Береке деген не?
Сұрақ: Ел ішінде “Табысы аз болса да өзі берекелі болды” және “Берекесін көр! Берекелі болсын.” деп жатады. Береке деген не? Берекенің дініміздегі орны қандай?
Жауап: Береке – аз табыстың көп пайда әкелуі, көп іске жарауы деген сөз. Аз нәрсе берекелі болса көп адамның ісіне жарайды, көптеген жақсы істер жасалуына да септігін тигізеді. Берекесіз көптеген нәрселер бар, олар иесіне бұл өмірде де, ахыретте де пәлекет әкеледі. Сол үшін дүние-мүліктің көп болуын емес, берекелі болуын тілеу керек. (Кимйа-и Сәадәт)
Берекелі болудың дініміздегі орны ерекше. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Сауда-саттықта көп ант ету ол заттың берекесін қашырады.» (Мүслим)
«Саудада береке бар, саудаға өтірік, қиянат араласқан кезде берекесі кетеді.» (Бұхари)
«Үйінен ерте шыққан адамның ісі берекелі болады.» (Бәззар)
«Намаз оқитын адамның ризығы берекелі болады, оқымайтын адамның ризығы берекесіз болады.» (М. Жәннә)
«Несие сауда-саттықта, қарыз беруде және арпалы нанда береке бар.» (Ибн Мажә)
«Әнші мен өсімқордың (пайызға ақша беретін адам) табысында береке болмайды.» (Дәйләми)
«Ризығына разы болған адамның берекесі артады, разы болмаған адамның ризығы берекесіз болады.» (Ахмед)