Рамазанда саламатты азықтану
Сұрақ: Рамазанда денсаулық тұрғысынан ішіп-жегенде мән берілуі керек болған қандай ерекшеліктер бар?
Жауап: Бір дәрігер досымыздың берген жауабы мынадай:
Рамазан айында жүйесіз азықтанған адамдарда әлсіздік, депрессия, асқазанның ауруы және ас қорыта алмауы, қан қысымының төмендеуі сияқты көптеген денсаулық проблемалары байқалуы мүмкін. Сәреге тұрмау немесе сәреде көп мөлшерде майлы тағамдар жеу, ал ауызашарда көп мөлшерде және әр түрлі тағамдар, қан құрамында шекерді тез көтеретін азықтарды жеу, тамақты тез жеу және жеткілікті шамада су ішпеу дұрыс емес. Ауызашар мен сәреде ауыр, майлы тағамдар орнына жеңіл, пісірілген және көкөнісі басым тағамдарды таңдау керек.
Кеңестеріміз мынадай:
1) Азық ретінде теңдестірілген ауызашар дастарханын әзірлеуге мән беру керек.
2) Ауызашарда ең алдымен жеңіл, майсыз тағамдар жеу керек. Көп жеу бос тұрған асқазанға ауыртпалық келтіреді. Бұл жағдайда асқорыту қиындай түседі, асқазанда ауырлық, қыжыл, жүрек айну, іштің қатуы, іштің кебуі сияқты денсаулық проблемалары туындайды. Сондықтан ауыз ашқан кезде құрма, сыр, қызанақ, зәйтүн, арпа наны сияқты таңғы ас тағамдарын немесе сорпа, ет қосылған көкөніс тағамы сияқты жеңіл тағамдармен ауызашарды бастау керек, асқорытуға 15-20 минут ажыратқаннан кейін майы аз, отқа піскен етті тағамдар, бұршақ тұқымдастар, көкөніс тағамдары, салаттар, айран сияқты тағамдармен жалғастыру керек.
3) Қан құрамындағы шекер деңгейін өте тез көтеретін ақ нан, күріш палауы сияқты глисемикалық көрсеткіші жоғары болған азық-түліктер орнына арпа жармасы, арпа наны және арпа макароны сияқты глисемикалық көрсеткіші төмен болған тағамдарды таңдау керек.
4) Тамақты ақырындап, жақсылап шайнап жеу керек.
5) Ауызашарға қуырылған және майлы азықтардың орнына торлы табада, суда, буда пісіру сияқты түрлермен пісірілген жеңіл тағамдарды таңдаған жөн.
6) Тәттілер ретінде сүтті тәттілерді таңдау керек.
7) Ауызашар мен сәре арасында 2 – 2,5 литр су немесе сусындар ішу керек.
8) Жеміс-жидектер жеу керек.
9) Шай және кофе темірдің сіңірілуін азайтатын болғандықтан, тамақтанудан бір-екі сағат өткеннен кейін ішу керек.
10) Ауызашарда, әлі қарын тоймай тұрып темекі шекпеу керек. Ең аз дегенде 20 минуттан кейін шегуге болады. Дененің жасушалары азық күтіп отырғанда бірден никотин және у жиынтығымен жеке қалады. Бұл жағдайда қан қоюланып, инфаркт қаупі артады. Оттегі тасымалдауы қажет болған жасушалар бір сәтте у тасымалдай бастағандықтан, ми жасушалары және басқа да көптеген жасушалар өледі. Денеге өте үлкен зияны тиеді.
11) Кешкі аспен шектелмеу керек, сәреге міндетті түрде тұру керек, аз болса да сәреде тамақ жеу керек және жеңіл тағамдарды таңдау керек. Өте ұзақ аштық кезінде қандағы шекер және қан қысымы төмендейді, бос асқазанда қышқыл секрециясы артады. Ал ертеңіне аш жүру мерзімінің ұзауымен зат алмасу жылдамдығы бәсеңдейді, әлсіздік, бас ауруы байқалады. Сондықтан түнді және ертеңгі күнді аш өткізбеу үшін міндетті түрде сәреге тұру керек.
12) Сәреде желінетін тағамдардың мөлшері мен түрлері өте маңызды. Сәреде майлы және ауыр тағамдар, зат алмасу жылдамдығы бәсең болғандықтан, денеге алынған азықтардың майға айналуы артады.
Сондай-ақ, осылай майлы және ауыр тағамдар жеп, артынша ұйқыға жатқан кезде байыпты асқазан аурулары байқалуы мүмкін. Сәреде бұлардың орнына жеңіл, майлылығы төмен, бір күндік алынуы қажет болған протеин қажеттілігін өтеу тұрғысынан құрамында протеин көп болған, қан құрамындағы шекерді тез көтермейтін полисахаридттерден құралған дастарханды таңдаған жөн.
Сүт, сыр, зәйтүн, арпа наны, сорпа, қызанақ, көкөністер, бұрыш, тосап сияқты таңғы ас тағамдарын немесе сүт, сұлы жармасы, жеміс-жидек сияқты азықтардан тұратын жеңіл дастархан – ең дұрысы. Бір күндік су қажеттілігі 2 – 2,5 литр, күні бойы су іше алмайтын болғандықтан, сәреде мол су ішу керек.