Дуаланудан (сиқырдан) және жыннан қорғану үшін
Сұрақ: Рухани қиыншылықтардан, қорқыныштардан және дуаны (сиқырды) қайтару үшін не істеу керек? Жыннан қорғану үшін қандай дұға оқу керек?
Жауап: Аллаһу та‘ала барлық нәрсені себеппен жаратқан. Бір нәрсеге қауышу үшін, сол нәрсенің себебіне жабысу керек, яғни сол нәрсенің жаратылуына себеп болатын, сол нәрсеге жеткізетін амалдарды орындау керек. Ал барлық нәрсенің жаратылуына ортақ болған рухани себеп: Садақа беру және 70 рет “Әстағфируллаһ мин кулли мә кәрихаллаһ” дұғасын оқу. Бұл екі рухани себеп материалды себептерді табуға да көмекші болады. Рухани қиыншылықтардың басым бөлігі жыннан және дуаланудан (сиқырланудан) пайда болады. Рухани аурулардан, қояншық ауруынан және жыннан қорғану үшін, құнды кітаптарда білдірілген дұғалардың біршамасын төменде келтірдік, осылардан қолыңыздан келгенінше оқуға тырысыңыз:
1) Әузубисмилләмен Фатиха сүресін оқу керек.
2) Әузубисмилләмен Фалақ және Нас сүрелерін оқу керек.
3) Бір мөлшер суға Аятул-Күрси, Ихлас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқу керек. Дуаланған адам бұл судан үш жұтым ішіп, қалғанымен ғұсыл алуы керек.
4) Самырсын (қарағай) талының 7 дана жасыл жапырағын езіп сумен араластыру керек. Осы суға Аятул-Күрси, Ихлас, Фалақ және Нас сүрелерін оқу керек. Үш жұтым ішіп қалғанымен ғұсыл алу керек.
5) 3 рет салауат және Фатиха, Аятул-Күрси, Ихлас, Фәлақ және Нас сүрелерін 7 реттен оқып ауруға үрлеу керек. Осыларды қайтадан оқып аурудың жататын жеріне, үйдің барлық жеріне, бақшаға үрлеп шығу керек.
6) Фатиха, Аятүл-Күрси, Ихлас, Фәлақ, Нас және Кәфирун сүрелері 7 реттен оқылып ауру адамға үрленсе дуалану, көз тию, жануарлардың тістеп алуына және басқа да бүкіл дерттерге жақсы болады. Тұзға оқып, сол тұзды суда ерітіп ішуге де, тістеп алған жерге жағуға да болады.
7) Таңертең және кешке Бақара сүресінің алғашқы 4 аятын, Аятүл Күрси, Аятул Күрсиден кейінгі 2 аятты және Бақара сүресінің соңындағы 3 аятты жындының үстіне оқыса жақсы болады.
8) Таңертең және кешке 24 рет Әстағфируллаһ деп, содан кейін Әстағфируллаһилазим әлләзи лә илаһә илла һуәл хаййул қаййум уә әтубу иләйһ’ты оқып, одан кейін 11 Ихлас, 7 Фатиха және Аллаһүммә салли ала сәййидинә Мухаммәдин уә ала әли сәййидинә Мухаммәд деп оқып, сауабын Пайғамбарымызды “алейһиссалам”, Сахабалардың, әулиелердің және де аттарын атап”Силсилиа алиа” деп аталатын әулиелердің рухтарына бағыштау керек. Осылардың құрметіне шипа берілуі үшін дұға ету керек. Күнде таңертең және кешке осылай дұға ету керек.
9) Лә хаулә уәлә қууата иллә биллаһил алиилазыйм дұғасын күнде 500 рет оқу керек. Бастағанда және бітіргенде 100 рет салауат айту керек. (Бұған немқұрайлы қарамай, шын көңілмен күнде қалдырмай оқу керек.)
10) Ха-Мим Мүмин сүресін басынан бастап масир деген жеріне дейін және Аятул Күрси оқу керек.
11) Лә илаһә иллаллаһу уаһдәһу лә шәрикә ләһ ләһулмулку уәләһулхамду уә һуә ала кулли шәйин қадир дұғасын оқу керек.
12) Жұма күні таңсәрі уақытында Ниса сүресінің 99-шы аятын уәмән йахруж деген жерінен рахима деген жеріне дейін оң қолына (алақанына) жазып тілмен жалау керек. 40 жылдық дуа болса да қайтарылады.
13) Қояншық ауруынан және жыннан қорғану үшін Аяти хырз оқылуы керек. Аяти хырз дегеніміз мына сүрелер мен аяттар:
Фатиха сүресі.
Бақара сүресінің 1,2,3,4,5-ші және 163,164-ші және 255,256,257-ші және 285,286-шы аяттары.
Али Имран сүресінің 18,19-шы аяттан тек: «Иннәддинә индаллаһилислам» деген бөлігі.
Али Имран сүресінің 26,27-ші және 154-ші аяттары.
Әнам сүресінің 17-ші аяты.
Араф сүресінің 54,55,56-шы аяттары.
Тәубә сүресінің 51,128,129-шы аяттары.
Юнус сүресінің 107-ші аяты
Худ сүресінің 56-шы аяты.
Ибрахим сүресінің 12-ші аяты.
Исра сүресінің 43,110,111-ші аяттары.
Муминун сүресінің 116,117,118-ші аяттары.
Әнкәбут сүресінің 60-шы аяты.
Рум сүресінің 17,18-ші аяттары.
Фатр сүресінің 2-ші аяты.
Ясин сүресінің 83-ші аяты.
Саффат сүресінің 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,180,181,182-ші аяттары.
Фәтх сүресінің 27,28,29-шы аяттары.
Рахман сүресінің 33,34,35,36-шы аяттары.
Хадид сүресінің 1,2,3,4,5-ші аяттары.
Хашр сүресінің 21,22,23,24-ші аяттары.
Жын сүресінің 1,2,3,4,5,6-шы аяттары.
Бурудж сүресінің 20,21,22-ші аяттары.
Ихлас, Фәлақ және Нас сүрелері.
Аяти хырз қалай оқылады?
Дәрет алып 7 истиғфар және 11 салауат айтып, аурудың сауығып кетуіне ниет етіп, күн туғаннан кейін және екінді (аср) намазынан кейін күнде екі рет ауру адамға оқу керек. Ишара қойылған жерлерде аурудың үстіне үрлеу керек. Осыны шипа қонғанша (қырық күнге дейін) жалғастыру керек. Әр біткеннен кейін Фатиха сүресін оқып сауабын Пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”, хазреті Бахауддин Бухаридің, хазреті Ахмед Рифаидің және хазреті Имам Раббанидің рухтарына бағыштау керек.
Құран кәрімнің және дұғалардың әсер етуі үшін мына шарттардың орындалуы керек. Оқып жатқан адамның немесе жазып жатқан адамның бұған сенуі керек, аурудың зиянды тағамдар мен күмәнді дәрі-дәрмектен сақтануы керек. Ыстықтан және суықтан сақтануы керек. Оқып жатқан адамның ақидасының дұрыс болуы, харам жасаудан және құл ақысын жеуден сақтанатын адам болуы керек. Харам, жаман нәрселерді ішіп-жемеуі керек және оқығанына ақы сұрамауы да шарт.
Дұға да дәрі сияқты, Аллаһу та’ала қаласа әсер етеді. Яғни әсерін Аллаһу та’ала беретініне сену керек.