Зүл-хиджа айының құндылығы
Сұрақ: Зүл-хиджа айы туралы мәлімет бересіз бе?
Жауап: Құрбан айт болатын ай зүл-хиджа айы деп аталады. Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалатын ғибадаттардың қадірі өте жоғары болып табылады. Бұл жөнінде хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Зүл-хиджаның алғашқы күндерінде тұтылған ораза – бір жыл ораза тұтуға, бір түнін ғибадатпен өткізу – қадір түнін ғибадатпен өткізуге тең.» (Ибн Мажа)
«Зүл-хиджа айының алғашқы 10 түнінде жасалған әрбір ғибадатқа 700 есе артық сауап жазылады.» (Бәйһақи)
«Тәруия күні (арападан бір күн бұрын) ораза тұтып және күнә сөз сөйлемеген мұсылманды, Аллаһу та’ала жұмаққа жібереді». (Рамуз)
«Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде ораза тұтқан адам әр күні үшін адал мал-мүлкінен 100 құл азат еткен немесе Аллаһ жолындағы мүжахидтерге 100 ат берген немесе қағбаға құрбандыққа шалуға 100 түйе жіберген адамның сауабын алады.» (Р. Насихин)
«Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінің құндылығы мың күнге тең, Арапа күні болса он мың күнге тең.» (Бәйһақи)
«Аллаһтың алдында зүл-хиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ. Бұл күндері тәсбихті (Субханаллаһ), тахмидті (әлхамдулиллаһ), таһлилді (Лә иләһә илләллаһ) және тәкбірді (Аллаһу әкбар) көп айтыңдар!» (Табарани)
Сахабалар “Ей Расулаллаһ, бұл айдың алғашқы күндері жасалатын амалдар Аллаһ жолындағы жиһадтан да құнды ма?” дегендерінде пайғамбарымыз “Иә, жиһадтан да құнды болады. Бірақ жанын, малын аямай соғысқа барып шаһид болған адамның жиһады өте құнды болады” деп жауап берген.(Бұхари)
Хазреті Әбуддәрда былай бұйырады:
Зүл-хиджа айының алғашқы тоғыз күнінде ораза тұту керек, көп садақа беру керек және көп дұға және истиғфар ету керек! Өйткені Расулуллаһ алеһиссалам “Бұл он күннің игілігі мен берекесінен махрұм қалған адамға обал болсын” деп бұйырды. Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде ораза тұтқан адамның өмірі берекелі болады, мал-мүлкі көбейеді, бала-шағасы бәлелерден қорғалады, күнәлары кешіріледі, жақсылықтарына көп еселенген сауап беріледі, өлерінде оңай жан тапсырады, қабірі жарық болады. Жәннатта жоғары дәрежелерге қауышады. (Шира)
Әр аптада шаш, сақал, тырнақ алу сүннет болып табылады. Хазреті Ибни Абидин «Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде бұл сүннеттерді кешіктіру керек. “Құрбандық шалатын адам зүл-хиджа айы кіргенде шашын және тырнағын алмасын” деген хадис шәриф әмір емес. Яғни бұл амалдарды құрбандық шалғанға дейін кешіктіру мүстаһаб болып табылады» деп бұйырған. Құрбандық шалатын адамның Зүл-хиджа айының бірінші күнінен бастап құрбандық шалғанға дейін шашын, сақалын, мұртын және тырнағын алмауы мүстаһаб болады, бірақ уәжіп емес. Алған жағдайда күнә болмайды және құрбандығының сауабы азаймайды.