Бір күні яһудилердің бірі, екі өтірікші куәгер табады да пайғамбарымыздың жанына барып былай дейді:
-Ей Мұхаммед! Сахабаларыңнан пәлен кісі менің түйемді ұрлап алды. Оны көрген куәлар да бар, міне олар.
Әркім өз тарапын, өз жағын, өзінің қай тараптың адамы екенін білдіруі тиіс. Басқа амал жоқ. Өйткені ахыретте адамның баратын екі жері ғана бар. Бірі - Жұмақ, екіншісі – Тозақ. Үшінші жер жоқ. Ахыретте «Сен қай тараптың адамысың?» деп сұралады.
Расулуллаһтың жолы
Пайғамбарымыздың жолы - Құран Кәріммен, хадис шәрифтермен және мужтаһидтердің ижтиһадтарымен көрсетілген жол! Осы үш дәлелмен бірге тағы "Ижмаи уммет" деп аталатын Сахабалармен Табеиннің...
Сұрақ: Құранда болмағанымен намазда Сүбһанака, әттаһияту, салли-барик дұғалары неліктен оқылады? Егер хадистерде бар десеңіз мен хадистерге сенбеймін. Өйткені хадистер Әмәуи арабтарының ойдан шығарғандары. Салли-барикті оқумен адам Расулға табынған болмай ма? ...
Сұрақ: Дінді түсіне алу үшін басқалардың (пайғамбардың, сахабалардың және ғалымдардың) ақылы мен көзқарасына жүгінбестен, өз ақылымызбен амал етуге тырысуымыз керек. Аллаһ құлдарына жақсы мен жаманды ажырату қабілетін (фурқан, ақыл) берген. Осындай қабілетімізді қолданбастан, пайғамбар, сахаба, ...
Хазіреті пайғамбарымызға қарсы жаман сөздер айтатын бір әйел бар болатын, пайғамбарымызды ұнатпайтын. Бір күні бұл әйел бір ұл босанады. Баласы 2-3 айлық болған кезде баласын алып көшеде кетіп бара жатқанда пайғамбарымызға кездеседі. Әйел тағы да әдепсіздік жасауға ...
Пайғамбарымызбен Хазреті Әбу Бәкір Хижрет кезінде тау үңгірінде үш күн болды. Әбу Бәкір Сыддық қатты шөлдегенін айтқанда Пайғамбарымыз оған былай бұйырды:
– Ей Әбу Бәкір! Сыртқа шық, ағып тұрған өзеннен қалағаныңша іш!
Хазреті Әбу Бәкір сыртқа шыққанында таң қалды. Қардан суық және аппақ, балдан тәтті және хош иісті бір өзеннің ағып тұрғанын көрді.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың шапағат етуі қалай болады?
Жауап: Қабірден бірінші болып Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” тұрады. Үстінде жұмақ киімі болады. Лиуа-ул-һамд деп аталатын байрақты ұстап, Бұрақ (жұмақ жануары) деп аталатын жануарға мініп махшар алаңына барады. Пайғамбарлар және барлық адамдар осы байрақтың астында тұрады. Барлық адам күтуден қатты жалығып, әуелі пайғамбарлардан хазреті Адамға, кейін хазреті Нұхқа, кейін хазреті Ибраһимге, хазреті Мұса мен хазреті Исаға барып, есептің басталуы үшін шапағат етулерін тілейді. Олар кешірім өтініп, Аллаһу та’аладан ұялатындарын айтып, шапағат ете алмайды. Одан кейін адамдар пайғамбарымыз Мұхаммед “алейһиссаламға” келіп жалынып-жалбарынады.
Бір күні өте кедей бір кісі Мұса алейһиссаламға: «Йа Мұса, жылдар бойы ғибадат етудемін, бірақ кедейліктен өлуге айналдым. Аллаһу та'алаға дұға ет, маған көп мал-мүлік берсін. Жағдайымды түзеп алайын» дейді. Мұса алейһиссалам Тур тауына барып Аллаһу та'алаға дұға етеді. Аллаһу та'ала: «Ол құлымнан сұра! Байлықты дүниеде берейін бе, ахиретте ме?» дейді. Мұса алейһиссалам кедейге келіп сұрайды. Кедей: «Мен байлықты дүниеде қалаймын» деп жауап береді. Мұса алейһиссалам: «Үш күндік дүниені не қыласың? Бір күні барлығын тастап кетесің ғой. Сен байлықты ахиретте сұра, ол жақ мәңгілік» деп кеңес береді. Кедей: «Таңдау маған берілді, мен дүниеде қалаймын» дейді. Мұса алейһиссалам кедейге: «Өзің білесің» деп, Тур тауына барып Аллаһқа: «Йа Раббым, Өзің білетініңдей ол құлың байлықты дүниеде қалады» дейді. Аллаһу та'ала: «Қалауы осы болса, байлықты дүниеде бердім» дейді.
Сұрақ: Намаздан кейін салауат айтудың сауабы көп дейді және салауат қалай оқылады?
Жауап: “Салат” - дұға деген сөз. Ал “салауат” дегеніміз “салат” сөзінің көпше түрі, дұғалар дегенді білдіреді. Салауат қысқаша: “Аллаһүммә салли ала Мухаммәд уә ала али Мухаммәд” деп айту. Пайғамбарымыздың аты айтылғанда “алейһиссалам”, “алейһиссалату уәссәләм” немесе ”саллаллаһу алейһи уәсәлләм” деп айтумен де Пайғамбарымызға дұға етілген, яғни салауат етілген болады.