Сұрақ: Некені қалай жаңартуға болады?

Жауап: Неке жаңарту дегеніміз – жаңадан неке қию деген сөз. Мұны мешітке имамның алдында жасау қажет емес. Жалғыз бір адамның некені жаңартуы жеткіліксіз. Еркек пен әйелінің екі еркек немесе бір еркек пен екі әйел куәгер жанында неке жаңартулары керек. Оңай болу үшін некені жаңалау үшін жұбайынан өкілдік алу керек.

Некені жаңалау үшін әйелінен өкілдік алғаннан кейін екі еркек куәгердің жанында «Бұрыннан бері некеде болған әйелімді, оның тарапынан өкілі ретінде және өз тарапымнан асыл ретінде оны өзіме некеледім» делінсе, неке жаңаланған болады. Егер алдыңғы неке сахих (дұрыс) болмаған болса, онда осы неке сахих болады. Еркек әйелінен өкілдік алмастан куәгерлердің алдында неке жаңарта алмайды.

Әйелдің неке жаңарту үшін күйеуіне «Некемізді қию үшін сені өкіл еттім» деп айтуы жеткілікті. Өкілдікті қайтып алмағанша өмір бойы осы өкілдік жарамды болады. Өкілдік берген кезде куәгер керек емес.

Әйелінен өкілдік алып, тәждиди иман мен тәждиди никах дұғасы пасық болса да екі мұсылман куәгер жанында оқылса, ол екі кісі де осы дұғаның неке жаңарту дұғасы екендігін білетін болса, неке тағы жаңаланған болады. Екі еркек немесе бір еркек пен екі әйел куәгер болмай, тек қана бұл дұғаны оқумен неке жаңаланбайды.

Еркек пен әйел куәгерлердің мұсылман, ақылды және балиғат жасқа толған болуы шарт. Некесі жаңартылатын еркек пен әйелді танулары да керек. Ата, әже, әке, ана, көке, тәте деген сияқты туыстар да куәгер бола алады.

Мешітте имам тәждиди иман және неке дұғасын жамағатпен бірге оқыса, жамағат бір-біріне куәгер болып, некелері де жаңарған болады.

Тәждиди иман және тәждиди никах дұғасы:

«Аллаһумма инни уриду ән ужәддидәл иманә уәнникаха тәждидән би қаули лә илаһә иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ.»

Өкілдікпен неке жаңарту

Сұрақ: Некедегі ерлі-зайыптылардың екеуінен де өкілдік алған адам олар жоқ кезде некелерін қалай жаңартады?

Жауап: Неке жаңарту – жаңадан неке қию деген сөз. Өкіл некелері жаңаратын ерлі-зайыптыларды танитын, екі еркек мұсылман куәгердің алдында «Өкілі мен болған пәленше әйелді, өкілі мен болған түгенше кісіге үйлендірдім» десе, некелері жаңаланған, яғни жаңадан некелері қиылған болады.