Дәрет, ғұсыл және тәйәммумнiң пайдалары
Ғибадат мақсатымен орындалған әрбiр тазалық денсаулығымыз үшiн орасан зор пайда келтіреді. Тәндiк пайдамен бiрге рухани пайдасы да бар. Солардың ішінен кейбіреулерін көрсете кетсек:
1. Күнделікті өмiрiмiзде қолымызбен қаншама микроптарды ұстаймыз. Дәрет алғанда қол, бет және аяқтарды жуу терi ауруларының алдын алып осы микроптарға қарсы қорғаныс болады. Ал микроп, паразит және бактериялардың кейбiреулерi денеге терi арқылы да кiредi.
2. Дәретте мұрынды жуу тыныс алу мүшесінде жиналған шаң және микроп жиынтықтарын кетіріп, организмге енуінің алдын алады.
3. Беттi салқын сумен жуу терiнi қуаттандырып бас ауруын жазып әрі шаршағанды басады. Тамырлар мен нервтердi әрекетке келтіріп, жұмысын реттейді. Әр дайым дәретті жүрген кісілердің қартайса да жүзіндегі жылылықтың жоғалмауы осы себептен.
4. Жүнiпке себеп болатын жағдайларда көп энергия жұмсалып, жүректің соғуы мен қан айналу және тыныс алу жылдамдығы артады. Организмнің зорығуы нәтижесінде шаршау, әлсіреу сезіліп, мый функциялары баяулайды. Ғұсыл организмді бастапқы қалпына келтіреді. Дененi белгiлi уақыттарда жуып тұру гигиеналық тұрғыдан өте маңызды.
5. Адам организмі био-электрлiк өріспен қапталған. Дененiң саулығы осы электрлік теңдікпен тікелей байланысты. Психологиялық депрессия, ауа-райы шарттары, киім-кешек, тұрмыс, жұмыс шарттарының әсері және ғұсыл қажет ететін жағдайларда осы теңдік бұзылады.
Бұл электрлік жүк, адам ашуланғанда қалыпты жағдайдан төрт есе, ал жүніп болғанда он екі есе артып кетеді. Кәзіргі таңда инфра қызыл сәулелерімен дене сыртының арнайы суретін түсіру арқылы жыныстық қатынастан кейін дене сыртының тым артық зиянды электр қабатымен қапталғаны анықталған. Осы қабат организмнің оттегі алу процесіне кедергі болатынындай тері реңінің бұзылып тез әжім түсуіне де себеп болады. Бұл жағдайдан құтылу үшін денеде ине ұшындай құрғақ жер қалдырмай жуыну керек. Осылайша су тамшылары организмде қалыптасқан зиянды электр қабатын алып топыраққа өткізу арқылы денені бастапқы қалпына келтіреді. Бұл тұрғыдан ғұсыл, медицина жағынан міндетті түрде істелінуі керек.
6. Дәрет және ғұсылдың қан айналу системасына да айтарлықтай тигізетін әсері бар. Мысалы, тамырлардағы қатаю және тарылудың алдын алады. Ленф системасының ең маңызды орталықтарының бірі - мұрын іші жуылғанда оған әсер етіп, жұмысын жақсартады. Мойынның жуылуы да ленф системасына әсер етеді. Нәтижесінде дәрет және ғұсыл ленф айналымын жеңілдетіп, ленфосит деген күресуші клеткалар организмді зиянды нәрселерден қорғайды және де иммунитетті күшейтеді.
7. Су табылмаған жағдайда топырақпен алынған тәйәммум де денедегi статик электрін кетiредi.