Әууәбин намазы
Сұрақ: Әууәбин намазы деген қандай намаз, қалай оқылады?
Жауап: Ақшам намазынан кейін оқылатын нәпіл намазға «Әууәбин намазы» делінеді, бұл намазды оқу мүстаһаб. Алты рәкат етіп оқылады.
Барлығын бір сәлеммен немесе екі рәкатта бір сәлеммен оқуға болады. Екеуінде де алғашқы екі рәкаты ақшам намазының сүннеті орнына саналады. Бұл намазды сүннеттен кейін бөлек оқуға да болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Ақшам намазынан кейін алты рәкат намаз оқитын адамның күнәлары теңіз көбігіндей болса да кешіріледі.» (Табарани)
«Ақшам намазынан кейін арасында жаман нәрселер айтылмастан алты рәкат нәпіл намаз оқу, он жылдық ғибадатқа тең болады.» (Тирмизи)
Әууәбин намазын оқитын кезде қазаға ниет етілсе, әрі осы үлкен сауаптарға қауышқан болады, әрі қазасының қарызы өтелген болады. Қазадан қарызы бар адам қазаға ниет етпестен нәпіл болған әууәбин намазын оқыса, бұл сауаптарға қауыша алмайды. Өйткені хазреті Әли жеткізген бір хадис шәрифте былай делінген:
«Парыз намазынан қарызы болған адамның нәпіл намаз оқуы, босануы жақындаған жүкті әйелге ұқсайды. Босанатын уақыты жақындаған кезде баласын түсіріп алады. Енді оған жүкті де, ана да делінбейді. Қаза қарызы болған адам да осы сияқты, парыз намаздарын өтемегенше Аллаһу та’ала оның нәпіл намаздарын қабыл етпейді.» (Футух-ул ғайб, 48)