Сұрақ: Жалпылама айтқанда, кімдер жәннаттық, кімдер тозақтық болады?
Жауап: Аллаһу та’алаға сенген, Оның әмірлері мен тыйымдарына мойынсұнған, барлығын қабылдаған адам, яғни мұсылман болып жан тапсырған адам жәннатқа кіреді. Ал мұның терісі болған адам тозаққа кіреді. Жалпы айтқанда, жақсы мінезділер жәннатқа, жаман мінезділер тозаққа кіреді. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
Сұрақ: Екі баламыз бар – бір ұл, бір қыз. Екеуі де өтпелі жасына келді. Бірақ соңғы бір-екі жылда қатты өзгерді, ашушаң болып кетті, насихатты тыңдамайды, сөз қайтара бастады, тіпті бізге ұрсатын болды. Осы жағдайға байланысты күйеуім екеуіміз бала тәрбиесіне қатысты кітаптарды оқыдық, бұл нәрселер өтпелі жас үшін қалыпты жағдай екен, махаббатпен, мейіріммен қарау керек, оларға дос болу керек екен. Мұны да сынап көрдік, бірақ ештеңе өзгермеді. Сіздің бізге айтар кеңесіңіз бар ма?
Жауап: Диагноз дұрыс қойылмаса, ем де қате болады, әрі ешқандай нәтиже бермейді. Бір бала ақылы кіріп балиғатқа толған кезде, яғни ер жету, бой жету жасына келгенде мукәлләф болады, яғни дініміздің бүкіл әмірлері мен тыйымдарынан жауапкер болады. Иманның шарттарын, яғни «Әмәнту...»-ды мағынасымен бірге түсініп айтуы, Исламның бес шартына сенуі, міндеттерін орындауы парыз болады. Ғұсыл алуы, дәрет алуы, намаз оқуы парыз болады. Ата-аналар мен жастар бұған мән бермейтін болса, күнәға түсуімен қатар, тыныштық та таппай кетеді.
Сұрақ: Мусафаха деп аталатын қол алысу қалай жасалу керек, жалпы мусафаха деген не?
Жауап: Мусафаха – екі адамның оң қолдың алақандарын бір-біріне жабыстырып, екі бас бармақтың жандарын бір-біріне тигізу деген сөз. Төрт қолмен орындалуы жақсырақ болады. Екі мұсылман сүйіспеншілікпен мусафаха жасап қол алысатын болса, күнәлар төгіледі. Мусафаха сүйіспеншілік және достықты тудырады. (Мәрақил фәлах)
Сұрақ: Адам өзінің мұсылман екенін біле алады ма? Иманның белгісі қандай?
Жауап: Иман – «Әмәнту...»-де білдірілген алты шартқа сену деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:
«Иман – Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ахирет күніне (яғни қияметке, жәннатқа, тозаққа, сұраққа, мизанға), тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екеніне, өлімге, өлгеннен кейінгі тірілуге сену деген сөз. Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және мен Оның құлы және расулы екеніме куәлік ету деген сөз.» (Бұхари, Мүслим, Нәсаи) (Бұларды жүрекпен растау да шарт болып табылады.)
Сұрақ: Хиджаб кигеннен кейінгі әйел баласының жасауына болмайтын нәрселері жайында толығырақ жазып жіберсеңіздер?
Жауап: Мұсылман әйелге хиджаб кисе де кимесе де жасауға болмайтын нәрселері бірдей. Хиджаб киген әйелге харам болатын нәрселер хиджаб кимеген әйелдерге де харам болады. Бірақ сонда да хиджаб кигеннен кейін әйелдің бүкіл жүріс-тұрысына, қимылдарына бұрынғыға қарағанда өте мұқият болуы талап етіледі. Себебі хиджаб киген әйелдің істейтін әрбір қопал қылығы және айтатын әрбір сөзі «мұсылмандардың барлығы осындай екен» деген оймен қарсы алынады. Сол себепті хиджаб киген бір қыздың жұмыс орындарында, қоғамдық жерлерде басқа кісілермен келіспеушіліктерге, жанжалдарға араласуы бүкіл хиджаб кигендердің барлығының атына кір келтіреді. Сондықтан хиджапты әйел әркезде артықша әрекеттерден, сөздерден тиылып, халық арасында мұсылман әйел деген атқа лайықты, үлгі боларлықтай өмір сүруі керек.
Хиджр – достықты тәрк ету, араздау, ренжісу деген сөз. Мұсылманның дін бауырына ренжіп, ашуланып үш күннен көп араздауы харам болып табылады. Мұсылмандар исламға мойынсұнбаса оларға араздау, мұсылмандық міндетіне шақыру парыз. Хадис шәрифте:«Мұсылманның мұсылманға үш күннен артық хиджр етуі, араздауы халал болмайды. Үш түннен кейін оған барып сәлем беруі уәжіп болады. Сәлеміне жауап берсе ортақ сауапқа ие болады. Жауап бермесе күнәсі оған болады» делінген.
Исламға толық мойынсұну – ілім, амал және ықыласпен (ихлас) жүзеге асады. Барлық сөзде, барлық жағдайда және барлық әрекетте өздігінен пайда болатын ықылас “мұхлас” адамға нәсіп болады.
Ықылас (ихлас) – халис, таза ету, ниетті тазарту, дүниелік пайдаларды ойламай бүкіл істерді, әрекеттерді тек Аллаһ үшін жасау дегенді білдіреді.
Ықылас денемен немесе мал мүлікпен жасалатын бүкіл парыз немесе нәпіл ғибадаттарды, мәселен жақсылық, қайырымдылық жасау, мұсылмандарды қуанту, оларды қиыншылықтан құтқаруды, зікірді, истиғфарды Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) хазіреті Әбу Бәкір, Амир бин Фухәйра (радиаллаһу анһум) және жол бастаушылары Абдуллаһ бин Урәйқит хижреттің 1-жылы рабиул-әууәл айының 8-іне Куба ауылына жетеді. Бұл күн мұсылмандардың хижри шәмси жылының жыл басы болды. Күлсүм бин Хидм (радиаллаһу анһ) деген бір мұсылманның үйінде тұрды. Осы жерде алғашқы мешітті салды. Кубада алғаш рет жұма намазын оқып, алғаш рет хутба оқыды. Куба мешіті аяти кәримәда «Тақуалыққа негізделіп салынған мешіт» («Тәубе» сүресі, 108) деп мадақталды.
Хазіреті Аммардың әкесі Ясәр, анасы Сумәййә, бауыры Абдуллаһ бүкіл жанұя болып мұсылмандықты қабылдаған еді. Мүшриктер хазіреті Аммардың анасына, әкесіне және бауырына Аммардың өзіне көрсеткеннен де көп азап көрсететін. Азаптау кезінде оларға күпірлік сөздерді айтқызғылары келетін, бірақ олар: «Терімізді сыпырсаңдар да, етімізді тілім-тілім етіп кессеңдер де сендерді тыңдамаймыз» деп жауап беріп: «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммәдән Расулуллаһ» дейтін. Сондай күндердің бірінде Батха деген жерде Ясәрдің жанұясына мүшриктер тарапынан қорлық көрсетіліп жатқанда Расулуллаһ алейһиссалам сол маңнан өтіп бара жатады. Сахабаларының бұл жағдайын көріп, қатты ренжиді. Хазіреті Ясәр: «Йа, Расулаллаһ! Уақытымыз тек осындай азаптармен өте ме?» деп сұрағанда пайғамбарымыз: «Сабыр етіңдер, ей Ясәр жанұясы! Қуаныңдар ей Аммардың жанұясы! Күмәнсіз, сендердің сый алатын орындарың жұмақ» деді.
Хабашстандағы мұсылмандар «Меккеде мүшриктер мен мұсылмандар келісім жасасыпты» деген жалған хабар алғаннан кейін, оларға «Біздің хижретіміз (көшуіміз), жеріміз бен елімізді тастап кетуіміз мүшриктердің дұшпандығы кесірінен болатын. Енді олардың дұшпандығы достыққа айналыпты. Олай болса, барып Расулуллаһқа қызмет етейік» деген ой келді. Сөйтіп, Хабашстан билеушісінен рұқсат алып, Меккеге келді. Алған хабарларының жалған екенін білді. Сосын пайғамбарымызға барып, Хабашстанның суының, ауасының және жемістерінің нәрлі, күш беретінін, төрт ғибадатхана бар екенін, күнде ол жерде түйелер, қойлар сойылатынын, кедей-ғаріптер шақырылып, оларға жақсы мәміле көрсетілетінін, билеушілердің келіп жағдай сұрап тұратындығын және қиыншылықтарының жойылғанын ұзақ отырып әңгімелеп, Хабашсанға көңілі толатындықтарын білдірді.