Бәрат түні
Бәрат түні - шабан айының 15-ші түні. Құран Кәрім Ләухул махфузға осы күні түсті. Аллаһу та’ала бұрын ешнәрсе жаратпастан бұрын жарататын нәрселерінің барлығын қалады. Олардың бір жыл ішінде болатындарын осы түні періштелерге білдірді. Бұл кеш рақымдылық есіктері ашылып, дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі. Расулуллаһ бұл түні көп ғибадат жасап, дұға оқитын. «Аллаһуммәрзуқнә қалбән тақийән минәш-ширки бәрийән лә кафирән уә шақийән» дұғасын көп оқитын (Риад-ун-Насихин). Шабан айында ораза тұту үлкен сауапты іс.
Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Шабан айы өте қасиетті ай, адамдар бұл айдың үстемдігінен ғафыл(хабарсыз). Бұл айда құлдардың амалы Аллаһу та’аланың дәргейіне шығарылады. Мен ораза тұтқан күйде амалдарымның шығарылуын қалаймын.» (Нәсаи)
«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза, Шабан айында тұтылатын ораза.» (Тирмизи)
«Шабанның он бесінші түні болғанда түнін ғибадатпен, күндізін оразамен өткізіңдер. Ол түні Аллаһу та’ала былай дейді: «Кешірілгісі келетін адам жоқ па, күнәларын кешірейін? Ризық сұрайтын адам жоқ па, ризық берейін? Дертке дауа іздеген адам жоқ па, денсаулық берейін? Кім не қаласа берейін». Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады.» (Ибн Мажә)
«Бұл түні көктердің есіктері ашылады, періштелер мұсылмандарға сүйінші айтады, ғибадатқа шақырады. Бәрат түнінде көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қияметте өкінесіңдер» (Нәсаи, Бәйһақи, А. Мунзири)
«Бұл түні мұсылман туысымен байланысын үзген адам, өзін жоғары санаған және ата-анасына қарсы шыққандар кешірілмейді.» (Бәйһақи)
«Жәбірейіл алейһиссалам маған келді. «Тұр, намаз оқы және дұға ет. Бұл түн шабанның он бесінші түні» деді. Бұл түнді ғибадатпен өткізгендерді Аллаһу та’ала кешіреді. Тек мүшріктерді, сиқыршыларды, палшыларды, сараңдарды, кекшілдерді, мүшахиндерді (әһлибидғат), ішкілік ішетіндерді, өсім беретіндерді және зинақорлық жасайтындарды кешірмейді.» (Табарани)
Хазреті Айша анамыз «Ей расулаллаһ, Аллаһу та’ала сізді күнә істеуден сақтағанымен неліктен Бәрат түнінде көп ғибадат еттіңіз?» деп сұрады. Пайғамбарымыз былай деп бұйырды:
«Шүкір етуші құл болмайын ба? Бұл жылы туылатын барлық бала осы түні дәптерге жазылады. Бұл жылы өлетіндердің есімдері осы түні жеке дәптерге жазылады. Осы түні барлық адамның бір жылдық ризығы бөлінеді. Осы түні барлық адамның істегендері Аллаһу та’алаға ұсынылады.» (Ғүнийа)
«Бәрат түнін олжа, мүмкіндік деп біліңдер! Өйткені, ол - белгілі бір түн. Шабанның 15-түні. Қадір түні өте қадірлі болса да, қай түн екендігі белгісіз. Бұл түні көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қиямет күні өкінесіңдер!» (С. Әбәдийа)
Қияметте өкініп қалмау үшін бұл түнді олжа деп біліп, тәубе етіп, кешірім сұрау керек, қаза намаздарды оқу керек, Құран Кәрім оқып, мұсылмандарға дұға ету керек.
«Шабан айының 15-ші түні дүниені Аллаһу та’аланың рақымдылығы қаптайды, адамдар кешіріледі. Тек ақысыз түрде мұсылмандарға дұшпандық еткен және Аллаһу та’алаға серік қосқан адам кешірілмейді.» (Бәйһақи)
«Шабан айында үш күн ораза тұтқан адамға Хақ та’ала жаннаттан орын дайындайды.» (Әййухал уәләд илмихалы)
«Мына түндерде жасалған дұға қайтарылмайды. Рағаиб түні, Бәрат түні, Жұма түні, Рамазан айт және Құрабан айт түндері.» (И. Асакир)
«Рахмет (рақымдылық) есіктері төрт түні ашылады. Ол түндерде жасалған дұға қайтарылмайды. Рамазан және құрбан айттың бірінші түні, Бәрат және Арапа түні.» (Исфахани)
«Аллаһу та’ала Бәрат түнінде кәпірлерден басқа, мүміндерді кешіреді. Кекшілдерді бұл жаман мінездерін қойғанға дейін кешірмейді.» (Табарани, Бәйһақи)
«Аллаһу та’ала Шабанның 15-ші түнінде мүшрик және мүшахиннен (бидғатшыдан) басқа барлығын кешіреді.» (Ибн Мажә)
«Аллаһу та’ала Шабанның ортасында Бәрат түнінде дүние көгіне тәжәлли етеді. Бәниқалб қауымының қойларының қылдарынан да көп адамның күнәларын кешіреді.» (Ибн Мажә, Тирмизи)
«Төрт түннің күндізі де түні секілді қасиетті. Аллаһу та’ала ол күндерде дұға еткен адамның тілегін қайтармайды, оларды кешіреді және олар бұл күндерде мол ихсанға қауышады. Бұлар: Қадір түні, Арапа түні, Бәрат түні және Жұма түнімен күндері.» (Дәйләми)
Нәпіл ғибадаттардың сауабына қауыша алу үшін әһли сүннет ақидасында болу керек, харамдардан қашып, күнәларға тәубе ету керек, парыздарды кемшіліксіз орындауға тырысу керек және ол амалды ғибадат ретінде орындауға ниет ету керек.
Хазреті Хасан Басри Шабанның 15-ші күні мазардан шыққандай болып жүзі бозарып тұратын. Бұл ренішінің себебін сұрағанда «Илми яқинмен білемін күнәларым бар. Күнәм кешірілмесе, сауаптарым да қабыл болмаса халім не болады деген қорқыныштан жүзім бозаруда.» деп жауаптаған екен.