Ата-ананың бала алдындағы міндеттері
Сұрақ: Баланың ата-анасында болған ақылары қандай?
ЖАУАП: Біршамасы мыналар:
1) Болашақта бала анасымен жамандалмауы үшін, балаға ана болатын қызды жақсы жерден таңдау керек. Салиха қыз болуына үлкен мән беру керек!
2) Балаға жақсы есім қою керек! Хадис шәрифте: «Балаға жақсы есім қою – перзенттің әкесіндегі ақыларынан» делінген. (Бәйһақи)
Ахмед, Мұхаммед, Махмуд сияқты сүйікті пайғамбарымыздың есімдерін қою керек. Аллаһу та’ала: «Сүйіктімнің есімінде болған мұсылманға азап беруге ұяламын» - деп бұйырған. Пайғамбарымыз да: «Үш ұлы бола тұра, біріне менің есімімді бермеген адам надандық еткен болады» - деген. (Табарани)
3) Балаға жақсы тәрбие беру керек! Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Балаға жақсы тәрбие беру, баланың әкесіндегі ақыларынан.» (Бәйһақи)
«Балаларыңа игілік етіңдер, оларды әдепті, тәрбиелі етіп өсіріңдер!» (Ибн Мажә)
«Баланы тәрбиелеу, немерелерге садақа беруден де асқан сауап.» (Тирмизи)
4) Балаға мейірімді мәміле жасау керек! Сүйікті пайғамбарымыз немересін сүйген кезде, біреу көріп: «Йа Расулаллаһ! Менің он бала-шағам бар. Бірақ ешбірін сүймеймін.» - деді. Оған: «Мейірімділік етпеген, мейірімділік көре алмайды» - деп жауап берді. (Бұхари)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Балаларыңды көп сүйіңдер, әр сүйгендеріңде жәннаттағы дәрежелерің өседі.» (Бұхари)
«Баланың иісі – жәннат иісі.» (Табарани)
5) Балаларға бетдұға (қарғыс) айтпау керек. Хазіреті Ибн Мүбәрәк баласынан шағымданып келген адамға «Балаңа бетдұға еттің бе?» - деп сұрайды. «Иә» деп жауап бергенінде «Онда балаңның мінезін сен бұздың!» - дейді.
6) Бала-шағаға жақсылық ету керек! Хадис шәрифте былай бұйырылған:
«Бала-шағаларыңа игілік етіңдер, ата-аналарыңның сендерде ақысы болғанындай, балаларыңның да сендерде ақысы бар» (Табарани)
7) Балаларды халал азықпен қоректендіру керек! Харам азықтың әсері баланың табиғатын бұзады, балада бұзық әрекеттердің пайда болуына себеп болады. Хадис шәрифте: «Жеп ішкендерің халал, таза болсын! Балаларың осылардан қалыптасады.» - деп бұйырылған. (Риядун-Насихин)
8) Әкенің баласына ілім, әдеп және кәсіп үйретуі парыз. Алдымен Құран кәрім оқуды үйрету керек. Кейін иманның және исламның шарттарын үйрету керек. Жеті жасынан бастап намаз оқуға әдеттендіру керек. Дүниеде және ахыретте құтылу ілім арқылы жүзеге асады. Балаға дін ілімдерін үйреткеннен кейін оқуға жіберу керек, колледж және университет оқыту керек. Дінін үйренбестен мектепке жіберілсе, бұларды үйрену үшін бос уақыт таба алмайды. Дін дұшпандарының тұзақтарына түсіп, олардың жалғандарына алданады. Дінсіз және ислами әдептен махрұм болып жетіледі. Дүние мен ахыретте пәлекетке душар болады. Елге зиянды болады. Өзіне және басқаларға жасаған жаманшылықтарының күнәсі, ата-анасына да жазылады. Баласына дін ілімдерін үйретпей тұрып кәпір және христиан мектептеріне жіберудің зияндарының үлкендігі Иршад-ул хияра кітабында баяндалған.
9) Бала балиғат жасына келіп, ес тиып, үйленгеннен кейін оған былай деу керек:
«Балам, саған тәрбие бердім. Оқыттым, үйлендірдім. Дүниеде пәлекетке ұрынбауың үшін, ал ақыретте азапқа ұшырамауың үшін Аллаһу та’алаға сиынамын. Есіңді жиып, осы айтқаныдарым бойынша өміріңді ретте!» (И.Хиббан)
10) Хазіреті Ахнеф бин Қаис айтады:
«Бала-шаға үшін қиыншылықтарға төзу керек, олардың аяғының астына жұмсақ жер, бастарының үстіне көлеңке болуымыз керек! Оларға қатал болмайық, бізден алыстамасын. Бізден жалығып өлімімізді күтпесін. Дұрыс қалауларын орындап, ашулы, өкпелі кездерінде жұбатуға тырысуымыз керек!»
11) Балалар арасында әділеттілікке мән беру керек. Хадис шәрифте былай делінген:
«Сыйлық беретін кезде балаларыңның арасында теңдікке мән беріңдер!» (Табарани)
12) Хазіреті Фудайл бин Ияд былай деген:
«Ата-анасына жақсылық еткен, туысқандарымен араласып тұрған, дін бауырымен сыйласып, көмекші болған, бала-шағасымен, қызметшілерімен жақсы қарым-қатынаста болған, дінін қорғаған, мал-мүлкін жақсы жерлерге жұмсаған, тілін тиып, көздерін харамдардан сақтаған, орынсыз істерден бойын аулақ ұстаған және Раббына ғибадат еткен адам бақытқа жеткендерден.»
13) Балаға орындай алмайтын нәрселерін бұйырмау керек. Мұндай әмірлер айтып баланы бағынбаушылыққа итермелемеу керек. Бір салих кісі ұлынан ешнәрсе сұрамайтын. Себебі сұралғанда: «Бір нәрсені орындауын талап еткен кезімде, ұлымның маған қарсы шығуынан қорқамын. Қарсы келетін болса, жаһаннамға лайық болады. Ал мен ұлымның тозақ отында жануына разы бола алмаймын.» - деген екен. Хадис шәрифте: «Бақытты болудың белгілері мыналар: Салиха жар, айтқаныңа бағынатын бала-шаға, салих, адал дос.» - делінген. (Хаким)
Перзенттің де ақысы бар:
Бір адам хазіреті Омарға келіп, ұлынан шағымданады. Хазіреті Омар бұл кісінің баласына айтады:
– Иманнан кейінгі бірінші міндетіміз ата-анамызды ренжітпеу. Олар қаншалықты жаман болса да, бүкіл нәрседен жоғары тұратын ақылары бар. Оларды ренжіткен адамның ғибадаттары қабыл болмайды. Мұсылман болып туылуымызға және мұсылман болып жетілуімізге себеп болған ата-анамызды ренжітсек жәннатқа қалай кіреміз? Олар бізді ұрысса да, жалынып олардың көңілдерін аулауымыз керек. Мұсылман ата-анамыз бізден разы болмағанша, Аллаһу та’аланың сүйікті құлы болу өте қиын.
– Йа Амир-ул муминин! Айтқандарыңды толығымен қабыл етемін. Бірақ баланың ата-анасында ешқандай ақысы жоқ па?
– Иә, баланың да ақысы бар. Үйленетін кезде баласына қызды немесе әйелді жақсы жанұядан таңдауы, баласына жақсы есім қоюы және дінін үйретуі керек.
Бала хазіреті Омарға былай деп жауап берді:
– Әкем маған ешқандай тәрбие бермеді. Ал анам, қара нәсілді мәжусидің (отқа табынушының) қызы еді. Есімімді «Қарақоңыз» деп қойған. Аллаһу та’аланың кітабынан бір әріп те үйретпеді. Өкінішке орай, дінім жайында еш нәрсе білмеймін.
Сонда хазіреті Омар баланың әкесіне қарап:
– Маған келіп ұлыңнан шағымданып жатсың. Ал негізінде сен оның ақысын жеген екенсің. Ол саған жамандық етуден бұрын, сен өзің оған жамандық еткен екенсің,-дейді.
Сұрақ: Кейбір адамдар: «Бала діни сабақтарды тек қана мектеп бітіргеннен кейін, тіпті университеттен кейін үйренуі керек. Одан бұрын үйренетін болса, ақылы айнып кетеді. Жаратылыстану білімдерін үйренуі және оған сенуі қиын болады.» - дейді. Сонда балаларға кіші жасында дінді үйрету керек емес пе?
Жауап: Жаратылыстану білімдері діни білімдерден бөлек емес. Жаратылыстану білімдері онсызда Ислам ілімдерінің бір тармағы. Ислам ілімдерін үйренген адам жаратылыстану білімдерін де үйренеді. Әр мұсылман, бала-шағасына және қол астындағыларға дінін үйретуге жауапты. Бір хадис шәрифте былай делінген:
«Барлығың бір үйірдің бағушысы секілдісіңдер. Бағушы үйірін қорғағаны секілді сендер де үйлеріңдегі және қол астыларыңдағы адамдарды жаһаннамнан қорғауларың керек! Оларға Мұсылмандықты үйретпесеңдер олар үшін жауапты боласыңдар!» (Мүслим)
Бір аяти кәримада былай делінеді:
«Ей иман келтіргендер! Отыны адам және тас болған тозақ отынан өздеріңді және бала-шағаларыңды қорғаңдар!» (Тахрим 6)
Жақсылыққа да, жамандыққа да себеп болғандар, жасалған амалға ортақ болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Дінімізде жақсы жол ашқан адам, онымен амал еткендер сияқты сауапқа қауышады, олардың сауабы да еш азаймайды. Ал кімде кім, дінімізде жаман жол ашатын болса, онымен жүргендердің күнәсі оған да беріледі. Жаман жолдағылардың күнәсі еш азаймайды.» (Мүслим)
«Жақсылыққа жол сілтеген, себепші болған адам, сол амалды орындағандай сауапқа қауышады.» (Табарани)
«Бір мұсылман перзенті ғибадат еткен кезде, алған сауабының мөлшеріндей әкесіне де беріледі. Ал кімде кім баласына дінді үйретпей, күнә болған нәрселерді үйрететін болса, бұл перзент қаншалықты күнә істесе, әкесіне де соншалықты күнә жазылады.» (С.Әбәдийа)
«Баланы жастан» және «Бала тәрбиесі бесіктен» деген сияқты аталарымыздың даналық сөздері белгілі. Әр нәрсе өз уақытында жасалады. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Бала кезде үйренілген нәрсе, тас үстіне қашалған жазба сияқты қалады. Ал қартайған кездегі үйрену болса, судың үстіне жазылған жазуға ұқсайды.»(Хатиб)
Олай болса, ең алдымен бала-шағамызға дініміздің әмір мен тыйымдарын және Құран кәрімді үйретуіміз керек. Кейінге қалдыруға болмайды. «Хәләкәл мусәууифун» деген хадис шәриф бар. Мағынасы:«Қайырлы істеріңді дереу орындаңдар. Ертеңге қалдырмаңдар, әйтпесе құрисыңдар» - дегенді білдіреді. Қайырлы істердің біріншісі және ең маңыздысы бала-шағаға Исламды үйрету. Әрбір мұсылман осы бірінші міндетті дереу орындауы, ертеңге қалдырмауы керек.