Шайтанның айлалары
Сұрақ: Шайтан адамды қалай алдайды?
Жауап: Ибн Аббас хазреттері айтып беруде:
Пайғамбарымызбен бірге отырғанымызда біреу ішке кіруге рұқсат сұрады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ол – ібіліс.» деді. Хазреті Омар: “Йа Расулаллаһ рұқсат беріңіз мен оны өлтірейін” деді. «Ей Омар, оған белгілі бір уақыт мерзім берілгенін білесің ғой. Есікті ашыңдар кірсін.» деп бұйырды. Шайтан ішке кіріп: “Мен бұл жерге мәжбүр келіп отырмын. Мені Аллаһ жіберді. Адамдарды қалай алдайтынымды айтып беремін.” деді. Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деп сұрады:
– Сенің жақсы көрмейтін және дұшпаның болған адамдар кім?
– Дүниеде ең жек көретінім және дұшпаным болған адамдардың біріншісі сенсің, одан кейін әділ сұлтандар, қарапайым және шүкір ететін, зекетін беретін бай адамдар, жағдайынан шағымданбайтын, сабырлы, қанағатшыл және мұқтаждығын білдірмейтін мұсылман кедейлер, өтірік айтпайтын саудагерлер, ықыласты, ілімімен амал ететін, күмәнді істерден қашатын ғалымдар, ислам дінін жаюға тырысатын мужаһидтер, әмри маруф және нәһи мункәр жасайтындар (діннің әмірімен тыйымдарын үйрететеіндер), адамдарға мейрімді болғандар, тәубә ететіндер, харамнан қашатындар, тақуа болған жастар, үнемі дәретпен жүретіндер, үнемі жақсылық жасайтын жомарттар, ұяты мен ары басым, көркем мінезді және адамдарға пайдалы мұсылмандар, Құран кәрімді тәжуидке сай оқитын қарилер, намазын уақтылы оқитындар және барлық адам ұйықтап жатқанда намаз оқитындар. Мұқтаж адамдарды тауып садақа бергендерді де жақсы көрмеймін.
– Сенің жақсы көретін, досың болған адамдар кімдер?
– Залым патшалар (басшылар), тәкаппар байлар, қиянатшы саудагерлер, ішімдік ішетіндер, жаман жиындарда саз тартып, ән айтатындар, зинақорлар, жетімнің мүлкін жейтіндер, сараңдар, өтірік айтатындар, ғайбат ететіндер, өсекшілер, ұрылар, Аллаһтан басқаның атынан ант ететіндер, екінің бірінде некесімен ант ететіндер, осылайша некелері бұзылып, балалары “уәләди зина” (зинадан туған бала) болады. Парыз қарызы бола тұра нәпілмен айналысатындар, зекет бермей садақа беретіндер, намазға мән бермей кешіктіріп оқитындар, тазалықта, дәретте, намазда уәсуәсә (күмәндана беретіндер) ететіндер, дүниелік үшін ұзақ өмір сүруді қалайтындар, тез ашуланып, ашуын баса алмайтындар – менің достарым және жақсы көретін адамдарым.
– Кімдерді қалай алдауға тырысасың?
– Ең қуатты адамдарымның бір бөлігін ғұламаларға жіберемін. Кейбіреуін жастарға, кейбіреуін шәйхтарға (қарттарға), кейбіреуін кәрі әйелдерге жіберіп мазаларын қашырамын. Бір бөлігін ғибадат ететіндердің, бір бөлігін заһидтердің (дүниеге берілмеген адамның) басына дерт етемін. Өткен үмметтерден бір адам тура жетпіс жыл ықыласпен Аллаһқа ғибадат еткен еді. Бұл ғибадаттарының нәтижесінде оған соншалықты үлкен дәрежеде халдер ихсан етіліп, дұға еткен әр ауруы шипа тауып кететін. Оның соңына түстім. Оған сондай айла-әдістер қолданып, ішімдік ішкіздім, зина жасатқыздым және адам өлтірттім, соңында күпірге түсірдім.
– Ең сүйкімді қасиеттерің не?
– Өтірік пен тәкаппарлық. Өйткені ең алғаш өтірік айтқан және ең алғаш тәкаппарлық еткен менмін. Өтірік айтатын және тәкаппарланатын адамдар – менің достарым. Өтірік айту мен тәкаппарлану маған тән қасиет. Бұл қасиеттер қай адамда қаншалықты көп болса, сол адам маған соншалықты ұқсаған болады.
– Сеніңше ең үлкен күнә не?
– Дүниеге деген сүйіспеншілік және басшы болу (басқару) арманы.
– Бір мұсылман намаз оқығанында, Құран оқығанында, тәубә еткенінде не істейсің?
– Намаз оқығанда мені қояншығым ұстайды. Құран оқығанында еримін, құдды отта еріген қола секілді еримін. Тәубә еткенінде белім қайысады, үсті-басымды, шашымды жұламын, барлық еңбегім зая кетті деп айғайлап шыңғырамын.
Шайтанның тұзақтары
Ібіліс жер бетіне түскенінде Аллаһу та'аладан былай деп сұрады:
– Йа Раб, мені қуып жерге түсірдің. Менің мұнда үйім жоқ.
– Үйің – моншалар болады.
– Қай жерде жиналамын?
– Көшелер мен базарларда.
– Тамағым не болады?
– Бисмиллаһсыз желінген нәрселер.
– Ішетін нәрсем не?
– Арақ-шараптар (Спиртті ішімдіктер).
– Азаным не болады?
– Музыкалық аспаптар.
– Кітабым не? Не оқимын?
– Әдепсіз (ұятсыз) өлеңдер.
– Менің хадистерім не?
– Өтірік сөздер.
– Тұзағыммен қақпаным не?
– Жаман әйелдер.
– Төсектес досым кім болады?
– Бисмиллаһсыз төсекке жататындар мен маскүнемдер.
– Сапарлас досым кім болады?
– Жолға шығарда Менің разылығыма қауышу үшін емес, өз нәпісінің қалауларымен жүретіндердің сапардағы досы боласың.
– Көмекшілерім мен елшілерім кім?
– Бидғатшылар сенің көмекшілерің, сиқыршылар сенің елшілерің.
– Бауырларым кім?
– Мүлкін ысырап ететіндер және жаман жолда жұмсайтындар сенің достарың болады.
Хазреті Имам Ғазали былай дейді:
Әр адамда жабысып, мазасын қашыратын ең кемі бір шайтан болады. Шайтанның беретін уәсуәсәларынан сақтану керек. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Қанның тамырда жүретіні сияқты шайтан да адамның денесінде жүреді. Аштықпен (аз жеумен, ораза ұстаумен) оның жолдарын тарылтыңдар!» (Бұхари)
Шайтанның жүрекке кіретін жолдарының бірі – Аллаһу та'аланың затын (болмысын) ойландыру, күмәнға түсіру. Адамдардың ең ақымағы – ақылына ең көп сенетіні. Адамдардың ең ақылдысы – айыпты өзінен іздейтін және білмеген нәрселерін ғалымдардан сұрайтын адам. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Шайтан: “сені кім жаратты” деп уәсуәсә береді. Ол адам: “Аллаһ жаратты” деп айтса, “Оны кім жаратты” деп уәсуәсә береді. Мұндай уәсуәсә келгенде: “Мен Аллаһ пен Расулына иман еттім” десін!» (Бұхари)
«Аллаһтың жаратқан нәрселерін тәфәккур етіңдер, бірақ затын (болмысын) тәфәккур етпеңдер!» (Әбуш-шәйх)
(Тәфәккур – Ғибрат алатындай, пайдаланатындай етіп ойлану, пікірлеу дегенді білдіреді. Аллаһу та’аланың жаратқан махлұқтарының көркемдігін, жүйелі түрде жаратылғанын ғибрат алып ойлану.)
Уәсуәсә дұға, зікірмен азайып жоқ болады. Сондықтан күнәға бейімделе бастағанда дереу Аллаһу та'аланы еске алу керек, истиғфар (әстағфируллаһ), салауат және дұға оқып шайтанды алыстатуға тырысу керек. Шайтаннан құтылу үшін дінге мойынсұну керек.
Жаман нәрселерді ойлап, жаман жерлерге барып шайтанға көмекші болмау керек! Өйткені хадис шәрифте «Құзға жақын жүргендер бір күні оған құлайды.» делінген. (Бұхари)
"Ислам ахлақы" кітабында былай делінеді:
Шайтанның айлалары көп. Бұлардың оны маңызды: Біріншісі, “Аллаһу та’ала сенің ғибадаттарыңа мұқтаж емес”, дейді. Бұған қарсы: «Салих (жақсы) амалдың пайдасы оны жасағанға» деген мағынадағы Бақара сүресінің алпыс екінші аятын еске түсіру керек.
Шайтанның екінші айласы, “Аллаһу та’ала рахымды, кәрим, сені де кешіреді, жаннатқа кіргізеді” дейді. Бұған қарсы Лұқман сүресінің отызыншы аятындағы: «Аллаһтың кәрим (ұлы, кешірімді) болуы, сендерді алдамасын» және Мәриям сүресі, алпыс үшінші аятындағы, «Жаннатқа құлдарымыздан тақуа (күнә істемейтін) болғандарын мұрагер етеміз» деген мағынасын еске түсіру керек.
Үшінші айласы, “Сенің ғибадаттарыңда әрқашан кемшілік бар. Рия араласқан. Мұндай ғибадаттармен тақуа бола алмайсың. Аллаһу та’ала Маида сүресінде: «Аллаһ тек қана тақуалардың ғибадаттарын қабыл етеді» делінген. Сенің ғибадаттарың қабыл болмайды. Мұның бәрі бос әурешілік. Босқа, себепсіз таяқ жеген хайуан сияқты өзіңді қинап жүрсің” дейді. Бұған қарсы, “Мен Аллаһу та’аланың азабынан құтылу және әмірін орындау үшін ғибадат жасап жатырмын. Менің міндетім, әмірді орындау. Қабыл ету етпеуін, Оның өзі біледі. Шарттары тура және парыздары толық орындалған ғибадаттың сахих болуы күмәнсіз”, деу керек. Парыздарды тәрк ету үлкен күнә. Бұл күнәлардан құтылу үшін ғибадаттарды орындау керек. Ғибадат жасамастан жаннатқа кіру үшін дұға ету күнә. Хадис шәрифте: «Ақылы бар адам нәпсіне ермейді және ғибадат етеді. Ал ақымақ адам нәпсіне еріп, сосын Аллаһтың рахымын күтеді» делінген. Ахиретке қажетті нәрселерді, осы фәни дүинеде дайындау керек.
Шайтанның айлаларының төртіншісі, “Қазірше дүние-мүлік жинау үшін жұмыс істеп, жағдайыңды жасап, рахатқа қол жеткізіп ал, сол кезде емін еркін, алаңсыз ғибадат жасайсың”, деп ғибадат жасауға тосқауыл болады. Бұған жауап ретінде: “Ажал менің қолымда емес. Әр адамның өмірін Аллаһу та’ала әзелде (шексіз бұрын) тағдырға жазған. Бәлкім жақында өлермін. Ғибадат міндеттерімді уақытында орындауға тиіспін”, деу керек. Хадис шәрифте: «Хәләкәл-мусаууифун» деп бұйырылды, яғни бүгінгі міндеттерін ертеңге қалдырғандар зиянға ұшырады, делінген.
Шайтанның айласының бесіншісі, ғибаттарды тәрк еттіре алмаған соң “Тез оқы, уақытыңды жоғалтпа” деп намазды асығыстықпен оқытып, шарттарын, парыздарын толық орындатпауға тырысады. Бұған қарсы “Парыздар өте аз. Бұларды ақырын және шарттарына сай орындау керек. Парыз болмағандарды да шарттарына сай етіп аз орындау, шарттарын нұқсан қылып көп орындаудан жақсы”, деу керек.
Шайтанның айлаларынан алтыншысы рияға ұрынуды кеңес береді. “Адамдар сені көрсін, ұнатсын”, дейді. Бұған жауап ретінде, "Өз-өзіне пайда мен зиян келтіруі ешкімнің өз қолында емес. Осындай әлсіз адам өзгелерге қалай пайда келтірмек? Адамдардан бір нәрсе күту әбестік. Пайда мен зиян беретін тек қана Аллаһу та’ала. Ғибадаттарымды жалғыз Оның өзі көрсе, сол маған жеткілікті",- деу керек.
Жетінші айла ретінде, ғибадаттарға тосқауыл бола алмайтынын түсінгеннен кейін, адамға ужб, яғни ғибадаттарын жақсы көру уәсуәсәсін береді. “Сен сияқты ақылды, көңілі ояу адам бар ма? Қазіргі заманда адамдардың барлығы бұзылып, қараңғылық ұйқысында жатқанда сен ғибадат жасап жатырсың”, дейді. Бұған қарсы “бұл ақыл мен сергектік менен емес. Раббымның маған берген сыйы. Оның сыйы болмаса, мен өз басыммен ғибадат жасай алмаймын”, деп айту керек.
Сегізінші айла ретінде “ғибадаттарыңды жасырын жаса. Сонда Аллаһу та’ала, сенің сүйіспеншілігің мен абыройыңды адамдардың көңіліне орнықтырады”, деп жасырын рияға түсіргісі келеді. Бұған қарсы “мен Аллаһу та'аланың құлымын. Ол менің қожайыным. Ғибадаттарымды қаласа қабыл етіп, қаламаса кері қайтарады. Адамға білдіріп, білдірмеуіне мен араласа алмаймын”, деп айту керек.
Тоғызыншы айла ретінде, “ғибадат жасаудың не қажеті бар? Адамдардың «саид» (жаннаттық) немесе «шақи» (жаһаннамдық) екендіктері әзелде (бастауы жоқ ертеде) тағдырларына жазылып қойған. Маңдайына саид деп жазылған адам ғибадаттарын тәрк етсе де кешіріліп, жаннатқа кіреді. Шақи деп жазылғаны қанша ғибадат жасаса да, пайдасы болмайды, сөзсіз жаһаннамға барады. Олай болса, өзіңді бос әуреге салма! Көңіл көтер, сайран сал”, дейді. Бұған жауап ретінде “мен құлмын, құлдың міндеті, қожайынының әмірін орындау”, деп айту керек. Ол бұған қарсы жауап ретінде “Әмірді орындамағанда азап қорқынышы пайда болса, әмірді орындау қажет болады. Әзелде саид деп жазылған адамда мұндай қорқыныш болмайды” десе, бұған жауап ретінде “Раббым барлық нәрсені біледі және қалағанын жасайды. Қалағанына қайыр (жақсылық), қалағанына жамандық береді. Ешкімнің Одан есеп сұрауға ақысы жоқ”, деп айту керек. Ібіліс, Иса алейһиссаламға көрініп: «Әзелде Аллаһу та’аланың маңдайға жазғандары болады» дейсің, солай ма? деді. Иса алейһиссалам «Иә, солай» деп жауап берді. «Олай болса, өзіңді таудың басынан төмен таста. Егер маңдайыңа тірі болатының жазылған болса, ештеңе болмайды тірі қаласың», деді. Иса алейһиссалам: «Ей малғұн! Аллаһу та’ала құлдарын сынайды. Ал құлдың қожайынын сынауға ақысы жоқ», деп жауап берді. Шайтанның мұндай айласына қарсы «Ғибадат ету пайдалы. Өйткені, маңдайыма саид деп жазылған болса, сауаптардың көбейуі, дәрежелердің жоғарылауы үшін ғибадаттарды жасау керек. Шақи болсам, ғибадат жасамады деген азаптан құтылу үшін, ғибадат етемін» деп айту керек. Ғибадат етудің маған ешқандай зияны болмайды. Өйткені, Аллаһу та’ала хаким. Ғибадат еткендерді азапқа тарту, Оның хикметіне жараспайды. Ғибадатты тәрк етудің, маңдайына саид деп жазылғанға зияны болмаса да, пайдасы жоқ. Олай болса, ғибадатты неге тәрк етуім керек? Ақылы бар адам, пайдалы нәрсені жасайды. Пайдасыз нәрсені тәрк етеді. Маңдайыма шақи деп жазылған болса, жаһаннамға Раббыма дұшпан болып кіргенше, мойынсұнып кіргенді таңдаймын. Сондай-ақ Аллаһу та’ала ғибадат еткендерді жаннатқа кіргізіп, ғибадат етпегендерді жаһаннамда азаптайтынын уәде еткен. Аллаһу та’ала уәдесіне берік. Уәдесінен қайтпайтыны ауыз бірлікпен айтылған.
Аллаһу та’ала барлық нәрсені себебімен жаратқан. Аллаһу та’аланың әдеті солай. Тек мұғжиза мен кереметте ғана әдетін бұзуда. Ғибадаттарды жаннатқа кіру үшін бір себеп еткенін білдіруде. Яғни жаннат ниғметтерін ғибадаттарға сияпат ретінде жаратқан. Хадис шәрифте: «Ешкім жаннатқа ғибадаты себебінен кіре алмайды» делінген. Сияпат басқа, себеп болу басқа.
Шайтан айлаларының оныншысы ретінде “ғибадат ету маңдайыңа жазылған болса, оны орындау мүмкіншілігің болады. Аллаһу та’аланың тағдырға жазғаны өзгермейді. Ғибадат жасауда және тәрк етуде адамдар мәжбүр болуда”, дейді. Шайтанның бұл сөзі алдыңғы айтқан сөздерімен бірдей. Маңдайына саид деп жазылғандарға ғибадат ету нәсіп болады. Шақи делінгендердің тәрк етулері керек болады. Шайтанның бұл айласына қарсы, барлық нәрсені және адамның жақсы, жаман әр ісін Аллаһу та’ала жаратса да, адамдар мен жануарларға «ирада-и жузийа» (таңдау құқығы) берілген. Ирадаи жузийа адамның қалауымен іске асады. Бірақ, мұны адам жаратты делінбейді. Өйткені, ирада (қалау) сыртта пайда болатын, көзге көрінетін нәрсе емес. Ол адамның көңілінде пайда болады. Сыртта пайда болған нәрсенің ортаға шығуына «халқ ету», жарату делінеді. Аллаһу та’аланың «Ирадаи-куллийа»-сы болса, сыртта бар болған бір қуат. Аллаһу та’ала адамның таңдаған нәрсесін жасауы үшін, адамның қалауын себеп қылған. Бұл шарт болмаса да жаратады. Бірақ бұл шартпен, бұл себеппен жаратуы Оның әдеті болып табылады. Пайғамбарларында “алейһимуссалауату уәттәслимат” және әулиелерінде “қаддәсаллаһу та’ала әсрарәһумул’азиз” бұл әдетін (тәртібін) бұзып, себепсіз де жаратқаны көп көрілген. Бұған «керемет» делінеді.