Хижри жаңа жыл
Мухаррам айы – исламдық қамари жылының бірінші айы және Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші түні мұсылмандардың қамари жыл басы түні болып есептеледі. Бұл түнді ғибадатпен өткізу және құрмет көрсету керек. Құрмет көрсету күнә жасамай өткізумен іске асады. Зүл хиджа айының соңғы күні және мухаррам айының бірінші күні ораза тұтқан адам сол жылдың барлығын ораза тұтқандай сауапқа қауышады. Бір хадис шәрифте «Рамазаннан кейін ең құнды ораза мухаррам айында тұтылған ораза болып табылады.» деп бұйырылды.
Хижри қамари күнтізбе Мұхаммед алейһиссаламның Меккеден Мәдинаға хижрет еткен (көшкен) жылынан басталады. Мухаррам айының бірінші күні болған алғашқы қамари жылбасы, григориан күнтізбесі бойынша - милади 622 жылдың тамыз айының 16 жұлдызына сай келетін жұма күні болатын. Қамари күнтізбеде бір жылда 354,367 күн бар. Бұл кезең айдың жерді 12 рет айналған кезеңі. Күн жылынан 10,875 күн қысқа. Сол себептен 32,5 жылда бір жыл артық болады.
Христиандар өз жылбасылары саналатын қаңтар айының 1-түнінде Рождествоны тойлайды. Христиан діні бұйырған (!) күнәларды, күпіршіліктерді істейді. Мұсылмандар да өз жылбасы түнінде қол алысып, телефон немесе хат арқылы бір-бірін құттықтайды. Бір-бірлерінің үйлеріне барып, сыйлықтар береді. Газеттер мен журналдар арқылы да құттықтаулар береді. Жаңа жылдың бүкіл мұсылмандарға берекелі және қайырлы жыл болуы үшін тілек тілейді. Үлкендердің, туыстардың, ғалымдардың үйлеріне барып, олардың баталарын алады. Бұл күнде де мереке секілді таза киініп, кедейлерге садақа береді. Мухаррамның алғашқы 10 күні мен түні қасиетті күндер мен түндер болып саналады.
Ислам діні келмей тұрып араптар мухаррам айында соғысқысы келгенде, сол жылдағы мухаррам айының есімін келесі айға ауыстырып, келесі айды мухаррам айы деп атайтын еді. Осылай харам айы, мухаррамнан кейінгі айға өтетін еді.
«Бір айдың харамдығын басқа айға ауыстыру, тек кәпірлікті арттырады. Кәпірлер осылай адасады. Олар Аллаһтың харам қылған айларының сандарын теңестіру үшін, харам айды бір жыл халал етіп, келесі жылы оны қайтадан харам етеді. Осылай Аллаһтың харам еткенін халал қылуға тырысады.» деген Тәубе сүресінің 37-ші аятымен айлардың орнын ауыстыруға тыйым салынды.
Қасиетті төрт айлардың бірі
Мухаррам айы, Зүл-қада, Зүл-хиджа және Ражап айларымен бірге Құран кәрімде аталған қасиетті айлардың бірі (Тәубе 36)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Айлардың мәртебелісі мухаррам, күндердің мәртебелісі жұма.» (Дәйләми)
«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза, Аллаһу та’аланың айы болған мухаррам айында тұтылған ораза. Парыздардан кейін ең құнды намаз, түнде оқылған намаз болып табылады.» (Муслим, Ибн Мажә, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)
«Нәпіл ораза тұтатын болсаң мухаррам айында тұт. Өйткені ол Аллаһу та’аланың айы. Ол айда бір күн бар, ол күнде Аллһу та’ала өткен қауымдардан біреуінің тәубесін қабыл еткен. Тағы да сол күні тәубе еткен адамдардың күнәларын кешіреді.» (Тирмизи)
Нәпіл ғибадаттардың сауабына қауыша алу үшін, әһли сүннет сенімінде болу, харамдардан қашып, күнәларға тәубе ету, парыздарды кемшіліксіз жасауға тырысу, ол амалды ғибадат ретінде жасауға ниет ету де шарт болып табылады.
Жыл басы дұғасы
Хадис шәрифте былай делінген:
«Кімде-кім мухаррам айының алғашқы күнінде төмендегі дұғаны 3 рет оқыса, Аллаһу Та’ала ол адамды келесі мухаррам айына дейін барлық бәле-жаладан сақтайды:
«Әлхамдулиллаһи Раббил-алемин. Уассалату уәссәламу ала сайидина Мухаммадин уә ала алиһи уә сахбиһи әжмаин. Аллаһумма әнтәл-әбадиул-қадим, әл-хайул карим, әл-ханнан, әл-мәннан. Уә һазиһи сәнәтун жәдидәтун. Әсәлука фиһәл-исмәтә минәшшайтанирражим, уәл аунә ала һазиһиннәфсил-әммарати биссуи уәл-иштиғалә бимә юқаррибуни иләйкә, йа зәл-жәлали уәл-икрам, бирахматикә йа әрхамаррахимин. Уә саллаллаһу уә сәлләмә ала сәйидина уә нәбиинә Мухаммедин уә ала алиһи уә сахбиһи уә әһли бәйтиһи әжмаин».
Бұл дұғаны Ашура күні (мухаррамның оныншы күні) 3 рет оқыған адам келесі мухаррамға дейін өлімнен де амандықта болатыны, өйткені тағдырында өлетіні жазылған адамға бұл дұғаны оқу нәсіп болмайтыны білдірілген.