Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттері туралы мәшһүр және құнды фиқһ кітаптарында түрлі хадис шәрифтер бар. Ең құнды фиқһ кітаптарының бірі болған Дуррул-Мухтар кітабының алғысөзінде жазылған хадис шәрифте былай делінеді: «Адам алейһиссалам менімен мақтанғаны секілді мен де үмметімнен есімі Нуман, лақабы Әбу Ханифа болған адаммен мақтанамын. Ол – үмметімнің нұры.»

“Мәдуатүл-улум” және “Хайратүл-хисан” кітаптарындағы хадис шәрифтерде былай делінген:

«Әбу Ханифа есімді кісі келеді. Ол – қиямет күні үмметімнің нұры болады.»

«Әбу Ханифа деген кісі келеді, Аллаһтың дінін және менің сүннетімді жандандырады.»

«Әр ғасырда үмметімнен жоғарылаған адам болады. Әбу Ханифа – заманының ең үстемі.»

“Мирати каинат”
кітабындағы бірнеше хадис шәрифте былай делінген:

«Әбу Ханифа есімді бір кісі келеді. Ол – үмметімнің ең қайырлысы.»

«Үмметімнен біреуі дінді жандандырады. Бидғатты өлтіреді. Есімі – Нуман бин Сабит.»

«Әбу Ханифаның екі жауырынының арасында мең бар. Аллаһу та'ала дінін оның қолымен жандандырады.»

Хазреті Ибн Абидин Дуррул-Мухтар атты кітабының алғысөзіндегі хадис шәрифтерді былай деп ашықтаған:

“Бұхари және басқа да хадис ғұламаларының риуаят еткен хадис шәрифте: «Иман үркер жұлдызына шығып кетсе, Фарис (парсы) ұлдарының бірі әлбетте алып келеді.» делінген. Бұхаридің тағы бір риуаятында: «Аллаһ атымен ант етемін, дін үркер жұлдызында ілініп тұрса, оны Фарис ұлдарынан, парсылардан бір адам алады.» деп бұйырылған. Фарис – Иранның Фәрс деп аталатын мемлекетіндегі адамдар деген сөз. Имам Ағзамның атасы сол жерден. Бұл хадис шәрифтің Имам Ағзамды көрсетіп тұрғаны анық.


Имам Суйути: «Бұл хадисте Әбу Ханифаның айтылғаны айдан анық. Мұнда күмән жоқ. Өйткені парсылардан ілімде Әбу Ханифа дәрежесіне жеткен ешкім жоқ.» деген.

           

Имам Ағзам Әбу Ханифа Нуман бин Сабит төрт мазһабтың имамдарының ішінде Сахабаларға ең жақын болғаны, өзі табеиндерден, ілімі ең жоғары, фиқһта ең ілгерілеген ғұлама, өте тақуа болған. Имам Шарани хазреттері Шафии мазһабында бола тұра Имам Ағзамды былай сипаттаған: «Оған ешкім тіл тигізбеуі керек. Өйткені ол төрт имамның ең ұлысы, мазһабтың алғашқы құрушысы, иснадтары Пайғамбарға ең жақын болғаны, Сахабалар мен Табеиндердің өмір сүргендерін ең көп көргені еді. Әр сөзі кітап пен сүннетке сүйенген. Өз ойымен, өз пікірімен ешнәрсе айтпаған.”

           
Шафии мазһабының ғұламаларының бірі болған ибн Хажәри Мәкки, имам Ағзамды таныту үшін бір кітап жазған. Кітабының аты – Хайратул-хисан фи мәнақибин-Нуман.

Ханафи мазһабының ғұламаларының бірі болған ибни Абидин Рәддүл-Мухтар кітабының алғысөзінде былай дейді:

Имам Ағзамның ұлылығының дәлелі – қалған мазһаб имамдары оның барлық сөздерін дәлел етіп алуы. Мазһабының ғұламалары оның уақытынан бұл уақытқа дейін барлық жерде соның сөздерімен фәтуа берді. Әулиелердің көбі оның мазһабы бойынша кәміл болды. Анадолу, Балқан мұсылмандары, Үнді, Синд және Түркістан (Орт Азия) тек қана оның мазһабын біледі. Аббаси мемлекеті қанша өз аталарының мазһабында болса да, қазыларының, басшыларының, ғалымдарының басым бөлігі Ханафи мазһабында еді. Бесжүз жыл шамасында осы мазһабпен амал етті. Бұл мемлекеттің орнына құрылған Сәлжүктер және одан кейінгі Харезм сұлтандары және ұлы Осман мемлекеті Ханафи мазһабында еді.


Ұлы ғалым Мухаммед Тахир Cыддықи “Мәжмаул бихар фи ғараиб-ит-тәнзил уә ләтаиф-ил-ахбар” атты кітабында былай дейді: «Имам Ағзамнан Аллаһу та'аланың разы болғанының белгісі – мазһабының барлық жерге жайылуын оңайлатуы. Бұл істе бір илаһи сыр болмағанда жер бетіндегі мұсылмандардың көбі оның мазһабында болмайтын еді.»

Бұхараның ұлы ғұлама-әулиелерінің бірі Мухаммед Париса хазреттері “Фусули ситтә” кітабында: “Хазреті Иса көктен (Шамға) түскен кезде ижтиһад және амалы имам Әбу Ханифаның мазһабына сәйкес болады.” деген. Бұл сөз бәлкім ұлы имамның Иса алейһиссаламға ұқсастығын көрсетуде. Бұл үмметтің ғалымдарының, салихтерінің басым бөлігі Ханафи мазһабында еді. Мазһабсыздардың мұндай ұлы ғалымға және ілімімен амал еткен адамға тіл тигізулері және мазһаб ұстанғандарға “кәпір” деп айтулары, тіпті “Фиқһ кітаптарын оқыған кәпір болады” деген секілді қисынсыз сөздері “Әл-жәрһу ала Әбу Ханифа” және басқа да кітаптарда ашық жазылған. Бұл нәсіпсіздердің бұл ұлы және мүбәрәк имамға бұлайша жала, шабуыл жасауларының себебі не екен? Сірә олар бұл имамға дұшпандық ету бұл үмметтің өткендерінің барлығына дұшпандық етумен бірдей екенін білмейді. (Усули Әрбаа, Китабул мәжид фи ужуб-ит-тақлит)

Имам Ағзам хазреттерінің Хадис ілімінде, тәфсир ілімінде, және басқа бүкіл ислам ілімдерінде шыңда болғанына ең алдымен хадис шәрифтер дәлел және әр ғасырда келген ислам ғұламаларының ол кісі жайлы арнайы жазған кітаптары куә. Бүгінгі таңдағы Имам Ағзамның қатесін таптым деген имансыздардың, ғалым болуы былай тұрсын, мұсылман екендіктеріне қандай дәлел бар?...

Аллаһу та'ала барлық мұсылмандарды адасудан және адасқан жолдардан сақтасын. Барлығымызға төрт мазһаб ғалымдарының хақ болған ижтиһадтарына сай иман және амалдар нәсіп етсін. Қиямет күні олардың мазһабында болып Пайғамбарлармен, сыддықтармен, шәһиттермен және салихтермен бірге тірілуімізді нәсіп етсін. Амин