ғибадаттарын орындайтын адам.» (Ибн Мухбар)
«Ақылды адам – Аллаһу та’аладан ең қатты қорқатын, Оның әмірлеріне ең әдемі түрде мойынсұнатын адам.» (Ибн Мухбар)
«Ақылды адам - өз нәпсін есепке тартып, өлімнен кейінгі өмірге дайындалған адам.» (Тирмизи)
«Аллаһ дәргейіндегі ең құрметтілерің – ақылы жағынан ең үстем болғандарың.» (И. Ғазали)
Ақыл – бір өлшеу құралы. Бірақ Аллаһу та’алаға тән ілімдерде өлшем бола алмайды. Ақыл әр адамда әртүрлі деңгейде болатындығы үшін кейбір адамдар дүниелік істерде дәл тауып жатса, кейбіреулері жаңылысып жатады.
Ақылдың түсіну кеңістігі шектеулі. Оның сыртындағы нәрселерді өлшеуге, түсінуге күші жетпейді. Ақыл адамдардың бәрінде бірдей емес. Ең жоғарғы дәрежедегі ақылмен, ең төменгі ақылдың арасында мыңдаған дәрежелер бар. Олай болса, «Ақылдың жолы бір» дейтіндер қатты жаңылысады. Кез келген істе, әсіресе діни істерде ақылға сенуге болмайды. Дін істері ақылмен құрылмайды. Өйткені ақыл тұрақты емес, бір шешімде тұрмайды. Ең ақылды деген адамның өзі дін үкімдері былай тұрсын, жеке кәсібі болған дүние істерінің өзінде көп қателесіп жатады. Мұндай айнымалы, қатешіл ақылға қалайша сенуге болады?
Діннің негізі
Ақыл көп нәрсені түсінеді, бірақ барлық нәрсені түсіне алмайды. Түсіну қабілеті де мінсіз емес, кемісті. Көп нәрселерді пайғамбарлардың білдіруімен ғана түсінген. Ақыл тіпті дүние істерінде де көп қателеседі. Оны білмейтін адам жоқ. Дін ілімдерін мұндай кемісті ақылмен өлшеуге тырысу дұрыс емес. Дін ілімдерін ақылмен өлшеп, ақылға сәйкес келе ме? деп зерттеу ақылдың мүлдем жаңылмайтынына сену болып табылады және пайғамбарға сенбегендік болады. Діннің негізі – пайғамбарға сену. Ақыл осы негізгі қағиданы қабыл еткенде ғана, пайғамбардың айтқандарының бәрін қабылдаған болады.
Аллаһу та'ала ақылымызды пайдалану үшін пайғамбар және кітап жібергеніне қарағанда бұларға сенбеу үшін қандай да бір сылтау іздеудің қажеті жоқ. Қазіргі таңда Құран кәрімнің үлкен муғжиза екенін тіпті батыстық ғалымдар да мойындаған. Сонымен қатар ғылыми тәжірибелермен де дәлелденген. Бір сөзі өзгеретін болса, адамның сөзі араласқандығын ислам ғалымдары оңай аңғарады. Аллаһу та'аланы жаратушы ретінде қабылдамау, әмірі мен тыйымдарын қабылдамау ақылға сай нәрсе емес. Бұл күннің бар екеніне сеніп, күн сәулесіне, жарығына сенбеу немесе туылуға сеніп, өлімге сенбеу сияқты әбестік.
Ақылмен түсіндіру
Сұрақ: Аллаһу та’аланың болмысын және дініміздің үкімдерін жақсырақ түсіну үшін және көңіліміздің (жүрегіміздің) толық сенімге қауышуы үшін бұларды ақылмен түсіндірген кітаптарды оқу керек емес пе?
Жауап: Хазреті Имам Раббани былай деп бұйырған:
Көңілді (жүректі) толық иманға қауыштыратын тек қана бір жол бар. Ол – Аллаһу та’аланы зікір ету. Ақылмен жүрек толық сенімге қауыша алмайды. “Рад” сүресінің 28-ші аяти кәримасында былай делінеді: «Біліңдер! Көңілдер тек қана Аллаһты зікір етумен толық иманға қауышады.»
Аллаһу та’аланың есімін атап, оны еске алғанда онымен бір жақындық орнамайды. Бірақ еске алушымен еске алынушы арасында аз ғана байланыс пайда болады. Осы байланыстан сүйіспеншілік туындайды. Зікір етуші адамның жүрегін Аллаһқа деген сүйіспеншілік қаптағанда, жүрегінде толық сенім пайда болады. Жүректе толық сенімнің пайда болуы адамды шексіз бақытқа қауыштырады. (1/92)
Бұған дәлел іздеудің қажеті жоқ. Өйткені Аллаһу та’аланың бар екені анық. Анық екеніне де ешқандай шүбһә жоқ. Барлық нәрседен де анық. Тек көңілі ауру, көзінде пердесі бар надандар ғана көре алмайды. Барлық нәрсе бес сезім мүшемізбен де аңғарылады. Барлық нәрсенің бар болуы Аллаһу та’аладан. (1/247)
Ақылдың пайғамбарға оңай сенуі үшін және жүректе толық иман пайда болуы үшін ең жақын жол – Аллаһу та’аланы зікір ету. Толық иманға осылай қауышылады. Ойланып, ақылмен өлшеумен мұндай үлкен дәрежеге қауышу өте қиын. Діннің үкімдерін өз ақылымен түсінуге тырысқан адам пайғамбарлыққа сенбеген болады. (1/214)
Сұрақ: Мұсылман немесе кәпір болып жүріп есі ауысқан адам, сол ессіз (жынды) күйінше өлсе, оған бұрынғы есі бар кезіндегі халіне қарап мәміле етіле ме?
Жауап: Иә.